Открытый урок Елбасы сенімі — ел сенімі (5-11 класс)


Ақмола облысы, Жақсы ауданы
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы
Қима орта мектебінің кітапханашысы
Есенгулова Тогжан Сейткереевна
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
1 жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары! Бүгінгі Қазақстан Республикасының - Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы сенімі - ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
2 жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
1 жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Назгүл! Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2 жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
1 жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? 
 2 жүргізуші: Әрине, Аяулым! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады.
1 жүргізуші : Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
2 жүргізуші: Қазақстанның егеменді ел атауына Елбасының қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағы жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздіктің жетістіктерін біліп жүру біздің міндетіміз.
2 жүргізуші: Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
1 жүргізуші: 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды. 1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынасжақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды.
1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан - НұрсұлтанНұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.Елбасыны құрметтейтін ерекшеАрмысыздар, ақ пейілді көпшілік!2 жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,Қазақ елін мойындауда дос таңдап.Елбасының еңбегімен нұрланаҚазағымның мерейі тұр аспандап.Елі үшін олжа салып қиырдан,Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.Мерекеңіз құтты болсын көпшілікЕлбасының құрметіне жиылған! Демекші  алғашқы сөз кезегін мектебіміздің ардагер ұстазы Усембаева Майра Жетпісбайқызына береміз.
 Ән: «Нұраға» әнін орындайтын - Қажымуратова Асем. 1 жүргізуші:Ел тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.Тақпақ: (Оқушылар тақпақ айтады).
1 оқушы: Томирис
Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-оқушы: Алихан
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.
3-оқушы: Малика
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
4-оқушы:Аружан
Туған жердің жайқалған алқабы егін, Биік сенің мәртебең, дарқан елім.Пейіліндей қазақтың байтақ далам,Сен не деген кең едің, шалқар едің.
5-оқушы: Мансур
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.
6-оқушы: Диляра
Әсем сазы басталған таза ағыстан,Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқынЕгеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 
7-оқушы: Назым
Гүлдене бер, Отаным,Көтерген туын Нұр ағам!Көбейткен достың қатарын,Нұр аға – біздің ұлы адам.
8-оқушы: Аяжан
Шықты тарап ой-данадан,Бері қарап жұлдыз беті.Өзі қалап сайлап алған,Елімнің бар Президенті
 Көрініс: «Дос іздеген Бота» ертегісі «Ұр, тоқпақ!» үйірмесінің оқушылары дайындаған.
1 жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі         
Бір өзінен жатқаны шын таралып            
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне           
Әсем әнді шырқата бір салалық!Ән: «Бала тілегі» әні орындайтындар Балғожа Индира мен Жәңгір Айсұлу.
Начало формы
Конец формы
Начало формы
Конец формы
Начало формы
2-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
1-жүргізуші:Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік.
Көрініс қойылымы: «Күн іздеген достар» ертегісі «Ұр, тоқпақ!» үйірмесінің оқушылары дайындаған.
2-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман, тоғай көлімізді.
Ән: «Самға» әнімен орындайтын - Дарменова Гүлназ.
1-жүргізуші:
Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Ән: «Туған жер» орындайтын Блиспекова Перизат
2-жүргізуші:
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
1-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!