1932-33 жыл?ы ?аза?станда?ы ашаршылы?
Сабақтың тақырыбы: §17. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашаршылықтың қалай келгенін анықтау.Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына үйрену ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту б)өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру ә)тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру б)ерлікке батырлыққа,Отанын сүюге,оған қызмет етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеруСабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, ойын, тірек- сызба Пән аралық байланыс: д.ж.тарихы,қазақ әдебиеті Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, “Сандар сөйлейді”, “Тұлғаны таны”, “Білімге жорық” ойындары, Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу,көңілдерін сабаққа аудару.Үй тапсырмасы: Үйге берілген тапсырманы еске түсіру үшін ойын тәсілін пайдаланамын.Бірінші ойынымыз « Сандар сөйлейді» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген сандарда қандай тарихи оқиға болғанын анықтау.Екінші ойынымыз « Тұлғаны таны» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген тарихи тұлға кім екенін анықтап, тарихта қандай із қалдырғанын табу.Үшінші ойынымыз « Білімге жорық» ойыны. Ойынның шарты бойынша мұғалім өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сол сұоақтардың жауабын табу керек.1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ының астанасы және басшысы? Орынбор. С.Меңдешов.2. Семейдегі кадеттер ұйымының газеті? «Свободная речь»3. Алаш партиясының жетекшісі? Ә.Бөкейханов4. Алаш партиясына қарсы оппозиция партиясы, жетекшісі? «Үшжүз» партиясы. К.Тоғысов5. Қазақстанда кеңкс үкіметі бірінші қай қалада құрылды? Перовск6. Түріксіб теміржол құрылысының тез аяқталуына түрткі болған? Т.Рысқұлов7. Теміртау кен орнын ашуға себепші болған? Қ.Сәтпаев8. «Қосшы одағы» қашан құрылды? 1921ж Жаңа сабақ:I. Слайдта көрсетілген тірек- сызбалар арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.№1 Слайд№2 СлайдҰжымдастыру: 1927ж КП ХҮ съезі жариялады 1929ж ІІ жартысынан бастап жедел дамыды Күштеп, жаппай 1932ж көктемде аяқтау көзделді 1931ж. 65℅№3 СлайдШу ауданында 400 киіз үй поселке болып тігілді№4 СлайдТәркілеу: 1928ж 27 тамыз; «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай федалдарды кәмпескелеу және жер аудару» декреті; 1 мыңнан астам жартылай федал жер аударылды; 145 мың мал алынды; 1931 ж .5500 отбасы жер аударылды.№5 Слайд №6 СлайдII. Слайдта ашаршылық бейнеленген суреттер көрсетіледі соған байланысты оқушылар өлең оқиды.Байлардың конфескелеп, малын алды,Астыққа кеңірдектен салық салды.Құрылған әр ауылда кедей тобы,Күш-көліксіз, қарусыз бекер қалды.Күз болды, қара суық, жер тоңайды,Жаңбыр, бұршақ аралас қар борайды.Бұрынғыдай мал- жан жоқ қарайтұғын,Ашаршылық қасқырдай ел ториды...Қорада байлайтұғын мал қалмады,Егістікке себетұғын дән қалмады.Ашаршылық – қара оба, өрт боп келіп,Құтыла алмай ашыққан ел зарлады.Қыс түсті, жердің бетін ақ қар басты,Түсте қөрер болдық біз ішер асты.Кәрі орнынан тұра алмай, бала – жылап,Бар ауыл талшық таппай, қатты састы.Аш адамдар көмпиіп ісіп кетті,Өлімге мойынсұнып «пісіп» кетті.Көзінің бұрынғыдай жанары жоқ,Салбырап жақ сүйегі түсіп кетті.Сұраймыз ба, бұл апатқа кім кінәлі?Мылтықсыз қырып салған барша жанды.Кейбіреу құрып кетті ұрпағымен,Кім төлейді жазықсыө аққан қанды?Қырылмаса аштықтан бауырларым,Соғыста да құрбан ғып шыбын жанын.Қазақ деген қандай ел болар едік,Көркейткен байлығымен әлем сәнін!Мұғалім: бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң- зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?III. Слайдтан бесеудің аттары мен суреттері көрсетіледі, олар:1. Ғабит Мүсірепов2. Мансұр Ғатаулин3. Мұташ Дәулетқалиев4. Емберген Алтынбеков5. Қадыр Қуанышев IV. Көрініс қойылады. Шерхан Мұртаза « Бесеудің хаты» V. Слайд « Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Міне, оқушылар біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болған. Сталиндік репрессияның, ашаршылықтың құрбандарын еске алу мақсатында 1992 жылдан бастап 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.VI. Сабақты бекіту: 1. Кіші Қазан идеясының авторы кім? Ф.Голощекин2. «Ұлы жұт» жылдары? 1930-1932 жж.3. Саяси қуғын- сүргіндерді еске алу күні? 31 мамыр4. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаушылар? Торғайлықтар5. «Бесеудің хатын» жолдаушылар кімдер? Ғ.Мүсірепов; М.Ғатаулин; М.Дәулетқалиев; Е.Алтынбеков; Қ.Қуанышев.6. Сталинге хат жазған кім? Т.Рысқұлов7. 1928ж 27 тамызда қандай декрет шығарылды? «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кампеселеу және жер аудару» декреті8. Шұбартау ауданында малдың қанша пайызы етке өткізілді? 80℅9. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан қанша млн халық қырылды? 2 млн-нан астам10. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды? 40℅ҮІІ. Үйге тапсырма:1. §18. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тақырыбын оқып келу.2. «Ашаршылық қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?»атты ой толғау жазып келу.ҮІІІ. Бағалау.