Урок на тему. Средневековая культура Казахстана
ОРТА ҒАСЫРЛАРДА ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Әлменова Нұргүл Айкөргенқызы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің екінші санатты тарих пәні оқытушысы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын және сәулет өнерінің ескерткіштер мен кесенелердің қарқынды дамуын және оның бағыттарын көрсету;ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету;
ә) дамытушылық: студенттерді, тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып үйренуге,шапшаңдылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге, алған білімін нақтылай алуға үйрету;
б) тәрбиелік: студенттерді еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, Отансүйгіштікке,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ауызша түсіндіру, тірек-сызбалар, сәйкестендіру тесті.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, сәйкестендіру тесті, толықтыру кестелері, суреттер, сұрақтар
Пәнаралық байланыс: гоеграфия, дүние жүзі тарихы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Топ студенттерін түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
А) Үй тапсырмасын «Менен сұрақ, сізден жауап» арқылы тексеру.
1)Хандарды қалай сайлады жән хандардың қандай міндеттері болды?
2)Хандардың қандай құқығы болды?
3)Қазақ халқының әлеуметтік құрамы қандай болған?
4) «Жеті жарғы» заңын қандай хан енгізді?
5)Қарапайым халықты қалай атады?
6)Билер кеңесі қандай қызмет атқарды?
7)Билер кеңесінің мүшелерін ата
Ә) Топтық тапсырма
Б) Үй тапсырмасын бекіту.
Хандар өздерінің билікке лайық екендігін
дәлелдеп отырған
Салқам Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мың қалмаққа қарсы тұрды
Қасым хан халық санын 1млн-ға жеткізді
Тәуке хан жеті жарғыны енгізді
Абылай өзінің соғыс даласында ерлігі үшін хан сайланды
ІІІ.Жаңа материалды меңгерту.
§22 Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы
Жоспар:
1)Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары
2)Ежелгі жазба және сәулет ескерткіштері
3)Ғылым мен әдебиеттің дамуы
4)Сыр бойының даналары
Қалалық отырықшылықтың дамуы, жартылай көшпеліліктің отырықшылыққа ауыса бастауы рухани мәдениеттің әртүрлі бағыттарының жандануына ықпалын тигізді.Әсіресе отырықшылықтың күшеюі қала санының өсуіне, онда тұрғын үйлер сапасының артуына , қоғамдық құрылыс жүйелерінің жақсаруына мүмкіншіліктер туғызды.Х ғасырдың басында Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан болса, оның ұлы Мұса ислам дінін қабылдап 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жарияланған.Осы кезден қоғамдық құрылыс орындары мен сән салтанатты сарайлардың іші-сырты әшекейлендіріліп, түрлі ою-өрнектермен безендірілді.Мешіт, кесене сияқты ғимараттар өрнектермен айшықталып, сәулет өнері дамыды.
Әсіресе Жетісу аймағы Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам, Түркістан, Тараз, Отырар сияқты қалаларда мешіт, медреселер, кесенелер салынып, түркілер арасында ислам діні кең түрде тарала бастады.Осы кезде Айша бибі, Бабажа хатун,Қарахан ғимараттары салынды.Діни наным сенімдерге байланысты мүсін өнері де дамыды.
Өлген адамдардың зираттарының басына әртүрлі жануарлардың бейнесін қою салты қола дәуірінің соңынан ақ басталған.Түркі дәуірі кезінде тастан адам бейнесін жасап қою салты болған.
Тарихта ондай бейнелерді тас мүсіндер немесе балбал деп атаған.
Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда жерімізден табылған
Алтын киімді адам.Алматы облысындағы Алтын адам 1970 жылы Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Алтын адам 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс,бұлан, таутеке, арқар, құс бейнелерін беретін хайуанат нақышында жасалған.Сонымен қатар ағаш ыдыс-аяқтар т.б заттар қойылған осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениеттің болғандығын дәлелдейді.
Сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасына ене бастағандығын көрсетеді.Көне түркі жазуын арғы ата-бабаларымыз бұдан 1500 жыл бұрын пайда болған. 1773 жылы яғни бұдан 1300 жыл бұрын жоқтау түрінде жазылғанымен түрік қағанатының тарихын толық ұғуға болады. Күлтегін сияқты батырдың елін қорғау жолындағы шайқастары да елдер арасындағы қарым-қатынастарда халықтың діни наным сенімдерінде толық қамтылған.
