Та?ырыбы Жас тарихшы-2016 сайыс


Тақырыбы: «Жас тарихшы-2016» танымдық білім сайысыБілімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.Түрі: Танымдық ойынӘдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір таласКөрнекілігі: Нақыл сөздер,слайдЖүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.Бүгінгі сайысымыздың ұраны:Білекті бірді жығадыБілімді мыңды жығадыЖүргізуші сөзі: Құрметті көрермендерБілімнен сусындаған жас өрендерҚош келдіңіз бүгінгі кешімізгеБұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі «Жас тарихшы-2016» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!Әділеттік болмаса егер шығар алғаБұл дүние жақсылардан қалар адаӘділқазы алқасы сеніп тұрмызМықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.1.2.3.Жүргізуші сөзі:Шақырамыз сайыскерді ортағаҚол соғады көрермендер таңданаСайыскер өнеріңді ортаға салОсы кеште біліміңді сынап алБілмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.1 - сайыскер2 - сайыскер3 - сайыскер4 - сайыскер5 - сайыскер6 – сайыскер
7-сайыскер
8-сайыскерЖүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.1 - кезең: Бәйге /әр қатысушыға 5 сүрақтан қойылады/2 - кезең: Жеті жұрттың тілін біл3 - кезең: Ғажайып әлем4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ
5-кезең:Сен білесің бе?6 - кезең: Шешендік өнер7 - кезең: ЖорғаБір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.Жүргізуші сөзі:Бәйгеге түсіп жарыспайЖүйріктің бағы жана маБіліммен өнер жарысыпТәрбие - тәлім табар мәнБұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға, сол алда!Деп сайысымыздың бірінші кезеңі: «Бәйге»Шарты: әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!1 - Сайыскер:1. Еліміздің оңтүстік астанасы: (Алматы)2. Астана қаласының символы: (Бәйтерек)3. 1993 ж. 15 - қарашада болған оқиға (Валюта енгізілді)4. Тарихтың атасы: (Геродот)5. Тарих сөзінің мағынасы (зерттеу,оқиғалар жайлы әңгімелеу)2 - Сайыскер:1. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)2. Елбасымыздың мамандығы: (Инжинер - металлург)3. Тайпалы одақтарды ата (сақ, ғұн,қаңлы,үйсін,сарматтар)4. «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қорғанынан)5. Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: (Н. Тілендиев)3 - Сайыскер:1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: (Түркия)3. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әл - Фараби)4. Тас дәуірінің кезеңдерін ата (палиолит,мезолит,неолит)5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)4 - Сайыскер:1. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?(ғасыр)2. Қ. Р - ның туының авторы (Ш. Ниязбеков)3. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)4. Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырарда)5. Тасқа салынған сурет (Петроглифтер)5 - Сайыскер:1. Қ. Р - на сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден. (Халық қаһарманы)2. Қазақтың тұңғыш суретшісі: (Ә. Қастеев)3. Астана қаласының бұрынғы атауы: (Ақмола, Целлиноград)4. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы: (А. Құнанбаев)5. Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі (552-603)6 - Сайыскер:1. Тәуке ханның заңдар жинағы: (Жеті жарғы)2. Қазақтың тұнғыш ғарышкері (Т. Әубакіров)3. Түркеш қағанатының өмір сүрген мерзімі (704-756)4. Қазақтан шыққан академик (Қ. Сатпаев)5. Қазақ хандығының құрылуы (1465-1466)
7-сайыскер:
1.Мезолиттің үлкен жаңалығы /микролит/
2.Неше дәуір бар /3/
3. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесене /Қожа Ахмет Иассауй/
4.Жұт деген не /малдардың жаппай қырылуы/
5.Тоқырау жылдары /1960-1980/
8-сайыскер:
1.КСРО-ның өмір сүрген жылдары /1922-1991/
2.Есім ханның заңдар жинағы /Есім ханның ескі жолы/
3. Ермахан Бекмахановтың кітабы /14 ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан/
4.Тың игеру /1954/
5.Диуан-и хикмет /Даналық кітабының/ авторы /Қ А Иассауй/
ІІ - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»Шарты: Ойыншыларға жалпылама мақал - мәтелдер айтылады. Сол мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтуы керек. Бір ескерте кететіндігі осы 2 - кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі ойыншымен қоштасамыз.1. Тіл тас жарады, тас жармас бас жарадыБас - голова - хед2. Өнер алды қызыл тілҚызыл - красный - ред3. Қыстың қамын жаз ойлаЖаз - лето - самме4. Денсаулық зор байлықБайлық - богатство - уелс5. Білім өмір шырағыӨмір - жизнь - клен6. Кіта білім бұлағыБілім - знание - чолидж7. Батыр қол бастар,Шешен сөз бастарСөз - слова - ут8. Ер бір рет өледіҚорқақ мың рет өледіМың - тысяча - уан таузент9. Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмасЖер - земьля - өз10. Алуан сурет саладыКөргендер сурет салады, бұл не?Аяз - мороз - уери колт11. Ұстай қалсаң еріп кетер,Әуре болма теріп бекер, бұл не?Қар - снег - снөу12. Жазудан бір жалықпағанЖаза - жаза арықтағанБор - мел - шокЖүргізуші сөзі: Олай болса келесі сөз кезегін әділ - қазы алқаларына берейік.3 - кезең «Ғажайып әлем»Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған.1. Есімдер сыр шертеді2. Ұлы тұлғалар3. Өлең тарихтың ажары
