Мектепке дейінгі о?у ?ызметіні? техналогиялы? картасы


Күні: 05.04.2017 жыл
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімдері: «Сауат ашу» Тақырыбы: «К дыбысы мен әріпі» Мақсаты: Балаларға «К к» дыбысы мен әрпін таныту, баспа түрін жаздырып үйрету, «К к» дыбысына байланысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.
Тіл байлықтарын кеңейтіп, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, әдемі жазуға дағдыландыру.
Өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқу – қызметінің түрі: Ойыната отырып дамыту
Оқу қызметінің әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, сөздік жұмысы,  ойын ойнату.Қажетті құралдар: Техникалық құралдар,   алдарына қоятын тақталар, қобдиша, балапан дәптер, оқулық,Көрнекілік: «К к» әріпінен сөздер бейнеленген суреттер, кеспе әріптер,  үлестірмелі суреттер, қызыл, көк үй, «К к» әрпі бейнеленген күн сызбасы.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
-Музыка ырғағымен, орындарында отырып қастарында отырған достарының алақандарына алақандарыңды  түйістіріп, бір-бірлеріңе жылы лебіз, күлкі сыйлаңдар, бір-бірлеріңді еркелетіп айтуға да болады.
 
Балалар қасында отырған баланың алақанына өз алақандарын түйістіріп,  жылы лебіз, күлкі сыйлайды, еркелетіп айтады.
Ұйымдастыру- іздестіру  
—          Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді?
«Әріптер қай үйде тұрады?» ойыны . өткен әріптерді дауысты, дауыссызына қарай үйлерге әр топтан бір баладан келіп, алған дыбысты атап, салады. Әріптер үстел үстінде шашылып жатады.
 
-Балдалар,  бүгін таңертең сыныпқа кірсем,  менің үстелімде мынадай бір зат тұр.
Бұл не екен балалар? Бұл сиқырлы қобдишаны ашып, оның ішінде не бар екенін көрейік.
-Ішінде  жұмбақ жасырылыпты, қазір мен оқып берейін, сендер шешуін таба қойыңдар.
Үлкен алтын табақтан,
  әлемге нұр таратқан.
—          Бұл не екен?
—          Осы жұмбақтың шешуіндегі сөзге мән берейік. «Күн» сөзі   қандай дыбыстан басталып тұр?
—          Дұрыс айтсаңыдар «К» дыбысынан басталып тұр екен, бүгін біз «К» дыбысы және әріпімен  танысамыз.
Жұмбақтың шешуіндегі сөз бейнеленген сызбаны тақтаға ілу /күннің сызбасы/ ортасында «К» әріпі бейнеленген.
«К» дыбысын хормен айтып көрейік, айтылуына мән берейік, не байқадық, қалай айтылады екен?
—          Кедергілермен айтылса «К» дыбысы қандай дыбыс?
 
—          «Сөз ойла, тез ойла»  ойынын ойнаймыз, қай топ «К» дыбысынан басталатын көбірек сөз ойлап айтады екен?
Топтың атына тоқталу. Осы айтылған сөздердің ішінде  сендерге таныс емес, түсініксіз сөздер бар ма, бар болса айтыңдар.  
 
Пішіндер тарату арқылы 4 топқа бөлу. Пішіндер: көбелек, күн,  кітап, көйлек.
—          Балалар таратылған пішіндер  бойынша топ болып отырамыз  және топ болып  бірігіп сабаққа  қатысамыз,  тапсырмалар  берілгеннен кейін  болған топ шуылдамай, қолымыздан ұстап, жоғары көтереміз.  Әр  тапсырманы дұрыс орындап, сабаққа жақсы қатысқан топтарға кәмпиттер беріліп отырады,  сабақтың соңында санап, қорытындысы  шығарылады.
 
 
Топтарға суреттер тарату, ішінен «К» дыбысынан басталатын сөздің суреті бейнеленгенін тақтаға күннің сызбасына іледі, топтастырады.
«К» әріпінің баспа, жазба түрін көрсету арқылы танысу.
-Неше таяқтан құралған? Балапан дәптерінде «К» әрпінің баспа түрін бастырады.
 