Діни - нанымдар. VІ –ХІІ ғасырларда халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер тарала бастады. Түркілердің зиратарынан табылған заттар олардың ата-бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді.Түркілер табиғатқа да табынған.Түркілер аса қадірлі әдет жылда маусым айының ортасында өзен-көлдердің бойына барып, ата-бабалар аруағына тағызым ету дәстүрі болған.Ел ішінде діни нанымдар-сенімдердің, аңыз-әңгімелердің қең түрде қанат жаюы ауыз әдебиетінің , жазудың, ғылымның дамуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар діни жазу-сызулар ел арасында ағартушылық қызметін атқарып, ғылымның дамуына септігін тигізді.Көне түркі жазуын арғы ата бабаларымыз бұдан 1500жыл бұрын пайдаланған.Ал атақты Үлкен Күлтегін Кіші Күлтегін және Төныкөк жазуларының жазылған мерзімі б.з.VIII-ғасырлардың екінші жартысы-773 жылы яғыни бұдан пайда болған Жазудың мазмұынында Күлтегін сияты батырдың елін жерін қорғау жолындағы шайқастарда да, елдер арасында бір-бірімен қарым-қатынастар жасап халықтың діни- нанымдар сенімдері де толық қамтылған
Алғашқы ғалымдардың филосаф, матиматик Әбунасыр Әл-фараби(870-950жж) Арыс өзенінің Сырдарияға құйяр тұсында орналасқан Отырар қаласында туып-өскен әскери отбасынан шығып Отаырар медіресін үздік бітірген Әл-фараби ғылымға деген бейіидігі Ортлық азияның атақты Бұқар,Самарқанд қалаларына жетелейді.Ғалым алған біліміне қанағаттанбаған жас ғалым Шам,Египет,Александария қалаларындағы атақты ғалым ұстаздардан білім алады .Араб,герек, тілдерін үйренеді.Негізгі шығармалары»Даналықтың жауһарлары Қайрымды қала тұрғындарының қөзқарастары туралы музыка туралы кітап жаздған.Әл-фараби Шығыста Аристотельден кейін екінші ұстаз болған.Ғалым Дамаск қаласында қайтыс болды.
Үлкен Күлтегін «Кіші Күлтегін» Тоныкөк жазуларының жазылған мерзімі VIII ғасырдың екінші жартысы XII ғасырларда сол атақты қалалардың салынуына байланысты Жүсіп Баласағұни (1021-1075) Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари ,Әли әл Испиджаби сияқты көрнекті ғалымдар өмір сүрген.Сонымен қатар сопылық поэзияның көрнекті өкілі , дуалы ауыз ақын болған
Ахмет Иасауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туған.Ғалым өзінің «Даналық сөздер» (Хикмет) атты еңбегімен белгілі. Ғалым сопылық өлеңдерінде әділдік, шапағат, мейірімділік, тақуалық, шынышылдық, тазалық секілді игі істерге шақырады.
Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.
Жүсіп Баласағұни (1021-1075) Қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында дүниеге келген. Жүсіп өзінің атақты «Құтадғу білік» аттты еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихықоғамдықсаяси өмірі туралы көптеген мағұлматтар астрономия, алгебра сияқты ғылым салаларына көңіл бөлген.Жүсіптің жан-жақты ғалым болғандығын көреміз.Бұл кезде жазба әдебиеттің өкілдері де шыға бастады.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген.
Олардың алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі-Ахмет Йүгінеки Түркістан қаласыа жақын жерде . Ғалым өзінің «Ақиқат сыйы» (Хақиқат Хадисі) атты әдеби еңбегімен белгілі.Оның үш тарауы әдет-ғұрыпқа арналса, төртінші тарауы адамгершілікті,5-8 тарауы білім туралы түсінік беріліп, адамгершілік ақыл-өсиеттер айтылады. Білімді болуға, әдепті сыпайы болуға шақырады.Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, IX— XIIIғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Сыр бойының даналары.
Жамал Қарши (1230-1230жж)1273-1274 жылдары Сырдария бойына сапар шеккенТуғаннан оны Әбуфазыл ибн Мухаммед деп атаған. 1230 жылы Алмалық деген жерде дүниеге келген. Әкесі Мухаммедтің кіндік қаны тамған құтты қонысы Баласағұн қаласы екен. Моңғол шапқыншылығы кезінде Алмалыққа келіп,Шағатай ханға қызмет еткен. Жамал Қарши араб-парсы әдеби дәстүрінде тәрбиеленеді. Алмалық пен Қашғарда білім алды.Жамал Қарши Сырдарияға жақын жерде ұлы адамдардың дүниеге келетіндігі жайында қызықты бір заңдылықты байқайды. Ол бұл еңбегінде өзіне таныс көптеген ұлы адамдардың өмірбаянын жазып қалдырды. Шағатайдың тапсыруымен Орта Азияның талай жерін аралап, әлгі кісілерді арнайы іздеп барған ғой. Мәселен, Сырдарияның көрнекті өкілдерінің бірі Хисамаддин (Кусам) Дармынлықпен кездесу үшін ол 1273 жылы Алмалыққа келеді. Жамал оның лекцияларын тыңдап, Сырдарияның бірнеше қалаларын (Жентке дейін) аралайды.
