Аяз ата мен А?ша?ар ?она? к?туде ерте?гілік


«Аяз ата мен Ақшақар қонақ күтуде»
Диктор:Ерте,ерте, ертедену орманда Аяз ата мен немересі ақшақар өмір сүріпті.
Олар екеуі «Заңғар» балабақшасынан «Айналайын» тобының бүлдіршіндері Жаңа жыл мерекесін қызықты етіп өткізуге шақырыпты. Балалар келгенше Ақшақар шыршасын безендіріпті,ал, Аяз ата ұйқысын қандырып алайын деп пештің үстінде жылы жерде ұйықтап жатыпты,сол кезде түлкі келіп балалалрға деген сыйлықты ұрлап алады.Ал Аяз ата болса,оның дыбысына оянып,оны сиқырлы таяғымен қуа бастайды.Түлкіні қатырамын деп қуа жөнелгенде байқаусыз таяғы немересі Ақшақарға тиіп кетеді де Ақшақар қатып қалады,ал Аяз ата оны байқамай түлкіні қуа жөнеледі.Осы кезде әуенмен ортаға балалар келеді.
Жүргізуші:Балалар,қараңдаршы айнала қандай әдемі.Бірақ бұл жер неге тыныш,Аяз ата қайда,Ақшақарға не болған,Қәне балалалар шыршаның айналасынан Аяз атаны іздеп көрейік!
Балалар таптыңдарма?
Балалалар:Жоқ,жоқ
Жүргізуші:Енді не істейміз?осы кезде әуенмен ортаға Фея келеді.
Фея:Сәлеметсіздерме,балалар,сіздер мында меннен бұрын келіп қалған екенсіздер,мені Аяз ата сіздер келеді деп шқырған еді,Жаңа жылды бәріміз көңілді өткізетін болдық!Ал сіздерге не болған неге көңілсізсіңдер,Аяз ата қайда,Ақшақар қайда,не болды?
Жүргізуші:Фея біз өзімізде түсінбей тұрмыз,Аяз ата өзі бізді қонаққа шақырып ап,өзі жоқ,ал Ақшақар болса үнсіз қатып тұр.Біздің жаңа жылымыз өтпейтін болды,не істерімізді білмейміз.
Фея:Балапандарым сіздер уайымдамаңдар, бұл жерде бір құпия болған екен,оны білу үшін алдымен Ақшақарды қалпына келтіру керекпіз! Ол үшін мына кішкентай әдемі Жүргізуші қыздарымыз менімен бірге би билесе,мына жер жылынып Ақшақар қалпына келеді.
Жүргізуші: Әрине би билейді .
Би: «Ақшақарлар»
Осы кезде фея таяқшасымен сиқырлап Ақшақарды қалпына келтіреді.
Ақшақар:Ой балалар сіздер келіп қалдыңдарма?
Жүргізуші: Әрине мереке тойлауға келдік,бірақ атамыз жоқ қой, ол қайда?
Ақшақар:ой балалар ол қутүлкіні қуып кетті, түлкі атаның қабын ұрлап алды, ал атамның сиқырлы таяғы маған тиіп кетіп мен қатып қалдым,бірақ сіздер келіп маған көмектестіңдер, рахмет! Ендеше атамызда келіп қалар,біз Жаңа жылымызды тойлай берейік.Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші:Жаңа жылын құтты болсын,жас ұрпақ
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Үлкенге ізет,кішіге көмек көрсетіп,
Жақсы істермен көңіліңнің досын тап.
Ақшақар:Балалар мерекемізге қонақтарды шқырып қойдым. Ең алдымен сіздерге жұмбақ жасырамын жауабын тапсаңдар қонақтарымды шақырамын
Қорбаң,қорбаң етеді,
Орман оның мкені.Ол не?
Балалар: Аю
Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады
Ол не?
Балалар:Қоян
Әуенмен билеп Аю,қоян,келеді.
Барлығы:Жаңа жылдарын құтты болсын!
Жүргізуші:Қош келдіңдер біз атамыз келгенше мерекені тойлап жатырмыз!
Қоян: Айтпақшы атаның өзі қайда?
Ақшақар:Атам түлкіні қуып кеттіөйткені ол сыйлықты ұрлап кетті, ендігі атамыз келіп қалар.Ал сіздер түлкіні көрмедіңдерме?
Қоян: жоқ,жоқ.
Аю:Қап бәлем осы түлкі бәріне кесір әкеп жүреді!
Жүргізуші:Дұрыс айтасыз.Бірақ біздің атамыз оданда күшті,ол қалайда бізге сыйлық әкеледі,ал біздер әдемі шыршамызға әнімізді айтып берейік!
Жаңа жылда қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз,
Жарқын,жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Ән: «Меркеге келдік»
Жүргізуші:балалар біз әнімізді айтып бердік, шыршамыз неге көңіліз екен!