           Сылдырмақты алайық,
           Ақырындап қағайық.
          Жайлап билеп көрейік,
          Ырғағына ерейік:
          Шақ-шақ-шақ.(қолды шапалақтау 3-рет)
          Сылдырмақты алайық,
          Қатты-қатты қағайық.
         Күш түсіріп табанға,
         Би билейік табанда:
         Тақ-тақ-тақ.(аяқпен тақылдату 3-рет)
 
 
Әр оқушы пішіндерге байланысты бөлініп отырады.
1-      ші топ – көбелек
2-      ші топ – күн
3-      ші топ- кітап
4-      ші топ- көйлек
Топ басшысын сайлау
 
— Дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты, дауыссыз болып. Дауысты дыбыстарды айтқанда еркін, кедергісіз, созылып айтамыз, ал дауыссыздарды айтқан кезде  кедергілермен  айтылады, соза алмаймыз.
 
 
 
-Бұл қобдиша.
-Иә, қобдишаның ішінде не бар екенін көргіміз келеді.
 
 
 
Балалар мұғалімді мұқият  тыңдайды.
 
 
 
 
 
Балалар хормен мұғаліммен біге «К» дыбысын айтады.
 
 
 
 
 
 
 
Айтылуына мән береді –кедергімен айтылады екен.
«К» дыбысы дауыссыз дыбыс, көк үйде тұрады.
 
 
Әр топтан «К» басталатын  сөздер айтады: көлік, керік, кеме, кене, көл, кілт.
 
 
Топтың аталуына тоқталады.
 
 
Топ ішінде суреттерді қарап, әр топтан бір бала келіп іледі.
 
 
Ауада, алдарындағы  тақтада жазып үйренеді.
 
 
 
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды хормен айтып, қимылмен келтіреді.
Рефлексивті түзетушілік -Балалар, не істедік, не үйрендік?
-Сабақ сендерге ұнады ма?
Топтарға әріптер жазылған суреттер тарату, «К» әрпі жазылған суретті ғана бояйды.
-«К» дыбысымен таныстық, әріп жазып үйрендік, ойын ойнадық, сөйлем құрадық.
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: К дыбысын бундап оқиды Нені игереді: К дыбысын жазуды Нені біледі: К дыбысының дауыссыз екендігін
Тексерілді____________З. Курмашева
Күні: 05.04.2017 жыл
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімдері: «Жаратылыстану» Тақырыбы: «Тамақтану ережелері» Мақсаты: 1.Балалардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; 2.Балалардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру; 3.Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу
Оқу – қызметінің түрі: Ойын
Оқу қызметінің әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауапҚажетті құралдар: интерактивті тақта, компьютерКөрнекілік: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері Билингвальді компонент: Тамақ – еда, хлеб - нан
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері
«Біз қандаймыз!» Біз қандаймыз-қандаймыз.
Арайлап атқан таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз. Ғажайып сәт. Топқа аю келеді. Амандасады. -Балалар аю ренжіп отыр, оның үйі жоқ екен. Біз оған үй салып берсек қайтеді. -Сәлеметсің бе ,аю?
-Балалар қарындаштарды ауызға салуға болмайды. Бір-бірімізге сілтеуге болмайды. Бүгінгі қызметімізде мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз: 1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек? 2. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек? 3. Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек? - Балалар, өткен қызметімізде біз отбасы мүшелері туралы айттық. Отбасы мүшелеріне не жатады?( - Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргені) - Олай болса, балалар бүгін оқу қызметімізде «Салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
Балалар жартылай шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.
Балалар келіседі.
Балалар қауіпсіздік ережесімен танысады.
әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
Ұйымдастыру- іздестіру Кіріспе әңгіме: тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады. Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды. Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс
«Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады. Мазмұны: Тәрбиеші балаларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Балалар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 бала лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа балалар толықтырады. Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады. Дұрыс тамақтану Дұрыс тамақтанбау 1. Дәрумендерді пайдалану 1. Кола, фанта жасанды сусындар 2. Еттен жасалған тағамдар жеу 2. Көшеде сатылатын тағамдарды пайдалану

