Тіл дамыту сабагы та?ырыбы Не ?андай дыбыс шы?арады


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бағдарлама тараулары: Тіл дамыту
Тақырыбы: Не қандай дыбыс шығарады?
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін байыту.Олардың пайдасымен маңызын айта білуге үйрету.Балалардың жануарлар туралы білімдерін жүйелеуді жалғастыру.Олар қалай дыбыстайтыны жайында білімдерін тиянақтау
Құрал-жабдықтар:Үй жануарларының суреттері
Сөздік жұмыс:Сиыр-корова,қой-баран,ешкі-көзел,ат-лошадь
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы 1.Ұйымдастыру
2.Баланың сабаққа назарын аударту
«Шаттық шеңбері»
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз! Балалар ұйымдасқан түрде шеңбер құрып,берілген өлең жолдарын қайталайды.
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Іздену-
ұйымдастырушылық
3.Табиғат бұрышымен жұмыс
-Сұрақ-жауап
4. бейнеленген көрнекіліктерді көрсетіп, үй жануарлары деп аталатынын айту.
Олардың түр сипатын назар аударту.
5.Төлдері қалай аталатын айту
-Олардың аттарын атап түсіндіру
6.Суретпен жұмыс
-Үй жануарлары бейнеленген суреттермен жұмыс
-Олар қалай дыбыстайды?
7.Билингвальды компонент
8.Дидактикалық ойын
«Төлдерін тап»
Берілген сұрақтарға жауап береді
Берілген түстерді атайды
Танымдық жұмыс жасайды
Балалар өз қиялдарын дамыта отырып орындайды
Берілген сөздерді қайталайды.
Сиыр-мууууу
Қой-мәәәәәә
Ешкі-мееееее
Ат-кісінейді
Ойын ережесін бұзбай ойнайды
Шығармашылық жұмыс жасайды
Рефлексивті-
корригиялық 10.Сергіту сәті
Алдымыздан жел еседі,
Тербелейді ағаштар,
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен болып өседі.
7.Балалар жұмысын мадақтау Балалар берілген сергіту сәтін қимыл – қозғалыс арқылы жасап көрсетеді.
Болжамды нәтиже:
Білу керек:Үй жануарларының түрлерін
Қалыптасқан әдет: Шеңбер құрып тұру
Істей біледі:Не қалай дыбыстайтынын көрсете алады