Саба?ты? та?ырыбы: Мені? отбасым ІІ с?билер тобы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Көгершін тобы
Білім беру саласы:
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру;
Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды ынқ, таза жеткізе білуге дағдыландыру;
Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқар болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қызығушылық Шаттық шеңберін құру. Ә. Қонарбаевтың «Бала, бала, балақан» әні орындалады. Балалар шаттық шеңберінеөлеңді қайталап, оны мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды..
Ұйымдастырушылық-ізденістік Әңгіме Жүргізу.
Балалар, Біздің Шаттық Шеңберіміз Киіз Үйге Ұқсайды. Жоғарыда Күмбез Шаңырақ Деп Аталады. Шаңырақ-Отбасының Белгісі. Әр Адам, Үлкен Болсын, Кіші Болсын Өз Үйін Жақсы Көреді, Себебі Ол Үйде Оның Отбасы Тұрады. Отбасы-Дегеніміз Бір Үйде Тұратын Адамдар Тобы. Отбасы Мүшелері; Әке, Ана Және Олардың Балалары. Отбасының Болуы – Үлкен Бақыт. Барлығымыз Бірге Қайталайық.
Отбасы – Ол Бақыт,
Отбасы – Ол Ата-Ана,
Отбасы – Туыстарымыз,
Отбасы – Ол Шаңырақ.
Әр Адамның Өз Үйі Болады. Онда Оның Отбасы Мүшелері Тұрады. Олар Ата, Апа, Әке, Ана, Әпке, Аға, Іні, Қарындас Т.Б.
Сергіту Сәті. Е. Өтетілеуұлының «Бес Саусақ» Өлеңімен Орындалалды.
Суретпен Жұмыс. Отбасы Бейнеленген Суреттен Оның Мүшелерін Айтқызу.
Мына Отбасында Ата, Әже Бар Екен,Балалар Тағы Кім Бар?
Төрде Кім Отыр?
Дұрыс Айтасыңдар. Атаның Оң Жағында Әже шай ішіп отыр.
Шайды кім құйып отыр?
Барлығымыз үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой?
Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Менің Отбасым» Берілген суреттердің ішінен (анасын) отбасы мүшесін табу.
Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз.
Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.
Ойын:Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері крсетілген. Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар бірге қайталайды.
Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар бірге қайталайды.
Саусақтарды көрсетіп айтады.
Анасы, әкесі, аға, апасы бас екен.
Отбасы мүшелері жиналып шай ішіп отыр.
Ата отыр.
Анасы шай құып отыр.
Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге орындайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар бірге қайталап айтады.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам айтады.
Рефлексиялық түзетушілік Срақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерінің туыстық қарым-қатынасын түсініп бір-біріне қамқор болу керектігін;
Игереді: отбасы мүшелерінінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерін;
Меңгереді: отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормаларын сақтай білуді.