Елімні? еркіндігі т?уелсіздік презентация (9 сынып)
1.1986 жылдың желтоқсанындағы, қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы,бейбіт шеруге шыққан,тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін,жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. 2.Оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту. 3.Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,сыйластыққа,ұлтшылыққа тәрбиелеу. І.Ұйымдастыру бөлімі ІІ.Кіріспе ІІІ.”Тәуелсіз Қазақстан” (тарихи шолу) IV.”Желтоқсан-қасіретім,ар-намысым,айбыным” (желтоқсан құрбандарын еске алу) V. “ Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын” (Еліміздің жетістіктеріне шолу жасау) VІ. “ Біз-тәуелсіз ел болашағы” (оқушылар шығармашылығы) VII. Тәуелсіздік шежіресі VIII. Ізгі тілектер (оқушылар жүрекжарды тілектерін айтады) XI. Қорытынды (Тарихи шолу ) Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.1988 жылғы мамырда-қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Балалық шағы Әскердегі кезі Қайраттың студенттік шағы Қайраттың отбасы Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті. Ләззат бауырларымен бірге Ләззат 10 жаста 1980 жыл Ләззат 12 жаста 1982 ж Ләззат музыкалық училищенің студенті болған кезінде 1986 жыл Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында қызының рухына тағзым етуде. 17 желтоқсан. 2007 Желтоқсан желі Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге және Қазақстанда күшті ,өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналдыратынымызға сенемін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны,Еліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің - Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! 1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 6.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.7.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды. 10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген. Ал екінші бақытым-Тілім меніңТас жүректі тіліммен тілемдедімКей кезде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім 11.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті. Осал жергеОртаймас бақ қона ма?Ер көңілі толмаса тақ қона ма? Атар таңдар бере гөр құт-береке Елдің төрі-Қасиетті Астанаға. 12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы. 14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.15. 2001 жыл Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.16. 2002 жыл Денсаулық жылы17. 2003-2005 жыл Ауыл жылдары 18.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.19.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.20.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.21. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады. 22. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.23. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.24. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауыЛаула,Лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдіңЕшқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы