Ежелгі Т?ркі м?дениеті. Жазуы мен ?дебиеті
КМҚК Қарағанды гуманитарлық колледжіМамандығы: Бастауыш білім беру Б-12Мерзімі: 22.12.2012Уақыты: 9:40-11:10Пәні: Қазақстан тарихыТақырыбы: Ежелгі Түркі мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті
Сабақтың мақсатыКейс амал – тәсілін пайдалана отырып, жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып, оны жан – жақты талдап, ой туындататын сұрақтарға жауап іздеп, салыстырмалы түрде қарастырып, шешімдер қабылдау.Мәселені шешу жолындағы берілген өмір тарихын баяндайтын материалдарға сілтеме жасау.
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Түркі мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті.Сабақтың мақсаты: а) Ежелгі Түріктер мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті туралы түсінік беру;б) - Өткен тақырыптарды оқушылардың қаншалықты меңгергенін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру. - Жаңа тақырып бойынша игерген білімдерін өздігінше қорытындылауға, еңбектенуге, топтық сайыс арқылы белгілі бір шешім қабылдауға, мәселені шешу жолында өзара білім бәсекелестігін қалыптастыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру;в) Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытты дұрыс пайдалануға, ұқыптылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ҚДМ, карта, слайдтар, т.б.Сабақ түрі: АраласСабақтың типі: Жаңа сабақ /кейс-стади амал-тәсілі бойынша ізденіс, зерттеу, топпен жұмыс/ Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: СәлемдесуОқушылар тізімін тексеруОқушылар назарын сабаққа аудару
ІІІ Жаңа сабақ: Ежелгі Түркі мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. IV Жаңа сабақ барысы: Кейс амал-тәсілі бойынша Түрік қағанатының тарихына тоқталамыз. Жол сілтеуші (мұғалім) мына бағыттарда сұрақтар қояды.
ТарихыКөк түріктер тарихынан: VI ғ. Қазақстан жері құдіретті мемелекет – Түрік қағанатының иелігінде болды. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542 ж. шежіресінде кездеседі. Қытай жылнамаларында түркілер ғұндардың тікелей ұрпағы деп айтылады. Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі – теле. Олар қазіргі Монғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен, батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашин тайпасымен байланыстырады. Түріктердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, жужандарға темір өндіреді. 546 ж. жужан қағаны Анахуан түріктер көсемін: «менің темір қорытатын тұтқыным», - деп түріктердің басты кәсібін айрықша атайды. Кейіннен күш жинап біріккен түркі тайпалары жужанжарға қарсы тұра білді. Түріктер 552 ж. Солтүстік Монғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара, Мұқан қағандар еді. Олар көршілес тайпалармен қоса жужандарды да тізе бүктірді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғ. Екінші жартысында түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.582-603 ж.ж. Түркі мемлекетінде ішкі қайшылықтар шиеленісіп, 603 ж. Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ будун» - «он оқ елі» аталды. Қидан еліе, Енисей қырғыздарын басып алған ШығысТүрік қағанаты, 711 ж. Инел қаған мен оның бас қолбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне қаратты. Бұдан соң 716 ж. Білге қағанның тұсында түріктер Қытай әскерлеріне үлкен соққы берді. Батыс түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 ж. Еділ бойына, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.
Түрік империясының басқару жүйесіҚағанЯбғу Тегін Шад«Қара бодун» - бұқара халық«Тат» - халықтың төменгі жігі
630 ж. атақты саяхатшы, будда ғұламасы Шуаң Заң өзінің саяхат естелігінде: «Суябтың батысында бір-біріне тәуелсіз, бірақ бәрі түріктерге бағынышты оншақты қала бар. Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады», - деп жазған.Қолөнердің дамуы, сауданың өркендеуі ақша айналымын туғызды, қалалар санының көбеюіне жол аштыЖазба деректер
