Презентация открытого урока по черчению Біріктірулер туралы жалпы м?лімет (9 класс)
Біріктірулер туралы жалпы мәлімет.Ажырайтын біріктірулер.9 сыныпПәні: СызуМұғалімі: Макпозов Сагындык Утебаевич
Сабақтың мақсаты: Білімділігі – біріктірулер туралы жалпы мәлімет беру, ажырайтын біріктірулер туралы тереңдеу білім беру;Дамытушылығы – заманауи техника кеңінен тараған біріктірулер турлері туралы білімдерін дамыту;Тәрбиелігі – оқушыларды тиянақтылыққа, шеберлікке, сызбаны сауатты, ұқыпты орындай білуге тәрбиелеу.
ІІ. Өткенді қайталау1) Эскиз дегеніміз не? (Сызу аспабын пайдаланбай қолмен сызылған нақты масштабы сақталмаған, бәрақ тетікбөлшек элементтерінің пропорциялары міндетті түрде сақталған көрнекі кескінді)2) Пішімдердің түрлерін атап шығыңдар (А1, А2...)
Біріктірулердің түрлері
Шпондық біріктіруШпондық біріктіру біліктен, шпонкадан және білікке қондырылатын тетікбөлшектен (дөңгелек, төлке және т.б.) тұрады. Шпонка деп бір мезетте біліктегі және түйіндесетін тетікбөлшектегі ойықтарға кіріп, олардың өздік бұралмауын қозғалмауын қамтамасыз ететін тетікбөлшекті атайды (5.1-сурет)Шпонкалардың пішіндері мен өлшемдері стандартталған, олар біліктің диаметрі мен біріктірудің жұмыс атқару шартына байланысты анықталады. Құрылымына байланысты шпонкалар призма, сына және сегмент тәріздес болып бөлінеді. Сызбада шпондық біріктіруді көрсету үшін біліктің берілген d диаметріне байланысты сәйкес келетін стандарттан шпонканың b,h және l өлшемдерін таңдап алуға болады. Біліктегі ойықтың ұзындығын шпонканың ұзындығына тең, ал шпонка ұзындығын төлкенің ұзындығынан 5...6 мм кем алады.
Шлицтік біріктіруБілік және төлке арасындағы біріктіру көмекші тетікбөлшекті қолданбай-ақ, біліктегі тістер (шлицтер) және төлке тесігіндегі ойықтар (паз) арқылы орындала алады. Мұндай біріктіру шлицтік (тісті) деп аталады
Штифтік біріктіруШтифтік біріктіруді тетікбөлшектердің өзара үйлесе орналасымын айқындап алуда қолданады. Кей жағдайларда штифтер біріктірулерде шамадан артық жүк түсуден сақтандырушы рөлін де орындайды. Штифт – бұл цилиндр немесе конус тәріздес, дөңгелек қималы, өңделген өзек. Мұндай біріктірулерді тілік арқылы кескіндейді.
ТапсырмаЦилиндр және конус тәріздес штифтер сызыңдар: d=10мм, l=60мм (5.5-сурет)
Бағалау543
Үй тапсырмасы5.1-тақырып, 5.4-сурет (49-52 бет)