План урока по самопознанию Арман — жар?ын болаша? бейнесі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: «Арман- жарқын болашақ бейнесі» Күні:09.12.15
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: өзіне –өзі сенімділік, жағымды ойлау, шыдамдылық
Мұғалімі: Ж.Аталықова Сынып 11
Сабақ мақсаты: Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыра отырып, ішкі тыныштық құндылықтарына тоқталу.
Міндеттері:
Өмірге, өзіне деген сезімін арттыру, өмірге құштарлыққа баулу;
Өзіне-өзі сенімді болу дағдыларын дамыту;
Қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: дәптер, үнтаспа, А4 форматты қағаз бен фломастерлер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті «Су астына саяхат» Үй тапсырмасын тексеру. М.Шаханов «Арман» өлеңін оқу
Сұрақтар:
Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?
Ой алшақтығы нені меңзейді?
Әлеуметтік сипаты қандай?
Арманның адам болашағына әсері қандай? Дәйек сөз.
«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға».
(Дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқытып, өз ойларын ортаға салу) М.Шаханов
Әңгімелеу.
«Бала арманы»Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі оқушыларға «Кім боламын?» тақырыбына үйден шығарма жазуды тапсырған еді. Нұртайды да осы сұрақ көптен мазалап жүрген. Сондықтан, бұл шығарманы ол 6 сағат бойы өзінің кім болатынын елестете отырып, жазды. Ол өзінің жеке қожалығының орны қай жерде, қанша гектар көлемінде болатынын көз алдында елестеткен күйде қағазға түсіріп, жоспарын да құрды. Ол жерде қандай құрылыс ғимараттар болатынын да суреттеді. Ертең күні, 10 беттен астам шығармасынан шабыттанған көңілмен Нұртай мұғаліміне апарып берді. Бір-екі күн өткен соң, мұғалім оның шығармасын өзіне қайтарды. Қараса, сеп-семіз «2»-лік бағасы тұр, ал оның соңында «Сабақ біткесін, қал» деп жазылған. Сабақтан кейін сауатты мұғаліммен әңгімелескен кезде, мұғалімнің айтқан сөздері оның үстіне қайнаған су құйып жібергендей болды. «Мұндай арманның сен сияқты бала үшін орындалуы мүмкін емес. Мұндай қожалықтың иесі болу үшін сенің көп ақшаң жоқ. Сен кедейсің ғой, сондықтан дәл өзің таңдағандай арманыңның орындалуына мүмкіндіктер жоқ. Үйге бар да, шынайы арманың туралы жазып кел, бағаңды түзетемін» - деп, жібереді. Үйде бала әкесінен ақыл сұрайды. Әкесі тыңдап алып, өз ойын айтты: «Бұл істе мен саған ақыл айта алмаймын. Бұл сенің шешімің, сенің арманың болу керек» - дейді. Нұртай көпке дейін әкесінің айтқан сөзін ойлады. Бір аптадан соң шығармасын мүлде өзгертпей мұғалімге қайта әкеліп: «Апай, қойыңыз маған «екіні», бірақ менің арманым өзіммен бірге қалады» деді.Жылдар өтеді. Нұртай ересек болды. Оның бұл күнде 10 гектар жерінде 100 шаршы метр үйі мен мал қоралары және төрт түлік мал мен бірнеше үй құстарының түрлері бар. Ал сол мектеп кезіндегі шығармасы әлі күнге дейін пештің үстінде жатыр. Бірақ ең қызығы, сол шығарманы жаздырып, тексерген , бүгінде қартайған мұғалімі 30 шақты оқушыларымен келіп, Нұртайдың жерінде бір апта демалды. Кетейін деп жатқанда, мұғалімі Нұртайға: «Балам, мен мұғалім болғанда балалардың армандарын ұрлаған екенмін. Мен балалардың армандарын түсінбей жасаған әрекеттеріме өкінемін. Бірақ, сен өз арманыңды қорғай білгенің үшін өте ризамын» - деп, қоштасты.Сұрақтар:а) Неліктен Нұртай өзінің шығармасын жақсы баға алу үшін өзгертпеді?ә) Мұғалім өзінің қандай қатесін түсінді?б) Нұртайдың арманының орындалуына оның қандай қасиеттері көмектесті? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
«Арманым – асыл мұратым» тақырыбына жоба құру.(А4 форматты қағаз бен фломастерлер қолданады)Көмекші сұрақтар:Мақсат деген не? Ол не үшін қажет? Әрекет деген не?Құралға не жатады?Уақытты белгілегенде нені ескерген жөн?Нәтижеде нені білесің? Топпен ән айту. «Арман жолдар»
Жолдар жолдар келем жолда сапар кешiпБулттар булттар бiзбен бiрге катар кошiпТагдыр желi туган жерден ауган талайКоздiн жасы носер жауын жауган талайСагыныштан…
Ахау ахау жолдар жол-айОттi-ау талай омiр солай.
Тiрлiк тогай сан адастык орманындаКимас достар таптык омiр жолдарындаДосты суйген журегiммен суйiм елiмТуып оскен алдында бас ием елiм.
Жолдар жолдар бiрге болсын сапарымызЖулдыз ошiп сиреп калмай катарымызУмiт болып туа бершi Алдан жолдарАлыс алыс жетелей бер арман жолдар. сөзі: А.Дүйсенбінікі,
әні:Ұ.Жодасовтікі
Үй тапсырмасы.
Н.Келімбетов «Үмітімді үзгім келмейді» - оқулық 63 б. Оқу Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар!