Ерте?гілік ?ар ханшайымында ?она?та


Қар ханшайымында қонақта
Балалар әуен ырғағымен шана сияқты залға кіреді. Шыршаның жанына тоқтап, шеңбер жасайды.
Жүргізуші: Жаңа жылмен барлығыңды құттықтаймын! Ол барлық адамдарға мейірім, шаттық, бақыт әкелсін. Сіздердің барлықтарыңызға денсаулық, қуаныш және мерекелік жақсы көңіл күй тілейміз.
бала: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Жаа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! 2- бала: Ертегі әлемі Қандай өзі әдемі
Жасыл шырша жанында, Барлық достар жиналды. Кәне балақай, байқашы, Мән беріп қарашы! Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы. Қалған балалар залға кіріп,
шеңберге тұрады. 3 бала:Келді тағы жаңа жыл Қуантумен біздерді Құтты болсын жаңа жыл, Құттықтаймыз сіздерді! Ән: «Келді бізге Жаңа Жыл»
Жүргізуші:Балалар бізді бүгін бізді ертегімен керемет кездесу күтіп тұр. Ертегі біздің есікті қағып тұрған сияқты, оғар «Кір!»деп айтамыз. Ертегіде бәрі болады, алдымызда не болады екен?
Мәртебелі Қар ханшайымы залға кіріп, өзінің тағына отырады.
Жүргізуші: Сәлем бердік сізге аса мәртебелі Қар ханшайымы!
Қар ханшайымы: (тұрады) Сендерді өз мұз сарайымда көргеніме өте қуаныштымын. Мен көркем, әрі нәзік Қар ханшаймымын. Мен мұз сұлуымын! Мен суықтың, мұздың ханшайымымын. Аяз бен суықты ұнатамын. Өте тамаша кезең десеңші! Барлығың менің бұйрығымды тыңдаңдар.Сіздер кешіктірмей ойын -сауықты бастаңыздар!
Жүргізуші:
Сарайдың шамы жарқырап ,
Жаңажылдық мерекені бастады,
Ән төгіліп жан жақтан,
Баршаны биге шақырады !
Қол ұстасып шыршаны айналып ән айту.
Жүргізуші:
Ән айтамыз, би билеп,
Шыршамызды айналып!
4-Бала:
Өлең де әзір, ән әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір Кел Жаңа жыл біздерге, Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! 5-Бала:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн, Қанаттана кең алқапқа тарайды. 6-Бала:
Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа Жылда келеді, Бізге қарай жылыстап. 7-Бала:
Тауда туып, тауда өскен Шырша келді ортаға, Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз! 8-Бала:
Жаңа Жыл, Жаңа Жыл! Жаңалық ізде сен, Жаңа ән, жаңа жыр, Жазып Бер бізге сен. 9-Бала:
Жаңа Жылды қарсы алып, Жасаймыз біз жылда бір. Жарқын – жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр.
Қар ханшайымы: Мен құдіретті сиқыршымын, әр түске боялып жарқырағанын қалаймын.
Абрыка-дабрыка!
Шырша тезірек жана ғой,
Әр түрге сен ене ғой,
Жасыл сұлу шыршамыз!
Жүргізуші:Бұл шырша, шырша, Қуаныш жалпыға. Сүйікті шырша, Барлығы: Жарқыра! Жарқыра!
Шырша жанады, балалар шапалақтайды.
Қар ханшайымы:
Керемет, керемет! Мерекеміз басталды!
Әншіміз біздің қайда екен,
Сендермен билесем болар ма екен?
«Көңілді Жаңа жылдық полька»
Қар ханшайымы:
Билеріңізге рахмет! Сендер менің қайда тұратынымды білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ!
Қар ханшайымы: Мен Солтүстік Лапландияда тұрамын
Жалғыз менің патшалығым бар онда. ,
Мен жазы да, көктемі де жоқ , жыл бойы боран соғатын елдің ханшайымымын. Елімнің қысы ызғарлы, айнала толы қар мен мұз.
Мен Солтүстік шұғыласын басқара аламын. Қажет болса аспанды жандырамын Қажет болса сөндіремін! Қалай екенін көрсетейін бе?
Залда жарық өшеді.
Қар ханшайымы:
Абрыка-дабрыка!
Аспан тезірек жана ғой!
Майшам жанады, бірер уақыттан соң барлығы сөнеді де, жарық қайтадан берідеді.
Қар ханшайымы:
Қалай, менің сиқырым сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия.
Қар ханшайымы: мұхитта сеңдер бар, оларда пингвиндер өмір сүреді.
Ойын: «Пингвиннің мұзбен жүруі»
Жүргізуші:
Бір уақытта суық жел соғып кетті бетіме,
Әлде қыс –әже қолыменен қақты ма?
Қар ұшқыны ұшады, ұшып барып қонады,
Әлде боран ханымның өзі келіп жетті ме?
Әуен ырғағымен боран ханшайым тез адымдап залға кіреді.
Боран ханым:
Күні – түні ұшамын, шаршауды мен білмеймін.
Аппақ, ұлпа қарменен жерді жауып тастаймын.
Сәлеметсің бе менің ханшайымым! Сәлеметсіздер ме балалар!
Қар ұшқындары асығыңдар, би билеуге шығыңдар,
Қарағай мен шыршаларға қоныңдар
Күн көзіне жылтыраңдар.
Қар ұшқындарының биі
Боран ханым:
Бәрін қармен жабамын! Барлық жолды қармен борап тастаймын!
Жүргізуші: Боран ханым бекер әуре боласыз, балалар суықтан қорықпайды. Олар спортпен шұғылданады, шана, шаңғы тебеді.
Боран ханым: қалай?
балалар:Міне былай! (шеңберге тұрып шағымен жүруді көрсетеді))
Жүргізуші:
Біз аяздан қорықпаймыз,
тон, құлақшын киеміз,
шанамызды тебеміз!
Боран ханым: қалай?
балалар:Міне былай! (әуен ырғағымен шанамен шыршаны айналып жүреді)
Жүргізуші: Біз тағы қар атысып ойнай аламыз!
Қар ату ойыны.
Боран ханым:
Балаларыңыз қандай епті еді! Сендерді қорқыту мүмкін емес екен. Сендерге мерекені жақсы өткізуді тілеймін, ал маған орманға кетуім керек, жұмысқа кірісуім керек.
Жүргізуші: Аяз ата қайда екен?
Бір жақта аяңдап қалғандай өзі.Ал қанеки балалар,шақырайықшы оны!
(Балалар Аяз атаны шақырады)
Аяз ата:
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым,балғыңдарым,
Өміргүлім,шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден саулығың,
Амансың ба ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым.
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсың жылдарың!
Балалар: Сәлеметсіз бе,Аяз ата ,Ақшақар.
Ақшақар:
Өздерің де аман-есенсіңдер ме,менің балғын достарым.Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп,әсем ән айтып,би билеңдер,таңдайларынды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер.Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.Ой,шыршаларың қандай әдемі ,керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді.
Аяз ата:
Ал балалар, тұрайық біз шеңберді құрайық.
Қар Ханшайыммен жаңа жылды қарсы алайық!
(Балалармен шеңбер құрамыз)
Өлен: «Жасыл шырша жанында»
Аяз ата:
Ойланайық ойлайық,
Жұмбақ шешімін табайық!?
(Қаптан қоңырау алып,қоңырау соғылады.)
Ақшақар:
Мұздай екен қоңырау,
Ол әрқашан менімен,
қуанышты сылдыры,
жұмбақты ол таратад.
Жұмбақтар:
Бар ғой менде балалар,
Екі күміс аттарым,
Екеуімен де жүремін.
Айта қойшы балалар,
Не қылған ол аттарым?
(Коньки)
Біздің жуан ФедораҚалмайды ғой тез тойып,Бірақ тойып қалғанда,
Бізге жылу береді!
(Пеш)Жаңа қабырғада дөңгелек терезе бар,
Күндіз әйнегі сынады,
Ал таңертең қайта бүтін болады.
(Суат)Екі сіңлі, екі тоқыма,
Қойдың жіңіше жүнінен.
Бес пен бестің тоңбауы үшін,
Ойнағанда киеміз.
(Қолғаптар)
Терезеге қонады,
Әсем ою салады.
(Аяз )
Тіккен,тікен,тік пісте,
Қысы ,жазы бір түсте.
(Шырша)
Аяз ата: Ақылды балалар екенсіңдер,жұмбақтың шешімін тез таптыңдар мен сендердің тапқырлықтарыңды, шапшаңдықтарыңды,алғырлықтарыңды сыңағым келеді.Қазір біз сендермен менің сүйікті ойынымды бірге ойнаймыз.
Ойын: «Қаттырам»
Қар Ханшайымы: Қызықты кешті жалғастырамыз .Ортаға Ақшақарды шақырамыз. Бізбен бірге Польк биін билесің.
(Балаларды екі-екіден тұруды өтіну)
Би: «Көңілді Полька »
Жүргізуші: Аяз ата отыр шаршаған шығарсың,балалар саған арнаған өлендерін айтып береді.
10-бала.
Бар баланың қонағы,
төрлет ата жоғары .
Жұрттың бәрі атадай ,
қашан мырза болады.
11-бала
Көрдің бе Аяз атаны ,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да ,
Аппақ екен шапаны.
12-бала
Тақпақтарды жаттадық,
биде үйрендік,көрсін деп.
Аяз ата шаттанып,
бізге риза болсын, деп.
13-бала
Қалып едік сағынып ,
күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
шыршаларға шам іліп.
14-бала
Сақалы аппақ күмістей ,
Тістері аппақ күріштей .
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
15-бала
Сағындым Аяз атаны ,
Орала ма ол енді.
Айтар едім өленді ,
жылдамырақ келсе екен,
бізге сыйлық берсе екен!
Аяз ата: Жарқырайды шыршамыз,жарқырап тұр!
Уақыт келді сыйлықтарды тарататын!Қызым! сыйлықтарды шығара ғой!
(Ақшақар сандық толы сыйлықтарды алып шығады ,Аяз ата кілтті алып шығады ,сол бір сәтте залға Мыстан Кемпір ұшып кіреді.)
Мыстан Кемпір:
- Қайдамын мен?
-Қандай керемет жер?
-Барлығы да жиылыпты
-Мынау не қылған тікен-тікен ағаш?
Қар Ханшайымы: -Бұл не деген сиқыр?
-Кешіріңіз,сіз қайдан?
Мыстан Кемпір: Өзін сен сиқырсың? Сәлеметсіңдерме !
Балақай –Жаманқай! Нені тойлап жатырсыңдар?Қуанышты екенсіңдер?Барлығын Балл кешіне шақырды,ал мені сұлуды,Кемпір –Мыстанды шақыруға ұмытты ма?
-Шырша,тағы да шырша ,Не жақсы ма ?сол Шырша?Ұзын,тікенекті,бррр!
Дұрыс ,ия балалар,тікен ия?Жаман!
(Балалар, жауаптары)
Жүргізуші: Жоқ деймін ! Бұл ең жақсы ,ең әдемі Шырша.
Мыстан Кемпір:
Мен бүгін әдемі киіндім,
Шыршаға мен келдім,
Айналамын күлемін ,
Ақшақар болып кетемін!
Мыстан кемпір:
-Менің саған нем ұнамайды?
Мен- кемпірмін ? Масқара!
Мен –кемпірмін! Масқара!
Көзіме сен көрінбе ,кет мынау залдан тезірек.
Таңымадын ,білмедің бүгінгі сен Қар ханшайыммын!
Мыстан Кемпір: Неғылайын Ханшайым сен болсаң! Мен сені кітаптардан білемін .Мен үйге өзім барамын!
Өзіммен бірге кілтті аламын .
(Аяз атаға жүгіріп келіп,кілтті алып қашып кетеді.)
Қар Ханшайымы:
Қайғы бізге ,қайғы !
Біреулерің кел мында!
