Жапсыру саба?ы. Жайлауда?ы ?оша?андар


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Жайлаудағы қошақандар
Мақсаты:
Білімдік: Үй жануарларымен таныстыру. Қойлардың суреттерін «жайлауға» орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелік:. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал: үлестірмелі материалдар, жайлау мен үй жануарларының иллюстрациясы. Магнитті тақта, қошақандардың дайын суреті.
Алдын ала орындалатын жұмыс: балаларды жайлаумен және үй жануарымен таныстыру.
Оқу іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбер
- Балалар, бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық!
Педагог қолына жүрек түрінде жасалған жұмсақ ойыншықтарды алып, қасындағы балаға берді.
- Балалар бір-біріңнің жүрек жылуыңды сездіңдер ме?
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Балалар келіседі, көлік түрлерін айтады.
Балалар қызығушылық танытады, қатар-қатар тұрған орындықтырға орналасады.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік Ойын жағдаяты.
- Балалар, бүгін біз машинамен жайлауға барсақ қайтеді?
Сөздік жұмыс: жайлау
- Қане, бәріміз машинаға отырайық.
- Балалар, біз жайлауға келдік.
(жайлаудың суреті)
- Айналамызда не бар екен?
- Балалар, мен сендерге жайлау туралы тақпақ оқып берейін:
«Жайлау»
Сыбырлап желмен құрағы,
Сылдырлап аққан бұлағы.
Жұпар ауа, жасыл жер,
Малшылардың тұрағы,
Жайлау маған ұнайды.
«Үй жануарлары»
- Балалар, жайлауда тағы нелер жүр екен?
Сурет көрсету: қой, жылқы, ешкі, түйе.
Д.ойын «Не қалай дыбыстайды?»
Қой маңырайды: мә-мә-мә,
Сиыр мөңірейді: мө-мө-мө,
Жылқы кісінейді: ио-ио-ио,
Түйе боздайды: бө-бө-бө,
Ешкі бақырады: бе-бе-бе.
Саусақ гимнастикасы.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс:
- Қойдың төлін қошақан деп атайды.
- Жайлауда қошақандар бар екен.
- Оларға жайлауда жүрген ұнай ма?
- Қайдан білдіңдер?
Магниті тақтадағы қошақанның дайын пішінін жасыл шөп үстіне дұрыс орналастыруды көрсету.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Педагог балалардың жұмыстарын бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады.
- Жарайсыңдар, балалар, жайлаудағы қошақандар саны көбейді.
- Балалар, «жайлаудан» балабақшаға «машинамен» қайтайық.

Балалар келіседі.
Қайталайды: жайлау.
Орындықтарға отырады.
Балалар жайлаудың суретіне қарап жауап береді.
-Үй жануарлары.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
-қой, жылқы, ешкі, түйе.
Қой маңырайды: мә-мә-мә,
Сиыр мөңірейді: мө-мө-мө,
Жылқы кісінейді: ио-ио-ио,
Түйе боздайды: бө-бө-бө,
Ешкі бақырады: бе-бе-бе.
Балалар саусақтарын бүге отырып тақпақтарды қайталайды
Иллюстрацияны қарайды,жауап береді.
-Ұнайды
-Қуанып жүр
Балалар қошақандар суретін «жайлауға» дұрыс жайғастырды.
Балааалааар жайлаудан бааалллааабааақшаға қайтты.
Рефлексиялық-түзетушілік Оқу іс-әрекетін қорыту
- Жайлауда нелер жайылады?
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Түйе – малдың үлкені,
Жылқы – малдың үркегі,
Сиыр – малдың сүттісі,
Қой – түліктің құттысы.
Қой, ешкі, түйе.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: үй жануарларын атауды біледі, қошақандарды жайлауға орналастырады;
Түсінеді: жайлау туралы, үй жануарларына қамқорлық жасауды;
Қолданады : дайын бейнелерді орналастырады.