Шайқы баба.Ал Сығанақ нағыз сауданың қайнаған ортасы», деп ерекше көрсеткен. Сығанақ қаласынан зиялы, білімді ғалымдар да шыққан: Шайқы баба Сығанаки алғаш Хорезмде тұрса, кейін осы Сығанақта орын тепкен, біраз жыл Жент қаласында да тұрыпты. Бұл қалада Хусам ад Дин ас Сығанаки осы ғалымның үлкен атасы Һисамиддин де (1132-1199) өмір сүрген. Бұл ғалым өзінің атақты діни шығармалары «Нихая» мен «Хидая» кітаптарын осы қалада жазған. Бұл еңбектерге оның немересі Хусамаддин талдау жасаған.
Тараздан даналар.
ТаһирМұхамұд ат–Тарази.Махмұд білімін Таразда алса да, сол кездегі ғылым, білім тілі - араб тілінде өз шығармаларын туындатқан. Таһир Мұхаммад ат – Тарази туралы мәліметтер тек Йақұт еңбегінен кездеседі. . Бұл жерде өз аты Әбу Таһир Мұхаммад. Ал ат – Тарази барлығымыз білетіндей туған жерінің Тараз екенін білдіреді.Әбу Таһир Мұхаммад туралы Йақұт: «Исфаһан қаласында Тараз атты махалла бар. Шығу тегі жағынан ол Таразға тікелей қатысты. Онда бәлкім Тараз қаласынан шыққан көпестер тұрған. – Тарази шыққан. Ол сонда күн кешкен. Ол «Һаджир» (келімсек) деген атпен белгілі» - дейді. Оны келімсек деп атағынан, біз жерлесіміздің Исфаһанда тұрғанымен түбі Тараздық екенін анық білеміз.
Қазақ жеріне моңғол шапқыншылығынан кейін қазақ қалаларына халық қайта орала бастаған. Бұл Отырарға ғана емес Шу алқабындағы қалаларға да қатысты. Ал Аспара, Мерке, Құлан, Тараз, Шелжі, Садырқорған, Науакент сияқты қалалар маңында егіншілік пен бау-бақша кең өріс алды. Сол аймақтан өтетін сауда-керуен жолдары қалалардың гүлденуіне септігін тигізді.
Шамс Тарази- сияқты басқа да ойшыл, ақын, әдебиетшілерді өмірге әкелген Тараз мәдени өмірін жалғастыра берді. Тараз қақпаларын ашып, қалада күмбезді ғимараттар, моншалар салынды.Дегенмен де, дастан қазақ жерінде, Таразда дүниеге келген. Себебі Отырар мен Сайрам, Тараз бен Баласағұннан шыққан азаматтар кейде Ташкентке соқпай-ақ Отырар, Нұрата арқылы Бұхара мен Самарқанға барып білімін толықтырған.Тараздан шыққан, аты мұсылман әлеміне таныс Ж.Баласағұн, Махмұд бин Әлі ат-Тарази, Әбу Таһир, Шамс Таразилар қазақ, Тараз атын жаңғыртып, арттарына өшпес мұра, рухани қазына қалдырған ұлы тұлғалар.
ІV.Жаңа материалды бекіту.
А) Сәйкестендіру тесті
1)Әбу Насыр әл Фараби Ақиқат сыйы
2)Қожа Ахмет Иассауи Жаһанама
3)Ахмет Йүгінеки Даналық сөздер
4)Жүсіп Баласағұни Құтадғу білік
5)Махмут Хайдар Дулати Жылнамалар жинағы
6)Қыдырғали Қасымұлы Жалайри Даналық жауһарлары
Ә) Бейне суреттерді шешу.
V. Сабақты қорытындылау.
«Кім көп біледі» сұрақтары арқылы бекіту
1.Қазақстандағы атақты, дамыған қалалар және қандай сәулет өнері дамыды?
2.Қандай діни нанымдар болды?
VІ.Оқушыларды бағалау.
Сабақ барысында белсенді араласып отырған студенттерді бағалау.
VIІ.Үй тапсырмасы.
«§22 Орта ғасырларда қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуы» тақырыбында реферат жазу