Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Наурыз
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлтық мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру. Оқушыларға рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.. Топқа бөлу «Жауқазын», «Бәйшешек» деп Бұл гүл қай мезгілде шығады? Бір жылда қанша мезгіл бар? Әр мезгілде болатын мерекелерді ата. 1
1
1
1
«Бабалар сөзі» 1-бала: - Арман деген не? – депті қария.- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт. 2-бала: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен. 3-бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт. 4-бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт.- Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.- Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды. 5-бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі?- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт. 6-бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт. 7-бала: -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.- Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария. 8-бала: - Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт.- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт. 9-бала: - Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті.- Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт. 10-бала: - Шындықты не бұзады? – депті қарт.- Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт.- Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт. 11-бала: - Адамға ақыл беретін кімдер? – депті қарт.- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт. 12-бала: - Адамның ақылы қайда? – депті қарт.- Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт.- Жоқ балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында, әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті қарт. 13-бала: - Достықты нығайтатын не? – депті қарт.- Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.- Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт. 1
Жерден ауыр не бар? Судан терең не бар? Оттан ыстық не бар? Көктен биік не бар? Дүниеде не жетім? Жаңбыр жаумаса – жер жетім, Басшысы болмаса – ел жетім. Ұқпасқа айтылған – сөз жетім Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. Дүниеде ең жақының кім? Тату болса – ағайын жақын Ақылшы болса – апайың жақын Бауырмал болса – інің жақын. Инабатты болса – келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың. Дүниеде не қымбат? Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-береке – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді – апаң қымбат. Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. Дүниеде не қиын? Арадан шыққан – жау қиын. Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын. Жазылмаған дерт қиын. Іске аспаған серт қиын. Ақылынан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың. 1
1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл) 1
Ұлыс күні кәрі-жас,Құшақтасып көріскен.Жаңа ағытқан қозыдай,Жамырасып, өріскен,Шалдар бата беріскен:Сақтай көр деп терістен,Кел таза Бақ кел десіп,Ием, тілек, бер десіп,-деп «АРМЫСЫҢ ,ӘЗ-НАУРЫЗ» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Жақсы...келеді,Жаман ...келеді. Түйедей ... бергенше,Түймедей... берсін.Қылыш ...бітер,Тіл ...бітпес.Ісің ақ болса,құдайың... болар.Білмеген...тұтылар,білген... құтылар.Өнерлі өлмес, өнерсіз ...