1. Есімдер сыр шертеді.10 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.10 ұпай. Бұл тарихи тұлға 1802 - 1847 ж. ж аралығында өмір сүрген Абылай ханның немересі. 1837 - 1847 ж. ж болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қасымұлы.20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин.30ұпай. Ол - жазушы. Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. 2010 жылы ол кісінің 100 жылдық мерей тойы тойланып, Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Оның «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» т. б еңбектері белгілі. Бауыржан Момышұлы.40 ұпай. Ол - ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиет тану ғылымдарының негізін салушы. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов пен бірге 1913ж. бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Өлең сөзің ажары.10 ұпай.Ағынды менің АқсуымАрқырап әлі ағарсыңАқиланған ашуменАқтарды асқар сабағын. І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»20 ұпай.Мектетегі балаларАйтайын біраз сөзімдіҰядағы түлектейБілімге сал көзіңді. Қ. Терібаев «Оқушы жастарға»30 ұпай.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйемАғынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.Мен оның қасиетті тілін сүйемМен оның құдіретті үнін сүйемБар жәндігін сүйемін қыбырлағанБәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. М. Мақатаев «Отан»40 ұпай.Қазағым, елімҚайқайып беліңСынуға тұр таяныпТалауды малыңҚанауда жаныңАш көзіңді оянып. Кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы «Жиған - терген»
Жүргізуші сөзі: 4 – к
езең «Маңызды 8 сұрақ»Шарты: Бұл сайыста әр сайыскер сан таңдайды, артында пән аттары, және сол пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап 10 ұпай.1. Математика: Әл - Фараби 870ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді. (1141 жаста болар еді, 80 жыл өмір сүрді.)2. Қазақ тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? Конституцияның деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі; 7 бабымен; Ілік септігінде)3. География: Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Онда неше облыс бар? (9 орын; 14 облыс)4. Биология: Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата? Қандай аңдар мен құстар мекендейді?5. Әдебиет: Абай Құнанбаев кім? Оның жазушылығы мен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ұлы ақын; Аудармашы;)6. Тарих: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды? (1783 - 1797ж. ж; көтеріліс 14 жылға созылды)7. Музыка. Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген, сазгер, аспаптық музыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата: (Құрманғазы Сағырбайұлы, «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т. б)8. Спорт әлемі: Афины олимпиадасында алтын медальға ие болған кім? Және спорттың қай түрінен? (Бақтияр Артаев, бокстан)
Бесінші кезеңді бастамас бұрын ұпайлары төмен 2 оқушымен қоштасамыз.
5- кезең «Өнерпаз болсаң» Бұл кезеңде патриоттық әндердің минусовкалары қойылады, әннің атын айтып, бір шумағын орындау.
Атамекен
Саржайлау
Егемен Қазақстан
Қазақстан бақыты
Көк тудың желбірегені
Өз елім
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың келесі кезеңі, яғни 6 - кезеңі «Шешендік өнер».Жақсы сөзге жүрегі жай табатынӨз ойын дәлелдеп нақты айта алатын«Егер мен деп» шәкірттер шықсын алғаШарты: ойыншыларымыз қима қағаздарды таңдайды, қандай тақырып шықса, сол тақырып бойынша өз ойын айтады.1. Егер мен ауыл әкімі болсам...2. Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам...3. Егер мен президент болсам...
4. Егер мен кәсіпкер болсам...
Келесі 7- кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай жақта орналасқанын тауып айту керек.
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың соңғы кезеңі, яғни 8 - кезеңі«Жорға». Шарты: Сайыскерлеріміз конверт таңдайды. Ол конвертте қай нұсқа көрсетілсе, сол нұсқаның сұрақтарына жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұрақтарға тез әрі толық жауап беру керек.А - нұсқасы:1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 422. Қазақтың 3 биі: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.3. Партизан жазушы: Жұмағали Саин4. Исатайдың ақын досы: Махамбет5. Абылай тұсындағы атақты жырау: Бұқар жырау6. Қазақтың музыкалық аспабы: Домбыра7. Жиренше шешеннің жары: Қарашаш8. Абылайдың шын есімі: Әбілмансұр9. Адай күйінің авторы: Құрманғазы10. Мына мақалды жалғастыр: Отан -...........(Оттан да ыстық)Б - нұсқасы:1. Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі: мақал2. Қазақ хандығының негізін салушы: Керей мен Жәнібек3. Шығыстың қос жұлдызы атанған Кеңес Одағының батырлары: Әлия мен Мәншүк4. Абылайдың лақап аты: Сабалақ5. Ашытылған бие сүті: қымыз6. Қазақтың соңғы ханы: Кенесары7. Қобыландының жүйрік аты: Тайбурыл8. 1986 ж. болған оқиға: Желтоқсан оқиғасы9. Шыңғыс ханның шын есімі: Темучин10. Мына мақалды жалғастыр: Өнер алды -......... (қызыл тіл)Жүргізуші сөзі: Ойынның шешуші сәті, әділ - қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.Осымен бұл қызықты тамамдайықБұл жайды айтамыз ба жаман болсақҮйрендік білмегенді осы жолыТағы да үйренеміз аман болсақҚұрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру «Жас тарихшы-2016» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.