Ана тілі п?нінен саба?ты? та?ырыбы: А? б?зау. Жуан дауыстылар
Атырау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзахметова Сәуле Патиповна.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстыларСабақтың мақсаты:Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.Көрнекілігі: төрт түлік суреттері,шаблондар, төрт түлік пірлерінің суреттері, парақшалар, кеспе әріптер, слайд, Ж. Смақов. Сөзжұмбақ , сауалнама , бағалау мониторг т. б.Түрі: Аралас сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал кәнекей, бәріміз
Сәлеметсіз бе дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Боз бие» өлеңін жатқа оқу.- Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?- Төрт түлік.
- Төрт түлікке нелер жатады?
-Осы 4 түлік аталары қалай аталады?
Ендеше бүгінгі сабағымызды топпен жүргіземіз.
1 топ Ойсылқара
2 топ Қамбарата
3 топ Шопаната
4 топ Зеңгібаба
5 топ Сексеката
Сауалнама жүргізу- Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондарарқылы көрсетеді.1. Дауысты дыбыстар қатарын тап:а) б, в, г+ ә) а, ә, е2. «К» қандай дыбыс?+ а) дауыссызә) дауысты3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?а) 40 әріп+ ә) 42 әріп4.Жуан дауыстыларды тап;
а)ы,і,ә,о,ұ, е.
ә)а,о,ұ,ы.
5. Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар?а) 40 әріп+ ә) 42 әріп
III. Мағынаны таныту.Сөзжұмбақ шешу.
1.Қой бағатын адам.
2.Қойдың қас жауы.
3.Түйе баласы
4.Жылқы баласы
5.Сиыр иесі
6. Жылқы атасы
7. Кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыс.
Ш о п а н Қ а с қ ы р
б о Т а қ ұ л Ы н з е ң г і б а б а
қ а м Б а р а т а у Бұзау ненің төлі?
- Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы«Ақ бұзау» деп аталады.IY. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру.Өлең не туралы? –бұзауОқулықтағы суретпен жұмыс- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
- Баланы- Баланың жанында не бар?- Бұзау- Бұзау ненің төлі?- Сиырдың төлі
Ақ бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасау- Бұзау сөзін буынға бөлу - сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады-2буын (Бұ-зау)
Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов.
СМАҚОВ Жақан (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.
Алдағы уақытта оқулықтан, газет-журналдардан оқып танысасыздар
- Оқулықтан өлеңді тұтас оқушыларға оқыту.Y. Сергіту сәтіҚуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Жарайсыздар балалар!
YІІІ. 28-жаттығу. Ауызша.1. Өлеңді мәнерлеп оқып, дыбыстық талдау жасау.өлеңнің мағынасын түсіндіру.
2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.
29-жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Сөздерден жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар. Дыбыстық талдау.
Сүт, айран, қаймақ, кілегей,май, құрт.- Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.Сөздік жұмысБүгінгі сабақта бұрын кездеспеген сөздер бар. Сол сөздердің мағынасын
дұрыс ұғынып алайық.Кілегей – сүт бетінде тұратын майлы қабат, шикі қаймақ.Уыз – жас төлдеген малдың алғашқы 3-4 күндік қою уыз сүтінен пісірілетін дәмді тағам.
Топтық тапсырма:
Әр топ оқушылары өз топ аттарын қорғау, дыбыстық талдау жасау
1 топ Зеңгібаба
2 топ Қамбарата
3 топ Шопаната
4 топ Ойсылқара
5топ Сексеката
«Тез ойла, сөз ойла»
Сыныптағы оқушылардың аттарының ішіндегі жуан айтылатын есімдерді ата.
1.Ахад 2.Айбат 3.Айсара 4.Ақерке 5.Жұлдызай 6.Айтбек
7.Дамир 8.Арайлым 9.Асылайым 10.Аружан 11.Жаннай 12.Мансур
VI. Ой толғаныс:1. Бүгін Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық? –Ақ бұзау2. Бұзау қай малдың төлі? –Сиырдың3. Сиыр иесін қалай атаймыз?- Зеңгі баба4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?- 2-ге, жуан, жіңішке5. Жуан дауысты дыбыстарды ата:- а, о, ы. ұ6. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз айт:- қой
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында көрсетілгендей, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында болу үшін болашақта төрт түлікті малды көбейтіп, өсіріп баға білсек, еліміз төрт түлік малға бай ел болады делінген.
VII. Үйге тапсырма:а) «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу
VIІІ. Бағалау Оқушыларды бағалау мониторг арқылы бағалау.