Ашы? т?рбие са?аты ?стазым, ?ла?атым, ?лгі — ?негем!



Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем! Ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Танашева.Г.У
Класы: 6ә
2016 -2017 оқу жылы

Ашық тәрбие сағаты
Күні: 5.10.16
Сыныбы: 6ә
Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
Міндеттері:
- Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
 - Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: СТО, пікір алмасу, сұрақ-жауап, зерттеу, кездесу
Көрнекілігі : Тақырыпқа сай жазылған қанатты сөздер; гүлдер, шарлар, постер.
Техникалық құрал: Интербелсенді тақта, аудио, видеороликтер
Барысы:
Мұғалім:
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Мерекелеріңізбен!
Психологиялық тренинг:
Қызығушылық ояту
«Ұстазға теңеу»
Ұстаз – ұлы есім
Ұстаз – мектептің жүрегі
Ұстаз – ана
Ұстаз – дана
Ұстаз – бағбан
Ұстаз –жарық
Ұстаз – тәрбиеші
Ұстаз – нұр
Ұстаз – білім беруші
Ұстаз – күн
Ұстаз – ақылшы
Ұстаз – сенімді дос
Ұстаз – гүл
Ұстаз – қамқоршы
Ұстаз – мейірімді жан
Топқа бөлу: Оқушыларды ұстаз туралы нақыл сөздер арқылы арқылы 3 топқа бөлу
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбаев
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Халық даналығы
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский
1- топ “Зерттеушілер”
2- топ “Тарихшылар”
3 –топ “Журналистер”
Мәтінмен жұмыс:
1- топ “Зерттеушілер”
“Педагог” “Мұғалім” “Ұстаз” ұғымдарын зерттеу
2- топ “Тарихшылар”
Мұғалімдер күнінің шығу тарихы
3 –топ “Журналистер”
“Дара жол” бағдарламасы
Әр топ тапсырмаларына сай постер дайындап, қорғайды.
Ой қорыту: Бес жол өлең немесе синквейн
1- топ “Зерттеушілер” Ұстаз
2- топ “Тарихшылар” Мектеп
3 –топ “Журналистер” Оқушы
Мұғалім:
Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.
Оқушылардың ән жолдауы.
Ән: Ұстазым
Тыңдағанған көңілдегі толғамымдыШындаған тәрбием мен талғамымдыӨмірдің маған сыйы деп білемінӨзіңдей жанға шәкірт болғанымдыТабылған балапан ем ұядағыҚырандай жетілдірдің қиядағыҰстазға деген ыстық сағынышымБір әнге қалай ғана сия аладыҰстазым меніңҚамқорым едіңБаулыған осы өнергеЖүрегің дарханӨзіңнің арқаңБиікке шықсам егердеӨнердің мен білмейтін қатпаларынЖаныма сіңіргенше тоқталмадыңАлдымнан шықты бүгін қолын бұлғапҚанша жыл қиялдаған тәтті арманымҰстазым меніңҚамқорым едіңБаулыған осы өнергеЖүрегің дарханӨзіңнің арқаңБиікке шықсам егерде