Ақшақар:Балалар ендеше шырша шамын жағу үшін бірге «Қуант бізді таңырқат, шамдарынды жарқырат»деп үш рет айтайық. Сиқырмен шырша шамы жанады.
Жүргізуші:Ендеше балаларымыздың Жаңа жыл мерекесіне арнал,ан өз тілектері бар
Тақпақтар:
Дала да, қала да, Ақ қар жапты даланы Әппақ, әппақ жапалақтап
Ақ қарға оранды. Ақ жамылды айнала Қар жауады тынбастан
Аппақ дала, аппақ қала Тамаша, тамаша Жарқыратып шамдарын
Қандай әсем айнала? Шыршамыз тұр жараса Шырша келді ортаға
Шыршамыз да керемет Міне сұлу шыршамыз Айтамыз біз өлеңді
Ойыншықтар тағылған. Көптен күтіп сағынған Шырша нұрға бөленді
Жасыл шырша жанында Басында әсем жқлдызы
Жадырап бар бала жүр. Ортада жасыл шырша тұр
Фея: жарайсыңдар, өте өнерлі балалар екенсіңдер,мен енді сіздермен қоштасамын, өйткені мені басқада балабақша күтіп отыр. Жаңа жылды көңілді өткізіңдер.сау болыңдар!
Фея әуенмен шығып кетеді.
Осы кезде түлкі келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңбе түлкіжан, біздің сыйлықтар қайда?
Түлкі:Қайдағы сыйлық менде сыйлық жоқ!
Жүргізуші:Біз білеміз сен алдың?
Түлкі:Ия, алдым алсам не болды, мағанда сыйлық керек!
Осы кезде аңдар оны жан жақтан тартқыштап «Сыйлықты әкел» дейді.
Түлкі: Жіберіңдерші сонша н болды! Менде мерекені тойлағым келді,егер,сәздерменімен дос болсаңдар мен сыйлықты қайырамын. Осы кезде аңдар мен балалар бірлесіп, ақылдасады.
Аю: Жарайды ,бірге бол,бірақ сыйлықты ұмытпа,әкеп беруге уәде ет!
Түлкі:Жарайды әкелемінғой!
Аю:Алдымен уәдеңді бер!
Түлкі: Жарайды,жарайдыуәде!
Бәрі: Естімедік!
Түлкі:Уәде, уәде!
Жүргізуші:Жарайды олай болса мерекеге қош келдің,көңіліңді бізбен бірге көтер,албалалар тағыда бір шыршаға арналған әнімізді айтайық.
Ән:»Шырша жанындағы би»
Түлкі: балалар қәне ойын ойнайықшы.
«Біз алданбаймыз»деп аталады. Ойын шарты:Мен сіздерге сөйлемдер айтамын егер дұрыс айтсақ, сіздер қол шапалақтайсыздар, егер қәте айсам аяқтарыңды топырлатасыңдар.
Жаңа жыл жаз мезгілінде болады!
Балалар аяқ топырлатады.
Қар емес, жапырақ жауады!
Балалар аяқ топырлатады.
Жаңа жылда Аяз ата келеді!
Балалар қол шапалақтайды.
Ақшақар аяз атаның немересі емес аюдың немересі!
Балалар аяқ топырлатады.
Жаңа жыл мерекесінде сыйлық алмаймыз!
Балалар аяқ топырлатады
Қоян:Ой, жарайсыңдарбалалар ендеше мына жерде менің кішкентай көжектерім жүр екен тамаша би билеп берейік.
Би:»Кішкентай көжектер»
Ақшақар:Балалар атамыз кешігіп жатыр,бәріміз оны шақырайық!
Аяз ата ау ау
Аяз ата ортаға келе жатып!Аяз атаның дауысын естіп түлкі шыршаның артына тығылып қалады .»Асығып келем, асығып келем,Қалың ардан шығ алмай келемін» деп ата келеді.
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым,
Қандай жарқын жүздерін
,Қандай әсем жырларың!
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,Жаңа жыл бәріңізге жаңа бақыт әкелсін.Қандай әдемі едіңдер,мерекеге аю, қоян, түлкі де келген екен.
Жүргізуші:Ата сіз алыстан келдіңіз отырып тынығып алыңыз, біздің балалар сізге арнап өз өнерлерін көрсетеді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың айналайын мен қатты шаршадым қу бас түлкі сіздерг деген сыйлығымды ұрлап кетті мен оны көп іздедім, таба алмадым, ал сіздер аю, қоян түлкіні көрмедіңдерме?
Аю:Ата ол осында!
Ой балалар ол қайда кеткен,қәне оны іздеп табайық ол осы жерде болуы керек.
Балалар шышадан айналып түлкіні тауып алады.
Аяз ата:Қап бәлем сені ме! деп таяғымен қатырғысы келеді.
Жүргізуші:Ата тимеңіз оған ол өз қателегін түсінді, бізге уәде берді мереке соңында әкеп береді.
