?она? к?те білеміз бе? Т?рбие са?аты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№11 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шайкиева Мейрамгүл Алинуровна
Қонақ келді ауылға
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт-дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Конақжайлылық туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Ауыл көрінісі, нақыл сөздер, сюжеттік суреттер.
Әже:
-Қонақтар келіп қалыпты ғой, шашу шашайын.(шашу шашып, қонақтарды қарсы алады)
-Қош келдіңдер, төрлетіңдер!
Жасұлан:
Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Қонақ күте білеміз»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!.
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Диана:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жасұлан:
Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Диана:
Қонақжайлылық, меймандостық – ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді дәстүрлерінің бірі. Қазак меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері түрған. Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі тұрмысы. Ен далада кең жайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.
Жасұлан
Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі – ең дәмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мән берген. Сыйластық осы дәм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.
Дәм тату дәстүрлері: ерулік, көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.
Жұмағазы:
-Сүйінші! Сүйінші! Ауылдан әжем келді.
Мивагүл:
-Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі. Қатты қуанып тұр екенсің. Мә, сыйлығыңды ала қой.
Қуаныш:
-Артыңа жасырып тұрғаның не?
Жұмағазы:
-Байғазы берсең көрсетем.
Қуаныш:
-Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Міне, саған жаңа асығымды берейін.көрсетші
Жұмағазы:
-Міне, әжем тігіп әкелген тақия.Ал, атам маған кішкентай қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін дайындаңдар.Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.
Елдос:
-Сен естідің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
Қуаныш:
-Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Елдос:
-Ол не?
Қуаныш:
-Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.Мал сойылып, дастархан жасалып, ойын-сауық, өлең жыр айтылады.
Елдос:
-Егер менің ағам сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған берем. Сен менің нағыз досымсың.
Қуаныш:
-Алыс сапарға , сауда жолына шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің , сыйластықтың белгісі.
Мивагүл:
- Бағанадан бері үндемей тұрған мына досың кім?
Қуаныш:
-Бұл, Арман, жақында көшіп келген көршіміз.
Мивагүл:
-Басқа жерден көшіп келген көршілерге тұрғындар ереулік береді деген.
Жұмағазы: -Айтпақшы, менің әжем ауыл ақсақалдарын жинап,Арманның үйішін шақырып, ерулік жасап жатыр еді. Маған Арманды шақырып кел деген. Жүріңдер, бәріңіз біздің үйге ерулікке.
Жұмағазы:-
-Әже, Арманды шақырып келдім. Қасында достары бар екен, Оларды да шақырдым. Әже рұқсат етесіз бе?
Әже: Әрине балалар қош келдіңдер.Төрлетіңдер. Бұлар біздің құдайы қонақтар ғой.
Жасұлан:
-Халықымыз «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін қонақпыз» -деп бекер айтпаған. Қонақ келсе шабылып қаламыз. Ертеде әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын жеп кететін болған. Ертеде алаш хан деген хан бар дүние мүлікін, малын тең төрт бөлікке бөлген екен, үш бөлігін үш баласы- Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзге беріп төртінші бөлігін қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты., Қонақжайлық, сыйластық салтын бұрынғы ата бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Диана:
-Халықымыз үйіне келген қонақтарын қалай күткен?. Қонақтарды үйге кіргіземіз, қолдарына жылы су құйып, астына таза жұмсақ төсек салып, астың дәмін алдына қойып жағдайын жасап жылы жерге төсек салып береміз.
Шынар:
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің
Түсіңіз деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсепқұп алсаң,
Үшінші еткен қызметің.
Мейман риза болмағы,
Құрметпенүйге қонғаны.
Қонақжайлық сол дағы.
ЖасұланҮ
-Үй иесі қонағына қонақкәде айта отырыңыз, деп,қолқа салатын болған. Ол өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз деген тілек қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді көтеру деген мағына.Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақ кәде айта алмай қалу-ыңғайсыз жағдай.
Әже:
-Әй балаларым,қонақтарымыз көңілді отырсын. Қане ,қонақ қаде айта отырыңыз.
-Әже олай болса, қонақ кәделер жасап өнерлерімізді көрсетейік.
«Қонақ келсе ауылға» Ән; Жасұлан, Қуаныш
Би: Өзбек биі: Диана
Ән Қырманға кел,
Би «Жастар биі»:
Нұртілек: -Сөздің көркі мақал деген. Мақал айтып жарыссақ қалай қарайсыздар?
. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
3. – «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.
5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.
6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.
7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
9. – «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.
10. – “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!
Жұмағазы:
-Әже, қонақтарға қызықты болсын, мен балалармен бір ойын ойнасам бола ма?
Әже:- Әрине, ойнаңдар, қалқам.
Ойын : «Тақия тастамақ» Шарты: Әрбір бала қ\онақжайлыққа байланысты ырым тыйым сөздер айту керек.
Үйге қонақ келгенде үй иесі оның алдынан шығады немесе түсіріп алуға адам жібереді.
Кететін адамдарды шығарып салады.
Жасы үлкен адамнан немесе қонақтан бұрын табаққа қол салмайды.
Үйіне қонақ келгенде көршілерін шақырма қазақ ғұрпында жоқ.
Алыстан қонақ келсе, ауыл адамдары оған міндетті түрде сәлем береді. «Алыстан алты жасар бала келсе, -алпыстағы адам барып сәлем береді» деген қазақтың ғажайып әдептілік мәтелі бар.
Қонақты ренжітпейді, қонаққа ренжімейді.
Қонақтың сөзін, өтінішін жерге тастамайды.
Диана:
-Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады
Әже:
- Ал қонақтар, бұйым қызметтерің, қалауларың болса айта отырыңдар. Олай болса, азғана сый сыйапаттарымызды қабыл алыңыздар.
Жасұлан:
. «Бата»
Бата дегеніміз не?«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» Үлкендердің алды-нан кесе өтпей, жол берсең үлкен кісі сол кезде «үлкен жігіт бол, бақытты бол»-деп батасын береді. Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді. Той соңында дастархан батасы беріледі.
-Әже:
-Мына жайылған ақ дастарханымызға риза болсаңыздар, мына балаларыңызға ақ баталарыңызды беріңіздер.(қонақтардан бата сұрау)
Жасұлан:
Достарым, түсініңдер сөздің қарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Салт-дәстүрін бабамның үйреніңдер,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын!
Хор: Менің Қазақстаным
Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.