1-желто?сан к?ніне арнал?ан ашы? саба?


Тақырыбы: «Біздің тұңғыш Президентіміз»Мақсаты:а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан - НұрсұлтанНұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.Елбасыны құрметтейтін ерекшеАрмысыздар, ақ пейілді көпшілік!Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгін 1 - ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 4-ші жыл тойланып отыр.
Ашық сабағымызды бастамас бұрын Елбасы туралы шағын мәліметтен бастасақ. (Балалар Елбасы туралы мәліметтерін айтады)
Бір басында кемеңгерлік, даналық,Елін сүйген елі үшін жаралып.Сол кісідей болса - болсын әр алыпАдамдықтың аласармас үлгісіБір өзінен жатқаны шын таралыпБүгін Тұңғыш Президенттің күнінеӘсем әнді шырқата бір салалық! Жүргізуші: «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 - дыбыстан тұратын «А ру қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.А – Астана - жастардың қаласы.Р - республиканың орта тұсында орналасқан.У - Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.А - Алғашқы атауы – Ақмола.Л - Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.А - Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.А - Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.С - Символы - Бәйтерек.Т - Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.А - Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.Н -«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.А - Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім.Жатыр алып жарты дүние әлемін!Бұл даланы анам жаспен суарған,Бұл далада атам қолға ту алған,Бұл далада жылап келіп, уанғанБұл даланы көріп алғаш қуанғанБұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе Ел басымызға арналған өлең шумақтарына кезек берейік.Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,Елбасымыз Нұрағаңның бастауыБилік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатындаВикториналық сұрақтарға жауап берсек.Викториналық сұрақтар:1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)Жүргізуші:Туды ұстап тура жолға түсіріп,Жас Отанның өмірін де түсініп,«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,Бір керемет жасады - ау кісілік!
Сан ұлттың басын қосып ҚазақстанБекемдеп саясатын іш пен тыстанЕлбасы, алдын ала болжай біліп,Сүрінбей аман өттік дағдарыстанЖыл сайын табыс қоссын табысыңаӘр қазақ берік болсын намысынаНұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына !
Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Қош сау болыңыздар!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанда металлургия комбинатына қарасты жоғарғы техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғарғы партия мектебін бітірген.
1990 жылы. ақпан, сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1991 жылы желтоқсанның бірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Нәтижесінде 79.78% дауыс алып жеңіске жетті.
 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.
Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.