Аяз ата: мен оған сенбеймін!
Түлкі:Ата , ата шын айтамын, мен мына балаларға уәде бергенмін.
Аяз ата: Солай ақ болсын!
Жүргізуші:Ендеше мерекемізді әрі қарай жалғастырайық!Ата балалар сізге арнап тақпақтар айтқысы келеді.
Оралдың өлкеме, Қала нұр,дала нұр Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жыл армысың. Құтты болсын жаңа жыл Құттықтаймын сіздерді
Жаңа жылдық мейрамды, Алыс жақтан келіп тұр Қуантып елді
Кел тойлайық бәріміз. Аяз ата сағынған Жаңа жыл келді
Уйренейік жаңа жыр Шыршаға бардық Аяз ата би билеп
Құтты болсын Жаңа жыл Әсем ән салдық Әнімізге қосылшы
Жаңадан тақпақ Аяз атадан Аппақ тонға оранып
Алмыз жаттап. Көп сыйлық алдық Келді аяз атамыз
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ.
Аяз ата:Ой балалар жарайсыңдар!
Аю:Ата, ата менде балалар мен бірге би билегім келеді!
Аяз ата: Әрине биле ғой, бүгін мерекеде барлығыда би билеп ән айту керек!
Би: «Қонжықтар»
Ақшақар:Балалар енді менің атамды ортамызға алып оған арнап ән салып берейік!
Ән:»Аяз ата»
Қоян,аю: Ата ата балалар мен ойын ойнашы
Аяз ата : Ойнайық, қандай ойын ойнаймыз!
Аю: «Үсіремін»
Ойын шарты:Аяз ата таяқшасымен үсіреді.
Жүргізуші:Ата жаңа жылымыз кешіккен сияқты ғой.
Аяз ата:Оны бәріміз дауыстап шақырайық
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Ортаға әуенмен «Әтеш» жылы келеді.
Әтеш:Жаңа жыл құтты блсын!
Әтеш:Биылғы мешін жылы сіздерге молшылық әкелсе, мен әтеш жылы сіздерге құт береке әкелуге уәде беремін!Мереке құтты болсын!
Жүргізуші:Балалар ендеше жаңа жылға арнап «Шөшелерім» биін орындап берейік!
Би: «Шөжелерім»
Жүргізуші: Құтты болсын ата -ана
Жаңа жылың бүгінгі
Бауырыңда балаларыңда
Ұзақ болсын өмірі-дей отырып,балақайлар,жаңа жылға арнаған тақпақ тамашалайық.
Әдемілеп біз ілген Көңілде жұбаныш Жүзімізде күлкі ойнап
Ойыншықтар тізілген. Тасысын береке Қанаттанды жанымыз
Қандай жақсы шыршамыз Жаңа жыл қуаныш Жаңа жылды біз тойлап
Ән шырқайық баршамыз Жаңа жыл мереке Шаттанамыз бәріміз
Ел құрметтеп көп тасқан Сақалы аппақ күмістей Өлеңде әзір әнде әзір
Келді Аяз –атамыз Тістері аппақ күріштей Ойында әзір, бәрі әзір
Келіңдер кел достар Қызыл ала шапаны Кел жаңа жыл біздерге
Қазір ән айтамыз Сағындым Аяз атаны Кел жаңа жыл,жаңа жыл
Аяз ата:Ал түлкі болма бәріне күлкі,балалардың сыйлығын әкел мында!
Түлкі:Жарайды, жарайды мен қазір!деп шығып кетеді.
Аяз ата: мен осы түлкіге сеніп тұрған жоқпын менің қалтамда сиқырлы жібім бар еді қәне қызым алып берші!
Аяз ата:Сиқырлы жібім домала түлкінің соңынан! Деп жіпті домалатады.Жіпті Аяз ата кері тартады, түлкі жіпке ескі бәтеңке іліп жібереді.
Аяз ата:Қап бәлем сеніме! Деп тағыда жібін домалатады.Түлкі тағы да бос баклашка іліп жібереді.
Аяз ата:Қап бәлем тулкі сеніме! Менімен ойнағын келдіме ?-деп тағыда жібін домалатады.Жіпке түлкі шанадағы сыйлықтарды байлап өзі артынан итеріп келеді.
Түлкі:Міне,келдім,уәдеме тұрдым сыйлықтар мында!Сыйлықтар үйлестіру.
Жүргізуші:Ата Ақшақар сіздерге бәріңе көп көп рахмет!Жаңа жылымыз өте қызықты болды!Енді тобымызға оралатын уақыт болды.
Құрметті қонақтар,балалар Жаңа жылымыз құтты болсын, еліміз тыныш болсын,аспанымыз ашық болсын.Ән тыңдап би биледік бүгін тойда
Қалады бүгінгі той ойымызда
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға.
Сау болыңдар!-деп бәрімен қоштасып,топқа оралу.