Ерте?гілік А??ала балаларда ?она?та


Қысқы ойындарМақсаты: Балалардың   қыс мезгілі  және  оның  ерекшеліктері  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Қысқы табиғат көрінісі,  қысқы  ойын  түрлерін  атау.  Қоршаған  ортаға деген  сүйіспешілігін  арттыру.  Балаларды  жапсыру  іскерлік дағдыларына  машықтандыру,  жапсыруды  меңгеру.  Ұсақ қол  моторикасын  дамыту.Психологиялық   сәтАмандасу  үлкенгеТәрбиенің  басы  ғой.Ал,  кәнекей  бәрімізсәлем дейік  үлкенгеСәлеметсіздер ме, қонақтар!Бүгінгі  біздің  сабағымыздың  тақырыбы:  «Алақай  қыс  келді!»Аяз  қысып,Өрнек  сызыпТерезені   торлайды.Қарда  омбығып,бет  домбығыпБалалар   сырғанап  ойнайды.Кейде  ұлыпкейде  ысқырыпұйқып  боран  соғады.Бөбектерім  айтыңдаршыБұл  қай  кезде  болады?Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі?Қыс   мезгілі.Қыс  мезгілінде  ауа-райы  қандай  болады?Суық,  аяз  болады.Жұмбақ  шешіңдер:Қыста  ғана  болады,ұстасаң  қолың  тоңады. (Қар)Айналаны,  үйлердің  шатырын  не басып  тұр?Қар  басып   тұр.Қар  қайдан  жауады?Аспаннан  жауады.Қардың  түсі  қандай?Аппақ   мамықтай.Балалар  ұлпалары  әртүрлі  болады. Кейбірі  жалпақ, кеібірі  ине  пішіндес ұсақ, ірі  болады. Күннің   жылы, аяз  болмаған  кездерінде  жапалақтап  жауады. Ал  суық,  аязды  күндерде  қиыршық  түрінде  жауады.  
Аяз  күндері  аяқ  астындағы  қар  сықырлайды. Қыста  күннің  көзі  шығып  тұра ма?Ия,  шығады.Неге  онда  жерді  жылытпайды?Қыс  мезгілі   суық  болғандықтан  жылытпайды.Жазда  күн  ұзарып, ұзақ  болады,  ал  қыста  қысқарып  күн қысқа  болады, кеш  тез  түседі.    Ал  сендер қандай  қыстық ойындар  білесіңдер?  Қыста  қандай  ойындар  ойнайсыңдар?  Шанамен  сырғанаймыз,  шаңғы  тебеміз, аққала  жасаймыз, қар  лақтырып   ойнаймыз.Мына  суреттерге  қараңдаршы,  кімдерді   көріп  тұрсыңдар? Балаларды  көріп  тұрмыз. Олар  не  істеп  жүр?Ойнап  жүр.Қыс  туралы  тақпақтар  айтайық.
1-балаҚыс  келді, қыс  келді,Ақтарып  ақ  қарды.Жон  аппақ  түске  ендіаралап  қайтайықАқ  күміс  бақтарды.  2-балаДалада  қар  борайды,ақ  мамыққа  орайды.Мұз  болады қатады,жып-жылтыр  боп  жатады.3-балаШыңнан  сырғып  түсті де,келді  етекке  қыс  міне,Ақ  қарлар  ақ  көбелек қонды  үйлердің  үстіне.Қызықты  сәт.Балалар   біреу  есікті  тықылдатады. Кім  екенін  көрейікші.  Аққала  келеді.Ой,  балалар  бізге  қонаққа кім келген?Сәлеметсіз  бе,  Аққала!Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен  кіммін?Аққаласыз.Мен  неден  жасалғанмын?Қардан  домалатып  жасалғансыз.Менің   түсім  қандай?Аппақсыз.Сендер  қыс  туралы  тақпақ  білесіңдер ме?
1-балаБіз  тебеміз  сырғанақ,Таудан  төмен сырғанап.Бір шанада  екеумізқұламайды  екенбіз.2-балаАқ  шанамыз  зырлайды,Ақ  қар  оны  шыңдайды.Біреу  шаңғы тебеді,құйындатып  келеді.Аққала: Балалар  мен  сендерге  көрсететін  қызық  сиқырым   бар. Көргілерің  келе ме?Аққала  басындағы  шелегін  алып, ішінен  киімдердің  суреттерін  алып  шығады.Тәрбиеші:  балалар не  деген  әдемі  көп  суреттер. Аққала  сіз біздің  балаларға  әдемі  суреттер  әкелген екенсіз.Аққала:Мен  осы  суреттермен  балалармен  ойын  ойнағым  келіп  тұр. Ненің  суреттерін  көріп  тұрсыңдар?Әртүрлі  киімдердің  суреттерін  көріп  тұрмыз.Енді  Осы  суреттегі  киімдерді  жылдың  қай  мезгілінде  киеміз  соған  қарай  топтаймыз.Д/о: « Киімдерді  топтау»Сергіту  сәтіБоран  соғар  оң  жақтан,боран  соғар  сол  жақтан.Қар  атысып  ойнасақ,су  болады  қолғаптар.Тәрбиеші: енді   сабағымызды  жапсырумен   жалғастырамыз. Аққала  біздің  балалар қазір сізге  көп  аққала  жапсырып  береді. Мынау  ненің   суреті?Аққаланың  суреті.Оның  түсі  қандай?Түсі  аппақ.Пішіні  қандай?Домалақ.Үлгі  ретінде  тақтаға  бір  аққаланың  жапсырылу  жолы  көрсетіледі.  Балалар  өз  беттерінше  жұмыс  жасайды.  Жапсыру іскерліктері артады. Ұсақ  саусақ  моторикасы дамиды. Жұмысты  таза  жасауға  үйренеді.Дайын  жұмыстарды  Аққала  мадақтайды,  рахметін айтады. Қоштасып  кетеді.
Қорытынды: Біз  бүгінгі   сабақта  не  туралы  өттік?  Кім  бізге қонаққа  келді? Қандай жыл  мезгілі  туралы  тақпақтар  айттық?  Барлығың  сабаққа  жақсы  қатыстыңдар.Жұмыстарына   мадақтау  айтып   сабақты  аяқтау.
«Қарлығаш» ШО
Тақырыбы: «Қысқы ойындар»
Тәрбиеші :Дүйсенбаева Ж.А
2016-2017 оқу жылы