Электр кедергісіні? температура?а т?уелділігі. Ас?ын ?ткізгіштік. Металдарда?ы электр тогы.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Келісілді»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» _______ ж ___________________
Пән аты: Физика
Класы: 8
Уақыты: 02.02.2016
Сабақ тақырыбы: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. Металдардағы электр тогы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға меншікті кедергі, оның қандай шамаларға тәуелді екендігі, өлшем бірлігі, электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жүйелі білім алуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:, ток көзі, сымдар, вольтметр, амперметр.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру:
Электр кернеуі деген не? Ол қандай бірлікпен беріледі.
Кернеуді қалай өлшейді?
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?
Ом заңы қалай тағайындалды?
Кедергі деп нені атайды? Оның өлшем бірлігі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәжірибе:


Тәжірибе:

Өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігі:


Химиялық таза металдар үшін:

ХБЖ-жа өткізгіштің температуралық коэффициентінің өлшем бірлігі: .
Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлше жақын температураларды кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.
Егер металды электр өрісіне енгізсе, онда электр өрісінің күштерінің әрекетінен электрондар 10-4 м/с орташа жылдамдықпен реттеліп қозғала отырып, электр тогын тудырады.
Металдардағы еркін электр тогын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
Металдардағы электр тогы –еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы оша үлкен емес. Ал, өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады.
Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибе (Стюарт пен Толмен):

Стюарт пен Толмен бөлшектр зарядының олардың қатынасын анықтады: 1,8ּ1011 Кл/кг-ға тең болды. Бұл шама электрон зарядының оның массасына қатынасына сәйкес келеді.
ІІІ.Есептер шығару.
№ 508,509,524,511
IV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:§§40,45. №513,510