Балалар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбау туралы суреттерді көріп, пайдалысын қоршап, белгілейді.
Рефлексивті түзетушілік Балаларды бағалау, мадақтау. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Балалар қуаныштарын білдіреді
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: геметриялық пішіндердің аттарын; Нені игереді: геметриялық пішіндерді қолданып, үйдің суретін салуды; Нені біледі: дұрыс бояуды, пішіндерден үй құрастыруды
Тексерілді____________З. Курмашева
Күні: 05.04.2017 жыл
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімдері: «Музыка» Тақырыбы: «Төлдер жыры» Мақсаты: Төрт түлік мал , үй жануарлары олардың әрқайсысының ,орны , пайдасы , төлі , ерекшеліктері жөніндегі бөлімдерін кеңейту.Төлдер туралы өлең тақпақтарды мәнерлеп , жатқа айта білу арқылы қызықтыру. Тіл байлығын сөздік қорын молайту .Төлдерді қамқорлыққа алуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқу – қызметінің түрі: Ойын
Оқу қызметінің әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауапҚажетті құралдар: интерактивті тақта, компьютерКөрнекілік: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері Билингвальді компонент: Тамақ – еда, хлеб - нан
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
. Жылулық шеңберінде тұрып, жылы сөздер айту. -Балалар қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік. Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Ренжуді білмейміз Қуанамын менде, Қуанасын сенде, Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге -Жарайсыңдар,балалар,енді бәріміз күнге қарайықшы. Күн бізге не береді? Олай болса күнмен амандасып алайық Сәндетіп даламыз , Сәулетті қаламыз Сәулеңмен құлпырды Сәлем күн анамыз! Балалар жартылай шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.
Жылы тілектерін айтып, сәлемдесу рәсімін жасайды
Ұйымдастыру- іздестіру Біз қай мезгілде ұйықтаймыз -Ал қай уақытта ұйқымыздан оянып -Бүгін күн қандай? Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? Терең дем алып ауаны аузымызға толтырып жұтып алайық, төлдердің даусын салайық Сергіту сәті: Лақ: мә-мә-мә / 3 рет
Бұзау: мө-мө-мө /- -рахмет балалар Мен сендерді төрт түліктің төлдерімен таныстырамын. Төрт түліктің төлдері сиыр-бұзау,жылқы-құлын, түйе-бота,ешкі-лақ,қой-қозы
1)Түйе ыстыққа шыдамды келеді,мінсең көлік еті азық,суті шұбат ем,жүнімен терісі пайдаға жарамды.Түйенің сүтін ашытып шұбат жасаймыз,түйенің төлі 2) «Ер қанаты ат»-демекші жылқы малын қасиет тұтқан.Мойнындағы жалынан арқан,жіп ескен.Жылқының төлі: Шеңберге тұрып, тақпақтар айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 3) «Сиырдың сүті-тілінде»демекші сиыр сүтті болады. Сиырдың сүтінен әртүрлі тағамдар жасайды. Сиырдың төлі: 4) Қой момын жуас мал.Қойдың жүнінен қолғап,шұлық тоқиды.Етін жейміз, терісін пайдаға жаратамыз. Қойдың төлі: 5) Ешкінің сүті пайдалы ем болған.Көбіне кішкентай балаларға берсе,дені сау болып өседі.Ешкінің қылынан арқан,жіп еседі. Енді екі топқа бөлініп,төлдердің суретін бастыру арқылы салып, өзіміз білетін әдіс –тәсілдерді пайдаланамыз. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер. 1)жылқы-малдың патшасы Түйе-малдың қасқасы 2 )Малды баға біл Бабын таба біл 3) Төлден мал өседі Шыбықтан тал өседі. 4)Сиырдың сүті-тілінде 5) Өлкенің көркі мал болар Өзеннің көркі тал болар Бұзау: әукім-әукім әукешім қасиыншы әукесін Енең әне келеді. Ақ мамасын береді. Лақ: Аққаным: Шөре-шөре лағым, Тентек болма шырағым Секектеме деміңді ал Селтеңдемей құлағын. Түнде
Таңертең
Сәрсенбі
Балалар төлдердің дауысын салады
Балалар мұқият тәрбиешіні тыңдайды
Балалар мақалдарды жаттайды
Рефлексивті түзетушілік сүт қандай? Бота,құлын, қой, бұзау,лақ. Қой Сұйық Балалар қуаныштарын білдіреді
