Санды те?діктер ж?не те?сіздіктер. Сандарды ж?не шамаларды салыстыру
Оқу ісінің меңгерушісі: Жолдыбаева Қ.Б
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Түсіпбекова А
Сабақтың атауы Санды теңдіктер және теңсіздіктер. Сандарды және шамаларды салыстыру
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкаларЖалпы мақсаттар 1.Білімділік: санды өрнектерді оқи, жаза, салыстыра білуді үйрету;2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру;3.Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын.
Оқыту нәтижесі Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Психологиялық дайындық
Телефоннан СМС келеді.-Балалар, бізге бүгін электрондық почтамен хат келді. Ендеше хатты оқиық. «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек. Күз келді,күнде жауын, сондықтан мен жемістерді жинап үлгермей жатырмын.Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, онда Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!! Сәлеммен кірпі.» -Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.Сабақтың ережелерін еске салу.1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3-ереже. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!
4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Қызығушылықты ояту - Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
-Қосудың компоненттерін атаңдар.
-Азайтудың компоненттерін атаңдар.
-Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
-Бөлу дегеніміз не? Бөлудің компоненттерін атаңдар.
-Өрнектер нешеге бөлінеді?
-Санды өрнек дегеніміз не?
-Әріпті өрнек дегеніміз не?
-Есеп дегеніміз не?Есептің құрамды бөліктерін атаңдар
-Теңдік дегеніміз не?Теңсіздік дегеніміз ше?
-Теңдеу дегеніміз не?
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
«Көкпар» ойыны.(«Көкпар» ойыны жайлы түсінік беру)
1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобыКелесі санды тап:
1)2,10,50,... 4)4,9,14,...
2)6,12,18,... 5)2,4,8,...
3)3,9,27,... 6)4,15,26,...
2. «Асық ату» ойыны.Ауызша есепте.
1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы34*1+34*0= 130+(45*2+45*8)=
7*100/10= 618-(38*6+38*4)=
3*50*2= 700-(2*13+2*7)=
3. Оқулықтағы тапсымаларды орындау.
Сергіту сәті Дәптерімізді ашайық,Қолға қалам алайық.Бүгінгі күнді тақтадан,Әдемі етіп жазайық.Оқушылардың дәптерге әдемі жазуын қадағалау.Кел, балалар, ойнайық,Ойнайық та, ойлайық.Қандай есеп болса да,Шешпей оны қоймайық. Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс «Бәйге» ойыны(«Бәйге» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.
«Бозжорға»тобы
5ондықты 3есе арттыр(150)
2жүздіктен тікелей кейін келетін сан(201)
6ондықтан 2 есе артық сан (120)
1дм-де неше см бар?(10см)
30 бен 50-дің қосындысы(80)
«Құлагер»тобы
3 ондықты 2 есе арттыр (60)
93-тің алдында келетін сан(92)
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?(130)
7 ондықты 2 есе арттыр(140)
Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.