О?УШЫ МЕН М??АЛІМНІ? ЖА?ЫМДЫ ?АРЫМ ?АТЫНАСЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ?А МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫ? Ы?ПАЛЫ
ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптасады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Демек, қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері бар, ол – кез келген пән бағдарламаларының мазмұнына рухани адамгершілік құндылықтарын енгізу. Тәрбие іс- шараларын балаға адамның асыл қасиеттерін бойына сіңіруге ықпал ететін бағытта ұйымдастыру. Рухани тәрбие – өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысын алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез - құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Мұғалім әрбір сабақты, жан-тәнімен әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды - өзі үшін заң санауы қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы балаға тәрбие бере алады. Балалармен педогогикалық қарым-қатынас жасау – шығармашылық процесс. Баламен кез келген әрекет шығармашылық міндетті шешу болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас үдерісінде педогогтың жеке тұлғалық қасиеттері, шағырмашылығы жақсы көрінеді. Қарым қатынас тиімді болу үшін, ол – белсенді болуы керек.
Адамды қабылдау – оның сыртқы келбетіне көз тастаудан тұрады, яғни әдеміге, ашық түске әсері пайда болады, ішкі жас ерекшелігіне қарамастан, сыртқы кейіпке қарай бағыттап, оны өз қабылдауының біртұтастығын бұзғысы келмесе, өзінің сыртқы келбетіне ұқыптылық таныту керек Көптеген адамдар өз жүріс- тұрыстары туралы ойланбайды. Ал, ол сыртқы мәліметтерді құрайтын табысқа әсер ететін сипат болып табылады. Дауыс сияқты жүріс-тұрыста да, адамның қатігездік, дөрекілік, шыдамсыздық, жуастық, адалдық сияқты қасиеттері көрінеді.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған психологиялық жаттығулар: (практикалық алаң)
Тақырыбы: Жеке тұлғаның өзінің жан –дүниесі мен қарым-қатынасын анықтау
Мақсаты: Жеке тұлғаның өзінің жан дүниесіне үіңіле білу, пікірлесу, өз-өзінен есеп алу, өз-өзіне баға бере білу білігін анықтау. Ішкі әлемімен ойша қарым-қатынасқа түсе білуге қалыптастыру.
Қажетті құрал: А-4 форматы, маркер, қалам, айна, үн таспа «Мен кіммін» әдістемесінің бланкісі.
Нұсқау: І. «Мен кіммін» Қатысушылар «Мен» образы төңірегінде , сызба түрінде өзінің ойын жазу.
ІІ. «Жанарымнан не ұқтым» Айна арқылы өз жанарыңа ұзақ қара, қандай сезімді, ойды ұқтың соны қағазға түсіру.
ІІІ «Жансыз жүрекке жан бітір» Алдарыңдағы қағазға жүректің суретін салып,өз жүрегіңде кімдерге орын болса сол адамдарды гүлдің бейнесінде жүрегіңнің ішіне орналастыр.
ІV. «Менің жағымды, жағымсыз қасиеттерім» тақырып бойынша өздерінің екі бағыттағы қасиеттерін жазу.
Арнайы тапсырмалар орындалып болғаннан кейін ойынға қатысушыларға айнаға қарап тұрып, «Сергектік», «Сенім», «Күш», «Өмірге деген құштарлық» деп аталатын мүсін жасау тапсырмасы берілді.
Талдау: Кімге өзінің жан дүниесімен қарым-қатынас жасау қиынға түсті немесе керісінше оңай болды? Жанарыңнан қандай сыр ұқтың? Жүрегіңнен бірінші болып кімдерге орын табылды? т.б.Сұрақтарға әркім өзінше жауап беріп, ойларын ашық бөліседі.
Өзара қарым-қатынасын жетілдіру.
Ұсынылып отырған жаттығулардың мақсаты: Қатысушыларды ұжымдық ұйымшылдыққа,бір-бірін құрметтеуге,топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасын жақсартуға, ынтымақтастықты орнатуға психологиялық тұрғыда ықпал ету.