Күтілетін нәтиже: Білу: Төлдерді ажырата алып, дыбыстарын ажырата алу. Меңгеруі: Төлдердің жем, шөппен қоректенуін біліп,сұраққа толық жауап бере білу. Жасай алу: Төлдерге жем,суларын беріп,оны аялап күтіп,өз көзқарасын айта алуы. Тексерілді____________З. Курмашева.
Білім беру саласы: Вариативтік
Бөлімі: спорт
тақырыбы:_Мысық пен тышқан_
мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың , әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады .
2.Дамытушылық: Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады,
3.Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға жетелеу.
түрі:_Қимыл қозғалыс ойыны __
Құрал жабдықтар :Ысқырық
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру, түзел, тік тұр, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл, кері айнал .
Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алдымен жүгіру. Сапқа тұру. қатармен саналу
1-2-3ке санал
Бір орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар:
Б.қ.аяғымыз иық көлемінде қолымыз белде басымызды айналдырамыз
Б.қ. екі қолды алға және артқа айналдыру.
Б.қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолымызды алмастырамыз
Б.қ. екі қолды алға ұстап, оң аяқты сол қолға, сол аяқты оң қолға қарама-қайшы көтеру.
Б.қ. екі аяқты иық тұсында ұстап, алға иіліп тұру.
Б.қ. екі аяқты алшақ ұстап, бір орыннан отырып тұру.
Б.қ.1 қолымыз жоғарыда созыламыз 2 тіземізді бүкпейміз қолымызды аяқтың ұшына тигіземіз 3 отырамыз 4 тұрамыз
Б.қ қолымыз белде белді оңға 2 рет солға
2 рет қозғалтамыз .Б.қ 1оң аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз 2 жерге тигіземіз 3 сол аяққа қолымызды тигіземіз 4 бастапқы қалып Оқушылардың
спорттық киімін қадағалау
Жаттығуды орындағанда дұрыс жасауын қадағалау .
Жаттығуды орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау.
Ұйымдастыру- іздестіру Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Қимыл –қозғалыс ойыны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу,ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.
Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. жеке ойнайтын ойындар:
а) «Жел мен желбаққыш »;
ә) «Айнал да жүріп кет » .
2. Екеу болып ойнайтын ойындар :а) «Кім күшті ?»;
ә) «Кім бірінші болады ?».
3. Эстафеталық ойын :«Доп» ойыны .
4.Ұлттық ойындар:Бұл ойындар халықтың өмір салтынан,тұрмыс ерекшелігінен туған.
а) қуыр-қуыр,қуырмаш
ә)соқыр теке
б) мысық пен тышқан және т.б1:Ойынның тақырыбы мен шартын түсіндіру.
Ойынды үлкен залда немесе алаңда ойнаған жөн.Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Екі оқушыны ортаға шығарып, оның бірін «тышқан» екіншісін «мысық»етіп белгілейді. «Тышқан» шеңбер ішінде қалады да, «мысық» оның сыртында
«тышқанды» аңдып жүреді,оны ұстауға
тырысады.Ойнаушылардың міндеті:«мысық» «тышқанды» қуған кезде ұстасқан қолдарымен бөгеп қалып, «тышқанды»ұстатпауға күш салу. «Мысық»қапылыста ішке кіріп кетсе, «тышқанды»сыртқа шығарып, «мысықты»ұстап қалу керек.
Егер «мысық»сыртқа шыға қалса,онда «тышқанды» ішке кіргізіп, «мысықты» сыртта қалдырады. Осылайша,бірін-бірі қуып жүріп «мысық» «тышқанды» ұстайды.Ойын тәртібін ары қарай түсіндіріп,ойынды жалғастыру Жаттығу кезінде тізені
бүкпеу
керек.
Отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау.
Белді дұрыс қозғалту.
Тізе бүгілмейді.
1:Ойынның тақырыбы мен шартын түсінді
ру.Оқушыларды ойын алаңына шығарып ойнату.
Рефлексивті түзетушілік Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
Сабақты қорытындылау,бағалау.
Үйге тапсырама беру
Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Күтілетін нәтиже: Білу: Ойын ережелерін
Меңгеруі: Ойынды соңына дейін ойнауды Жасай алу: Мысық тышқан ойынының қауіпсіздігін сақтау
Тексерілді____________З. Курмашева.