??растыру — технологиялы? картасы «Бауырса?»


Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні: 25.10.16ж
Топ: «Бүлдіршін» 1-кіші топ
Тәрбиеші: Оспанбекова М.М.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру;
Міндеттері:
Білімділік: қағазды умаждау арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндіру;
Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын жетілдіру;
Тәрбиелік: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, «Бауырсақ» ертегісін оқып беру, сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Бауырсақ» ертегісінің суреттері, сүттің босаған қораптары, 4/1 бөдікке бөлінген сары түсті жұмсақ қағаздар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: бауырсақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру, суреттері немесе үстел үсті театры арқылы әңгімелеу.
Ата мен әжені көрсете отырып, Бауырсақ қандай аңдарға кездескенін сұрайды.

Сөздік жұмыс: «Бауырсақ». Балалар қоян, қасқыр, аю және түлкіге Бауырсақтың кездескені туралы айтып береді.
Қайталайды: «Бауырсақ».
Ұйымдастырушылық- ізденістік Есік қағылып, қонаққа Бауырсақ келеді. Педагог: «Бауырсақ бүгін көңілді, ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті. Жасап берейік пе?» - деп балалардан сұрайды.
Ол үшін: сары түсті қағазды алып оны 4/1 бөлігін саусақтармен басып, умаждауларын сұрайды, қағазды ашып, жазып көрсетеді де, қайтадан тағы да умжадау керектігін айтады. Осылай үш рет ашып, бүктеп умаждайды. Қағаз «домалақтайды» бұл Бауырсақ болады.

Педагог сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көрнекілік дайындайды. Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінде қоян мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған.
Педагог қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді. Екі топтан кезекпен балалар шақырылып, суреттерді құрастыру ұсынады. Бауырсақпен амандасады. Өздеріне берілген қағаздарды саусақтарымен басып, алақандарына салып умаждайды. Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды. Қағаз домалақтанып, Бауырсақ пішіні шығады.

Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың, аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады.
Рефлексиялық-
түзетушілік Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айтып береді, қалай жасады, неден жасады? Балар бауырсақты бір кейіпкерден екінші кейіпкерне қарай домалатып ойнайды. «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіріп, әңгімелеп, қағаздан Бауырсақ бейнесін жасағандарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: бауырсақ ертегісінің мазмұнына сәйкес кейіпкердерді ажырата алуды.
Түсінеді: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды түсінуді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды.
Қолданады: қағазбен жұмыс жасауды саусақ қимыл-қозғалыстары арқылы қағазды умаждауды, одан белгілі бір затты жасай білуге дағдыланады.
Есеп :__________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________