Балы?тар т?рлі-т?сті саздан балы?ты м?сіндеу


Ортаңғы «Қарлығаш» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Күні : 16 .11 .2016 Білім беру саласы: Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу. Тақырыбы: «Балық» Мақсаты: Білімділік: балық туралы мағлұмат беру, балықтың дене құрылысы туралы білімдерін кеңейту, ермексаз кесектерінен үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып балықты мүсіндей білуге үйрету. Дамытушылық: ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру, тілдерін дамыту. саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті ермексаз,ермексаз кесуге арналған құрал,мүсіндеуге арналған тайтақшалар, сулық, үлестірмелі материалдар, жұмыстың дайын үлгісі. Алдын ала орындалатын жұмыс: балық туралы әңгіме жүргізу. Сөздік жұмыс: қалып жатқан ізі жоқ. Қостілділік компонент : балық рыба, су вода.
Оқу-қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің-қызметі Балалардың-қызметі
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбей іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес
Досыңа көмектес. Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады ;
Шаңқ шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ,
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ.
Бұл не, балалар ?
Сөздік жұмыс : қалып жатқан ізі жоқ.
Дидактикалық ойын:
«Балық қайда өмір сүреді ?».
Педагог мына сөздерді айтады ; суда ,үйде, жерде, теңізде, жағада, бөлмеде , өзенде, қорада, далада.
Балалар,балық жануарлардан несімен ерекшеленеді ?
Балық – суда тіршілік етуге бейімделген. Құрғақта өмір сүре алмайды. Балықта өкпе жоқ, олар желбезегі арқылы демалады. Балықтың түрі көп.
Қостілділік компонент; балық –рыба, су –вода.
Балықтарды үйде қалай өсіреміз?
Оған қандай жағдай жасау керек ?
Тәрбиеші балықтың суретін көрсетіп , дене құрылысына талдау жасайды. Суреттен балықтың желбезегін, жүзбек қанатын, құйрығын, қабыршақ тарын көрсетеді. Олардың қандай қызмет атқаратынын сұрайды .
Балалар, балықтарды адамдар не үшін аулайды ? Оның қандай пайдасы бар ?
Балықтар азайып кетпеу үшін оған қандай жағдай жасау керек ?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Адамдардың дұрыс қарамауынан өзен түбіндегі балықтардың бәрі қашып кетіпті.
Біз осы өзен түбіне балықтарды жасап жіберіп , өз қамқорлығымызға алайық.
Алдымен бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті ;
Балық суда жүзеді,
Жып жылтыр боп бүйірі.
Қолға түспей қашады,
Ұстағым кеп шаршадым.
(Г. Бектұрова)
Тәрбиеші балықты жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіреді.
Жұмысты топтарға бөлініп істейміз.
Домалақтанған ермексазды созу арқылы сопақша пішінге келтіреміз (сәбізді жасау тәсілін еске түсіру)
Үш жағы сүйірленіп келген сопақша пішінді тақтайша бетіне қойып, алақанмен жаншу арқылы жалпақтаймыз.Енді балықтың жүзбеқанатын, құйрығын жасап аламыз.
Оларды денсіне біріктіреміз. Кішкентай көз жасап, басына орналастырамыз.
Аузын ермексаз кескішпен белгілеп көрсетеміз. Кескішпен денесіне қабыршақтың
Суретін салып шығамыз.Енді әр топ өздері жасаған балықтарын судың ішіне орналастырады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Жұмбақты тыңдайды, ойланады, жауап береді
Балық.
Қайталайды; қалып жатқан ізі жоқ.
Ойынға кіріседі ,дұрыс болса,қолдарын шапалақтайды, дұрыс болмаса, аяқтарын топылдатады.
Суда жүзетін құйрықтарымен,қоректену түрімен,дыбыс шығара алмайтынымен ерекшеленеді.
Қайталайды; балық рыда, су вода.
Үйде аквариумда өседі.
Суын тазартып, қоректендіріп отыру керек. Суға оттегі жіберіледі.
Балықтың денесі сопақша пішінді,кішкентай көзі, аузы бар,желбезегімен демалады, жүзбе қанатымен жүзеді, құйрығы рульдің қызметін атқарады.
Тамақ ретінде пайдаланады.Оның құрамында Д дәрумені бар
Өзен, көлдерді ластамау керек. Кейбір азайып бара жатқан балықтарды аулуға тыйым салады.
Үлестірмелі материалдарды қарайды.
Балық жасауға ынталарын білдіреді
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы балықтың жасалу жолымен танысады, тәрбиешіні тыңдайды.
4 – 5 баладан топқа бірігеді. Әр топ мүшелері тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып,балықты жасап шығады. Топта жасаған балықтарын бір- біріне көрсетіп,дұрыс емес жерлерін түзетуге көмектеседі.
Әр топ жасаған балықтарын қолдарындағы көлдің суретіне орналастырады. Балықтардың дұрыс орналасуына назар аударады.
Рефлексиялық – түзетушілік Біз бүгін не істедік?
Балық несімен дем алады ?
Балықтың несі жоқ ?
Балықтың денесін не жауып тұрады ?
Жарайсыңдар, балалар, жасаған балықтардың әдемі шығыпты !
Балық жасадық.
Денесінде желбезегі болады.
Балықтың өкпесі жоқ.
Денесін қабыршық жауып тұрады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: ермексаз кесектерінен үзү, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып, балықты мүсіндейді. Игереді: балықтың пайдасын, оны қорғау қажеттілігін. Меңгерді: балықтың ерешеліктерін мүсіндеу кезінде көрсете алады.