Балалар ?шін ?ауіпсіз жол 7 сынып


Тақырыбы:  «Балалар үшін қауіпсіз жол!»
Мақсаты: .Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті
тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
 
 Барысы:
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған тәрбиелік шарамызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз:
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген«Балалар үшін қауіпсіз жол!» атты сынып сағатын бастағалы отырмыз.Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
І. Қызығушылығын ояту:
Сұрақ – жауап:
Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін.
2.Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
Көліктер жүретін тас жолмен.
3.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
 Жол полициясы басқарады.
4.Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?Жолдан өту кезінде оң жаққа, сол жаққа қарап жаяу жүргіншілер өтетін жолмен жүру керек.
ІІ кезең. Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың шешуі болатын заттарға сипаттама беру.
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күзеткен
Шешуі: Жол сақшысы

2. Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялайды
Шешуі: Автобус
3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген
Шешуі: Жол
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Шешуі: Бағдаршам
ІІІ кезең
1.Жиек жол дегеніміз не?
2.Жаяуға қай жермен
жүруге болмайды?
4 – кезең. Бағдаршам ,оның түстері туралы мақал – мәтел, жұмбақтар айтудан жарыс
lefttop


Тәрбиелік шараны қорытындылау:

Сонымен балалар біздің тәрбиелік шарамыз аяқталды. Жолда жүру ережесінен енді жатқа біліп, жол қауіпсіздігінен сақ жүреміз деген ойдамын.