Инновациялы? білім беру технологияларыны? негізгі ерекшеліктері
Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері. Қостанай облысы,Жангелді ауданы
С.Мәуленов атындағы орта мектеп
Ордабаева Толғанай Жаңбырбайқызы
География пәні мұғалімі
Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация» «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылады.
«Білім берудегі инновация» және «педагогикалық инновация» терминдері категория ретінде қолданыла отырып, ғылыми түрде негізделеді.
Білімдегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде «кездейсоқ ашылған» жаңалық болып есептеледі. Мұнда «инновациялық үрдіс» ұғымы жаңалық жасау, қабылдау, бағалау және қолдану деп анықталады.
Білім беру – оқыту нәтижесі. Тура мағынасында, оқып үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуін айтады.
Технология – деп әдетте алдын- ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология бола алады, не болмаса өнер болады деген. Өнер интуицияға негізделсе, ал технология – ғылымға негізделеді. Білім беру - педагогика ғылымының негізгі ұғымы болып табылатындықтан, инновациялық білім беру технологиялары педагогикалық технологиялар қатарына жатады.
Инновациялық білім беру технологияларын мектеп мұғалімдері нақты қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен жасалған, ғылыми тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде пайдалануына болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін іс-тәжірибиеде таратудың негізгі ордасы болып табылады.