Қажетті құралдар: Интерактипті тақта,А-4 парматы,үн таспа,шарлар т.б
«Кімнен нені күтуге болады?»
Шарты: Сыныптастарының ерекше қабілеттері мен икемділіктерін ескере, еске түсіре отырып бір мамандық иесі болуға ұсыну( мыс: дәрігер, мұғалім ,аспаз, әртісітік т.б)
«Бірлескен ойдың түйіні»
Шарты: Ойынды жүргізуші бір тақырып айтады, қатысушылар бір-бір сөйлеммен толықтыру керек. Ұжымның бірлескен ойынан мазмұны,мақсаты жағынан бір-бірімен толықтырылған ертегі ,әлде әңгіменің құрастырылуы немесе құрастырылмауы ұжымның қарым-қатынас әрекетін білдіреді.
«Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін»
Шарыты: Оқушылар екі топқа бөлінеді.Әрбір ойыншының арасына шар қойылып, шеңбер бойымен жүреді. Қолдарыжоғары көтерліп желке тұсына ұсталады. Шарды қолымен ұстауға немесе тіреуге болмайды.Топты бастаушы нұсқаушының көрсетуімен зикзак бинесімен жүріп, бөлмені бір немесе екі айналып шыққанша шар түспеуі керек.Ойынның шарты бойынша ұйымшылдық қарым-қатынасы жақсы топтың шарлары түспей, ойынның аяғына дейін бір-бірінен ойынға қатысушылар ажырамаулары керек.
«Жұлдызды құрт»
Шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен бір қатарда жүріп келе жатып, бастаушының көрсеткен қимылдарын шатастырмай қайталап ,кедергілерден үзілмей өтуі керек.
Жүріс-тұрыс,сөйлеу мәдениетіне байланысты жаттығу «Сыпайылық»
Шарты: Ойыншылар шеңбер құра отырады.Ортада сезімтал құс.Кұстың қасиеті қатты дыбыс шыққанда шиқылдайды.Ойыншылар тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің сөйлеу , жүріс –тұрыс мәдениетінің деңгейін көрсетеді.Тапсырма түрлері:
- Көптен көрмеген достарын қуана ,алдарынан жүгіріп шығып қарсылау.
- Автобуста аяғыңды қатты басып қозғалмай тұра берген адаммен қарым- қатынас.т.б
Физикалық қатынасқа байланысты «Сезімталдық» жаттығуы
Шарты: Ойынға қатысысушылар орындыққа дөңгелене отырады. Әрбір ойыншы өзінің алдында отырған ойыншының орынын іштей еске сақтаулары керек. Жүргізушінің «Көздеріңді жұмып сол ойлаған адамның орынына барыңдар» деген команданы орындаулары қажет. Ойын 5-6 рет қайталанады.
Өзара қарым – қатынас дағдысын дамыту ойындары.
Мақсаты: Оқушылардың іскерлігін дамыту. Өз-ара біріккен қарым-қатынасқа машықтандыру және сергіту.
«Көңіл-күй неге ұқсас»
Шарты: Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жарық күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа- райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
«Тасбақалардың жүгірісі» Шарты: Бұл жүгірудің ерекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
Рефлексия: Сіздер ойынның басында қандай көңіл –күйде, соңында қандай сезімде болдыңыздар?
Ойынға қатысушылар «Біздің топ» тақырыбымен өз тобы бойынша ойларын тірек-сызбаға толтырады. Сонымен қатар қарым-қатынасты дамытуға
Қорытынды. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе –оның басқа адамдар мен біріккен іс-әрекеті, ортақ пікір де қарым-қатынас жасай алу мәдениеті десек, Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептегі психологиялық қызметтің жүйелі әрі жоспарлы жұмыс атқаруы ерекше маңызға ие.
ӘДЕБИЕТТЕР
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (оқу құралы) Алматы 2001. 57 б.
Әубәкірова Ж.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері. Пс.ғ.канд.дисс.Алматы. 2001ж. 135-бет
Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427.
Буева Л.П. Человек: деятельность и общение.-М.,1978.-с.113.
Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997