Коспект по внеклассной работе на тему ?Р мемлекеттік р?міздері


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
атты эстафета ойыны
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
білімдерін баянды ету және толықтыру, өз Отанына деген
мақтаныш, отансүйгіштікті қалыптастыру
Құрал-жабдықтар: плакат – ойын кезеңдерінің схемасы, суреттер, мемлекеттік рәміздердің бейнесі, кроссвордтар, тапсырмалар жазылған конверттер, командаларға баға беру жетондары, «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыс көрмесі
Ө т у б а р ы с ы
1-кезең - «Уәждемелік»
1.Бастапқы қызығушылық тудыру. Мұғалім ойын міндетін түсіндіреді: мемлекеттік рәміз туралы білімді жақсы меңгерген, Отанына деген өз сүйіспеншілігін көрсетіп, бірлесіп жұмыс істей алатын команданы анықтау.
2.Ұжымдық мақсатын анықтау. Әрбір команда жеңуге ұмтылады, мақсатқа жету үшін – жеңуге міндет қояды. Өз қызметін жоспарлайды, қатынас ережелерін қабылдайды.
3.Тартымды танымдылық міндеттерді айқындау. Оқушылар ойын барысында өз білімдерін көрсете отырып жаңа білім меңгереді.
2-кезең – «Кроссворд шешеміз»
Командалар кроссворд шешуге тапсырма алады. Әр команда өз нұсқалары бойынша жұмыс істейді, нәтижесінде балалар жасырылған сөзді табады.
3-кезең – «Тапсырма - суреттеу»
Команда капитандары өздерінің командаларына арналған тапсырмалар бар конверттерді таңдайды. Балалар 5 минуттан соң Ту, Елтаңбаны суреттеп, Қазақстан Республикасының гимн мәтінінің негізгі мазмұнын айтып берулері тиіс.
4-кезең – «Ұжымдық шығармашылық іс»
1.Туған жер, ел, Атамекен, Отан, табиғат, үй, бесік сөздері бар мақал-мәтелдер атау;
2.Осы сөздерді қатыстырып бес жол өлең жазу.
Командалар жұмыс істеп отырған кезде көрермендерге тапсырма: Осы сөздердің мазмұнын ашатындай етіп сурет салу
5-кезең – «Қорытынды шығару»Команда капитандары әр кезең сайын қазылар алқасының мүшелерінен жинаған жетондарын есептейді, оған «Бүгінгі іс-шараға қатысуың қандай деңгейде болды?» деген сұраққа жауапқа берген бағаны қосады да, жалпы ұпай санын тақтаға жазады. Жеңімпазды ұпай саны бойынша көрермендер анықтайды.