Постановка сказки Теремок на казахском языке
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№1 Новоишим орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өтілген онкүндік аясында
2 сыныптарға арналған
«Үйшік» ертегісінің қойылымы
дайындаған Әлібаева Д.Ә.
Новоишим селосы
2015-2016 оқу жылы
«Үйшік» ертегі
Автор: Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап:
Тышқан: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Автор: – деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.Бақа: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?Бақа: – Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: – Кел, бірге тұрайық.Автор: Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.Қоян: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: – Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?Қоян: – Мен қорқақ қоянмын!Тышқан: – Кел, бірге тұрайық.Автор: Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:Түлкі: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: – Мен бақылдауық бақамын. Қоян: – Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?Түлкі: – Мен қу түлкімін!Тышқан: – Кел, бірге тұрайық.Автор: Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:Қасқыр: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: – Мен бақылдауық бақамын. Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Түлкі: – Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: – Мен сұр қасқырмын!Тышқан: – Кел, бірге тұрайық.Автор: Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:Аю: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: – Мен бақылдауық бақамын. Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Түлкі: – Мен қу түлкімін!
Қасқыр: – Мен сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?Аю: – Мен қорбаңбай аюмын! Тышқан: Кел, бірге тұрайық.Автор: Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:Аю: Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бақа: Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой,
Аю:– Қорықпаңдар, түк те болмайды.
Автор: Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.
Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.