Ежелгі Египеттегі е?бекшілерді? жа?дайы 6-сынып
6 сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту.
Дамытушылық: Ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.
Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырып, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: сурет, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
«Ніл – құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.
ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей топтарға бөліне бастады.
Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге оларды «тірі өліктер» деп атады?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын, олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.
Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.
№ Құл Шаруа Колөнерші Тау-кен жұмысшылары
1 Нені иемденді? 2 Қандай жұмыстар атқарды? 3 Қандай құқықтары болды?
Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген: заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.
«Шаруаларға келсең осы, - дейді салық жинаушы,» - «Өнім жоқ» - деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
«Шаруа дегеніміз кім?
Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
Оны кім және қалай қанады?
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын.
Сабақты пысықтаймын.
ІІІ. Үй тапсырмасы: §5.