Открыйтый урок по историй на тему ?аза? ж?здері


Пән мұғалімі:К.Дүйсенбаева
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жүздері
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының этностық құрамы туралы айтып түсіндіру;
-оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы ,білім,білік дағдысын қалыптастыру.
-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып ,сбаққа деген қызығушылығын арттыру
Әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндірмелік
Түрі:Аралас сабақ
Көрнекілігі:карта,деңгейлік тапсырмалар
Жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау
ІІ.Жаңа сабақ:
ІІІ.Бекіту:
ІV.Бағалау:
V.Үйге тапсырма беру
Барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып,сабаққы дайындығын тексеру,сабақты бастаймын
2)Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тест арқылы сұраймын.Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары дайындалған,өздері жауабын тексереді
Тестен кейін үй тапсырмасы кесте бойынша бекітіледі.
3)Жаңа сабақ
Жоспар:
1.Жүздік құрылым туралы
2.Ұлы жүз тайпалары
3.Орта жүз тайпалары
4.Кіші жүз тайпалары
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады.Ұлы жүз ,орта жүз,кіші жүз.Жүз ұғымының мәні толық ашылған жоқ.Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
А)Ішкі аумақтық тұтастық
Б)Этностық тұтастық
В)Шаруашылық – мәдени бірілік
С)Саяси басқару ортақтастығы
Жүздер жөнінде нақты деректер 18 ғасырдың І-ширегінен бастап кездесті.1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіс сөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлады
«......Қырғыз қайсақ ордасы 3 бөліктен ,атап айтқанда:Үлы жүз Орта жүз Кіші жүзден тұрады.»Кең байтақ қазақ жеріне мұндай үлкен одақ құру саяси әскери қорғаныс,шаруашылық – ұйымдастырушылық,басқару қажетінен туындаған.Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақ заманынан бастап құрылған болуы керек.Ал мұндай жүзік одақтарға бөлінудің қазақ халқының құрылуы кезеңінен сәйкес келсе керек.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін оқушыларға күн ретін жасздырып ,сабақтың жоспарын және жаңа сөздерді дәптерлеріне жаздырамын.Сызба кестені сыздырамын.
р/с жүздер уақыты Саны
1 Ұлы жүз ХІХ ғ аяғы 700мыңдай
2 Орта жүз ХІХ ғ соңы 1млн 350 мыңдай
3 Кіші жүз ХІХғ 1млн 200 мың
Оқушыларға бекіту сабақтарын беремін.
1.Этностық сана дегеніміз не?
2.Қазақ халқы неге жүзге бөлінген ?
3.Үш жүзге жататын тайпаларды ата.
сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тақырыпты оқып,қазақ жүздерінің орналасқан жерлерін кескін картаға түсіріп келуге беріледі.