Конпект по казак тілі Баяндама Жа?а технология пайдалану жолдары мен н?тижесі


Тақырыбы : «Дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары мен нәтижесі»
Қазіргі кезде дамыта оқыту тұжырымдамасы аясында мақсатты бағдарларымен , мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктерімен оқшауланатын бірнеше технология қалыптасқан .
Дамыта оқыту –күрделі құрылымды , біртұтас педагогикалық жүйе . Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне дейін өсуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы –көздеген мақсаты мен мазмұнында ,мұғалімнің сабақтағы рөлімен атқаратын қызметінде , оқушының білім алу белсенділігінің түрінде .
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтың әдістемелік мақсаты –сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін көрсетуге жағдай жасау .Бұл мақсат мынадай жолдармен жүзеге асырлады .
-мұғалім проблемалық жағдай тұғызады ;
-оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу қызметін ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады ;
-сабақ жоспарын оқушылармен бірге жасайды және талдайды ;
- сыныптағы жұмысқа әрбір оқушының қызығушылығын жасайды ;
-сабақ барысында оқушыға оқу мазмұнының өзі үшін ең маңызды түрін таңдауына мүмкіндік беретін материалдар пайдаланады ;
-тек соңғы нәтиже ғана емес , сонымен қатар оқушының әрекет процесі бағаланады .
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақта оқушы қызметінің сипаты қзгереді олар бақылайды , салыстырады ,жіктейді , топтайды , қорытынды жасайды .Олар бұрынғыдай жай ғана көшіру немесе қалып қойған әріптерді жазумен емес ,ой қызметімен айналысатын болады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру –өте күрделі де ұзақ үрдіс .Кейде ол мұғалімнің оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді .Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек .
Мұғалімнің аталған талаптарды терең біліп ,оларды сабақта кешенді тұрғыда пайдаланса , еңбегі нәтижелі болмақ .
Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып , жалаң сөздік әдістерінен арылуы , педагогикалық , психологиялық есептерді , шештіру , бағдарламалық сабақтарды өткізу ,жаңашыл педагогтардың әдістерін шығармашылықпен қолдану өмір талабы .
Ұстаз алдында еліміздің болашағы тұр . Еліміздің жасампаз істерін жүзеге асыратын жаңашыл да , шығармашыл , терең білімді , озық ойлы
қауымының атқарар ісі де салмақты .