Тіл дамыту сабагы та?ырыбы К?к?ністер мен жемістер


Білім беру саласы: Қатынас
Бағдарлама тараулары: Тіл дамыту Тақырыбы: Көкеністер мен жемістер Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.
Міндеті: Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: Көкеністер мен жемістердің суреті, күз мезгілінің суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Балаларды тыныштандыруә) Құрал жабдықтарын даярлатуб) Сабаққа назар аудатуБалалар тынышталып,құралдарын алып,сабаққа назар аударады.
Іздену-ұйымдастырушылық ІІ.Сабақтың барысы:
-Бүгін қай күн?
- Қай мезгіл?
- Қандай бақша өсімдіктерін білесіңдер?
- Көкеністерге нелер жатады?
Қандай жемістерді білесіңдер?
Жұмбақ жасыру.
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.
(Сәбіз)
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
(Алма)
Әліппе- дәптермен жұмыс.
Көкеністердің ішінен ащы заттарды атаңдар?
Жемістердің жеке атауын атаңдар?
Дәміне, пішініне қарай салыстырыңдыр?
Сергіту сәті: «аТышқандар».
Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Дидактикалық ойын:
«Бұл не?»Балаларға үлестірмелі материал таратылып беріледі.Оның ішінде көкеністер мен жемістердің суретінің қиындылары бар, осы қиындыларды құрастырып, атын атап, әңгімелеп береді. Балалар сұрақтарға жауап береді
Қызылша, қияр, орамжапырақ, қызанақ, бұрыш, картоп, асқабақ.
Жүзім, алма, шие, алмұрт, бүлдірген, сары өрік қара өрік т.б.
(Сәбіз)
(Алма)
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сергіту сәтін жасайды.
Дидактикалық ойындар ойнайды.
Рефлексивті түзетуші ІІІ.Қорытындылау.
Балаларды бағалау,мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Суретке қарап сөйлем құрастыра білу керек.
Істей біледі: Тәрбиешіні тыңдайды,сұрақтарға жауап береді.