Тарихи диктант/Әр топ төмендегі сұрақтарға жауап жазып, баяндауы қажет /1-сұрақ Түрік қағанаты қалай құрылды?2-сұрақ Түріктер кімдердің тікелей ұрпағы болып саналады?3-сұрақ Түркі тілдес тайпаларды ата?4-сұрақ Егер түрік деген атау V-VI ғ.ғ. пайда болса, не себептен одан арғы дәуірлердегі тайпаларға түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?5-сұрақ Түріктер тарих сахнасына нені ала шықты оған мысал келтір?/Әр топ осы сұрақтар бойынша дайындалып, жауап береді/
Көне түркі ескерткішінің зерттелуі Әлемдегі барлық түркі тектес халықтар әдебиетінің бастау бұлағы болып табылатын көне түркі дәуіріндегі жазба жәдігерліктердің саны бүгінде 300-ге жетіп отыр. 552 ж. құрылған түркі қағанаты, онан кейінгі кезеңде екіге бөлінген (603 ж.) Батыс және Шығыс түрік қағанаттары дәуірлерінде жазылған аталмыш шығармалар көне түркі дәуіріндегі әдебиет деп аталады.Әрі қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ ұйтқы тілде жазылған. КТЕ ғылымға белгілі бола бастауы ХІХ ғ. алғашқы жартысынан басталды. Тұңғыш рет тасқа жазылған жазулар жөнінде әйгілі орыс ғалымы Г. Спасскй өзі шығарып тұрған «Сібір хабаршысы» деген журналда (1818 ж.) жариялаған. Бұл мақала ұзамай латын тіліне аударылып, әлем ғалымдарының назарын аудара бастады. Осымен бір мезгілде Сібірде айдауда жүрген швед офицері Табберт Стралленберг Минусинск ойпатынан тасқа жазылған белгісіз таңбаларды кездестіргені жөнінде қосымша хабарлама жасаған. Ол өзі тапқан жазуларды швед тілінде «РУНА» деп атаған. Қазақ тіліне аударғанда белгісіз таңба, құпия жазу деген мағынаны білдіреді. Кейін ғылымда «руникалық жазу» атты термин пайда болды. Осы мәліметтер баспасөз бетіне жарияланғаннан кейін, тұңғыш рет Финляндия археологиялық қоғамы 1875 ж. және 1889 ж. Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосуретті атлас жариялаған. Ал 1889 ж. орыс ғалымы Н.М. Ядринцев бастаған ғылыми экспедиция Минусинск ойпаты Енисей өзенінің аңғарымен жағалай отырып, Монғолия жеріндегі Орхон өзеніне дейін барып қайтты. Осы экспедиция нәтижесінде биіктігі 3,5 метр Күлтегін жазуы табылды. 1890 ж. Ядринцевтің ізімен финдердің Гейкель бастаған үшінші экспедициясы және орыстардың 1891 ж. Радлов бастаған екінші экспедициясы (құрамында Ядринцевте бар) зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. 1892 ж. екі экспедицияның да қорытынды нәтижелері шығарылып, Гелсингфорс және Санкт-Петербург қалаларында арнайы мәжіліс өткізілді. Осыдан соң-ақ бүкіл дүние жүзі ғалымдарының алдында шешімін күткен жаңа проблема қойылды. Ол «руникалық» таңбаларды оқу еді. Осы кезде Дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімінің профессоры, түрколог ғалым В.Томсен 1893 ж. өзінің «Тәнірі», «Түрік», «Дулыға» деген сөздерді оқығаны жөнінде мәлімдеме жасады. Осы оқудың нәтижесінде тұңғыш рет құпия жазуды оқудың құпия кілтін тапты. Сонымен бірге Радловта КТЕ-нің 16 таңбасын ажыратқанын мәлімдеді. 1894 ж. Радлов орыс тіліне аударып, мәтіннің нұсқасын, латын тіліндегі транскрипциясын қоса жариялады. Ал Томсен болса 1895 ж. өз тіліне аударып шықты. Кейіннен орыс ғалымдары С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский КТЕ-нің зерттелуін тарихи, әдеби тұрғыдан қарастырды. Ал 1965 ж. И.Стеблева «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінің орыс тіліндегі поэзиялық аудармаларын жасады. 1981 ж. М. Жолдасбеков қазақ тіліндегі поэзиялық аудармаларын жазып шықты. Соңғы жылдары қазақ ғалымдары Ғ. Айдаров, С. Аманжолов т.б. ғалымдар ескерткіштердің тілін жан-жақты зерттеген, зерттеп келеді.
Орхон ескерткіштерінің жанры КТЕ-нің жанры жөнінде қарама-қайшы екі түрлі пікір бар. Біріншісі, орыс ғалымы И. Стеблева пікірі. Ол КТЕ түркі халықтарының ерлік-шежіресін өлеңмен жырлайтын көркем эпостық шығарма деп бағалайды. Екінші А. Шербактың пікірі бойынша КТЕ-рі ешқашан әдеби шығарма емес, керісінше түркі халықтарының тарихи шежіресінің хронологиялық тізбесі дейді. Осы екі пікірді талқылаған қазақ ғалымдары: М. Әуезов, М. Жолдасбеков т.б. аталмыш ескерткіштерді жанрлық тұрғыдан алғанда түркі халықтарының ерлік дастаны жөнінде дейді.
