Открытый урок по казахскому языку на тему Тіл м?дениеті (7 класс)


Сынып: 7 сыныпПәні: қазақ тіліСабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.
Сабақтың түрі:
1) Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.2. Деңгейлік тапсырмалар4. РАФТ стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!». Н.НазарбаевИнтер белсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.МүсіреповАна тілін білмейтін адам — бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.МұстафинСабақ жоспары:
Психологиялық дайындық.2) Үй тапсырмасын тексеру.3) Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар назарын сабаққа аудару.2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, өткен сабақта біз сіздермен қандай тақырыппен танысып едік? Әрине, дүние жүзінде қай тіл ең көп тараған? (қытай тілі)Туған тілім — тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, менде бірге өсемін,Өшсе тілім, менде бірге өшемін!
3. Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылығын оятуМұғалімнің сөзі: Тіл — қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам — туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі — адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.
ІІ. Мағынаны тану«Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыруТілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарттары – дұрыс сөйлей білу.Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күлдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп келтіреді, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ: «Аталы сөз – баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.
Сөздікпен жұмыс.Күлдіру — смешитьКүйдіру — огорчатьСүйсіндіру — влюблятьСүріндіру — спотыкатьсяБүлдіру — испортитьЖұбату — утешать
ІІІ. Ой толғаныс. Тілші ойыны арқылыСұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.
Тілді қадірлеу неден басталады?Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталадыАдам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу болып табыладыТілін білмеген нені білмейді?Тілін білмеген — түбін білмейді.
Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?«Аталы сөз — баталы сөз» деген екен.
«Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.
Топпен жұмыс:
І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септеуІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазуІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрауТілге келмеу — қарсыласып, ұрысып сөйлемеуТілді байлау — сөз бермеген адамды айтадытілі қышыды — айтқысы келген адамды айтадытілсіз қалу — сөйлемей қалған адамІV. Өзіндік жұмысӘр оқушы топта РАФТ құрастыру.
Рөлім – оқушыАудитория – сыныпФормасы – мәдениетті сөйлеуТақырып – Тіл мәдениетіМен мәдениетті сөйлеймін.
Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.
Мен қызықты кітап оқимын.
Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Бағалау.