Балаларды? ойлау ?абілеттерін ойын ар?ылы дамыту Презентация
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы басты міндеттердің бірі мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады. Осы міндетерді шешуде мектеп жасына дейінгі балалардың танымды құзіретілігін дамытуда ойын технологиясының маңызы зор.
Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылық қабілеттері дамиды.Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі-ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар:
Шығармашылық ойындарыАқыл – ой ойындарыҰлттық, спорттық ойындарТанымдық ойындар Балалар «дәрігер», «мұғалім», «жол қызметкері», «ұшқыш» болып ойнағанда, олардың бейнесін есіне түсіріп, әр маманның іс әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсініктері бойынша ескеріп, рөлін атқаруға талаптанады, келешек мамандық таңдаудың дда беташарыСпорттық ойындар балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін-өзі билеу, батылдық, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырады. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, керектігін дамытады, ойлау теориясын (салыстыру, ажырату, жинақтау) жаттықтырады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Танымдық ойындар қоршаған ортаны танып, біледі, тікелей қарым-қатынас жасаудың құралы
А.С. Макаренко айтып кеткендей «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады»
Ойын арқылы балалар нені меңгереді:• Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.• Оқу процесінде берілген тапсырмалар ретін жеңіл меңгереді, мұғалімдерге де сабақты тиімді өткізудің бірден –бір оңтайлы жолы.• Уақытты үнемдеуге үйретеді.• Ойын барысында балалар назарларын бір бейнеден екіншіге ауыстыру оңай болады.• Балалар үшін психологиялық жағымды.• Ойын барысында шешім қабылдау балалар аса жауапкершілікті талап етеді.• Ойын процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік алады.Мәселен, құрылыс пен суретші ойындарында балалар өздері жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар басқалардың жұмыстарын бағалап, салыстыра да алады.
Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: “Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес”-деп айтады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу
Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық, ұлттық ойындар Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде де бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Қазақтың ұлттық ойындары баланы сезімталдыққа, тапқырлыққа, дене шынықтыру тәрбиесін арттыруға үйретеді. Қазақтың ұлттық ойындары-халқымыздың асыл мұраларының бірі..
Қорыта айтқанда ойын дегеніміз-баланың қоршаған ортамен тіл табысын, ойлау, таңдау, талдау қабілетін арттыратын ғажайып нәрсе. Жалпы бала тәрбиесі қиын да жауапты нәрсе. Сондықтан да отбасы мен мектеп тығыз байланыста баланы тәрбиелеп, үлгі өнеге көрсете білу керек. Бала тәрбиелеуде қолданылатын ойындар балаға жағымды әсер береді. Ол тек қана ойнап қоймай, танымдық қабілеті мен жан-жақты дамуы, байланыстырып сөйлеу тілі дамиды. Көрнекті педагог А.С. Макаренко айтқандай: «Тәрбиенің негізі бес жасқа жейін қаланады, бес жасқа дейін жүргізген барлық тәрбие ісіңіз бүкіл тәрбие процесінің 90 проценті» - деп атап өткен.
Назарларыңызға рахмет