Көне Түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі, әдеби сипаты. КТЕ-нің жанрлық ерекшелігін айқындауда бірден-бір негізгі өлшем ретінде оның көркемдік сипаты алынған болатын. Осы тұрғыдан келгенде Орхон, Енисей ескерткіштерінің әдебиетке тән мынадай сипаттарын атап өткен жөн:а) Көбінесе КТЕ-рі шет ел ғалымдары түсіне бермейтін түркі өлеңінің үлгісі ақ өлең өлшеміндегі ұйқасқа негізделген;б) Шығарма авторы белгісіз болса (Иоллых тегін болса) да, онда қолданған көріктеу құралдары, көркемдік тәсілдер, сол кезеңге тән белгілі бір әдеби дәстүрдің болғанын растайды, дәлелдейді.в) Өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында суреттейді, көркемдеп, әсірелеп жеткізіп отырады. Мысалы, тарихи даталардың орнын ауыстыру немесе басты кейіпкерлерді шектен тыс батыр етіп көрсету т.б.г) Ескерткіште халық даналығы, халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілері жетілдіріліп, орнымен пайдаланылған. Мысалы, «Өлімнен де ұят күшті», «Адам баласы өлгелі жаралған», «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Мұқият тыңда, терең ұқ», «Жырақ тұрғанға жаман сыйлық, жақын тұрғанға жақсы сыйлық», «Аштықта тоқтықты білмейсің, бір тойсаң аштықты білмейсің», «Қол қосылса күш өсер», «Әкем қағанның әскері бөрідей, жаулары қойдай болған екен», «Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды», «Сүйегі таудай үйілді, қаны судай төгілді» т.б.
Көне Түркі ескерткіштері және қазақ эпосы. КТЕ-ін суреттеу, баяндау, образ жасау тәсілдерінде қазақ эпосына сәйкес келетін тұстар өте мол. Әсіресе «Күлтегіннің» әртүрлі жорыққа аттанғанда, әртүрлі атқа мініп шабуы, ол атттардың соңыда қаза табуы, өзінің аман қалуы. Жеті жасында жауға қарсы тұрды. 47 жасына дейінгі барлық жорықта бораған оққа, шапқан қылышқа қарамастан аман-есен оралып отыруы, қазақ эпосының элементтерін еске түсіреді.
Тарихи диктант/Әр топ төмендегі сұрақтарға жауап жазып, баяндауы қажет/1. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі2. Көне түркі ескерткішінің жанры3. Көне түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі әдеби сипты4. Көне түркі ескерткіштері және қазақ эпосы 5. Күлтегін ескерткішіне сипаттама ЖАЛПЫ СҰРАҚ1. Ақ өлең дегеніміз не?2. Қазіргі уақытта ақ өлең желісінде кім өлең жазады деп ойлайсыңдар және мысал келтір?
V БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ 1. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың ............. шежіресінде кездеседі.а) 788 ж. в) 415 ж. д) 542 ж.б) 997 ж. г) 212 ж. 2. КТЕ-і тұңғыш рет 1818 ж. ................. жарияланды.а) «Фин хабаршысы» журналында в) «Ресей хабаршысы» газетінде д) «Дат» газетіб) «Сібір хабаршысы» журналында г) «Орхон стилі» журналында 3. Швед тіліндегі «Руна» қазақ тіліне аударғанда:а) Құпия в) Көне д) Сынаб) Сыр г) Ескі. 4. Түріктер ........... Солтүстік Монғолия жерінде Түрік қағанатын құрды.а) 738 ж. в) 552 ж. д) 622 ж.б) 907 ж. г) 488 ж. 5. Сібірде айдауда жүрген швед офицері, КТЕ жөнінде қосымша хабарлама жасаған:а) В. Радлов в) О. Гейкель д) Табберт Стралленбергб) Г. Спасский г) Н.М. Ядринцев
6. КТЕ тұңғыш оқыған түрколог ғалым:а) Спасский 1898 ж. в) В.Томен 1893 ж. д) О. Гейкель 1899 ж.б) Сралленберг 1890 ж. г) Радлов 1891 ж. 7. 1981 ж. КТЕ-нің қазақ тіліндегі поэзиялық аудармаларын жазып шықты:а) М. Жолдасбеков в) А. Ғайдаров д) С. Аманжоловб) И. Стеблева г) А. Шербак 8. Күлтегін жазуының авторы:а) Ырық бітік в) Естеми д) Иоллых тегінб) Орхұн г) Тоныкөк 9. КТЕ-нің жанры жөнінде қарама-қайшы екі түрлі пікір кімдердің арасында болды?а) Малов пен Мелиоранский в) Әуезов пен Клеменстің д) Айдаров пікіріб) Стеблева мен Шербактың г) Жолдасбеков пен Сартқожаұлының 10. КТЕ-ін тұңғыш орыс тіліне аударған:а) 1894 ж. Радлов в) 1896 ж. Гумилев д) 1898 ж. Жолдасбековб) 1895 ж. Томсен г) 1897 ж. Әуезов
VІ Қорытынды: Бүгінгі өткізілген сабағымыздан біз не түсіндік, нені білдік, игердік білімімізді қаншалықты көрсете алдық деген сұраққа құрметті оқушылар өздеріңізден жауап күтемін. Сөз кезегі сіздерде: VІІ Бағалау VІІІ Үйге тап. Тақырыптың мазмұнын игеру, ҚДМ жинастыру, Осы тақырып бойынша сынақ тапсыру. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.