Аяз ата:
Ханшайым сен қорықпа ,
Абыржудың орны жоқ
Қуғыншыларды табамыз
Мыстанға біз айдап саламыз!
Жолға аттанайық достарым,
Жолды мен білемін !
(Шыршаны айналады,шырша жарқырайды)
Аяз ата: -Мынау үй !- Қандай екен өзі ! Жәй үйге ұқсамайды .Өзі тауық аяқтарымен тұр
Мүмкін бұл үйде Мыстан кемпір тұрады?
-Эй ,Үй, маған алдымен қара,орманға артымен қара!
(Мыстан Кемпір сығалай қарайды)
Мыстан Кемпір :- Бұл не деген Қонақтар?
-Бұл Аяз ата ма?
-Сен маған Сыйлық әкелдім бе?
Аяз ата: Қой Мыстан, халықты күлдіртпе.Кілтті бізге сен қайтар. Біз сандықты кілтсіз аша алмаймыз ешқашан.
Жарқырайды шыршамыз,мезгіл жетті сыйлықтарды тарататын.
Мыстан Кемпір: Сыйлықтар керек пе?Ал ендеше Байғұс Мыстан Кемпірдің көңілін көтеріңдер. Мүмкін мен сонда ғана сендерге кілтті беріп қалармын
Жүргізуші:
-Қазір біз сіздің көңілінізді көтереміз әндетеміз,шырқаймыз.Мыстан Кемпір ал сен тыңда, біздің балалардың өнерін тамашала.
16-бала
Өлеңде әзір ,ән әзір,
Ойын да әзір,бәрі әзір.
Кел Жаңа біздерге ,
Кел жаңа жыл ,жаңа жыл!
Өлең: «Шырша жыры»
Ойын: «Кім тезірек шарды үрлейді?»
Мыстан Кемпір: Менің көңілім толған жоқ! кілтті бермеймін өздерін ойнайсыңдар,жүгіресіңдер,билейсіңдер,ал мен көңілсізбін!
Аяз ата: Солай ма? Кілтті бермейсің!? Сиқырлы таяқ,жаң!Мыстан Кемпірді көңілдет.
Аяз ата: Таяқпен 3 рет тарсылтады,Мыстан Кемпір ән ырғағымен билеп кетеді,Шаршап қалып ,тоқтатуды өтінеді.
Мыстан Кемпір: Ойбай ,болды мен шаршадым,қуанышты болды,көңілдендім,беремін,беремін мен сендерге кілтті.
Аяз ата: 1-2-3 ! әнді тоқтат !
(Таяқпен тарсылдатады)
Мыстан Кемпір: Міне ,бір көңілденіп қалдым мен,Кілтті беремін мен сендерге
(Аяз ата кілтті алып ,шыршаға асыға келеді)
Ақшақар: Ура!! Алақай Кілт табылды.
Қар Ханшайымы:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы ,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді ,
Бақыт,шаттық ,молшылық пен тыныштық ,
бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
(Қар Ханшайымына айтылады)
Жүргізуші:
-Ұлы мәртебелі !?
Балл кешін бітіруге сізден рұқсат сұраймыз.
Балаларды құттықтап ,сыйлықтарды тапсыру керек!
Қар Ханшайымы: Құрметті аса қадірменді қонақтар! Балл кешінің болғаны қандай жақсы!барлығыда сондай сұлу ,әдемі
Рұқсат етемін барлықтарынды құттықтап ,сыйлықтар табыс етілсің!
Аяз ата: Достарым! қоштасу керек,мені басқа балабақша тосып отыр.
Маған өте өлеңдері мен билерін ұнады
Мен сендерге Жаңа жылда бақыт,денсаулық тілеймін!
Сендердің жүздерінен күлкі кетпесін деймін!
(Сыйлықтар таратылады)
Жүргізуші: Қар Ханшайыммен қоштасамыз,Балл кеші жабық деп жариялаймыз.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсың солай ,әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын,балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Құрметті қонақтар,балалар,Жаңа жыл құтты болсын!
Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
Балалар,топқа оралады.