?ыс ??старды? ?ыс?ы тіршілігі мектепалды даярлы?
Бекітемін:
Күні: 23.12.15
Білім беру саласы: Қатынас.Әлуметтік сала
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Қыс» «Құстардың қысқы тіршілігі»
Мақсаты: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Іс әрекет бөлімдері Педагогикалық іс әрекет
Балалардың іс әрекеті
Ынталандыру Кел, балалар,күлейік.
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік. Өлең жолдарын қайталату
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу:
Ақ шапанын үстінен,
Алты ай бойы шешпейді.
Қара шапан үстінен,
Алты ай бойы түспейді. «Қара жер мен ақ қар»
Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу
Қыс мезгілінде боран,мұз,қырау,аяз,тайғақ,қар болады.
Жыл құстары және отырықшы құстар жөнінде әңгімелеу.
Жыл құстары: Отырықшы құстары:
Тырна Қарға
Қарлығаш Суықторғай
Аққу Тоқылдақ
Ұзақ Сауысқан
Көкек Сарашымық
Бұлбұл Үкі
Қара торғай Қыран
Қаз Кептер
Оқулықпен жұмыс
Тұманбай Молдағалиевтың қыс туралы өлеңін оқу.
«Құстар қалай қыстайды» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігі мен таныстыру.Олардың немен қоректенатіні жөнінде әңгімелеу
Сергіту сәті:
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз,
Ұшбүрыш боп тырналар.
Көк жүзінде сырғанар.
Ойын «Құстар»Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар. . Балалардың жауаптарын тыңдау
Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады
Іс қимылмен көрсетеді
Жыл құстарын және отырықшы құстарды анықтау.
Қорытындылау
- Қысы жазы жапырағы түспеитін ағаш түрін ата?-Қыстап қалатын құстарды ата?-Құстардың қысқы тіршілігі?- Жыл құстарын ата?- Құстарға ұя жасау жаман ба? Балалар жауаптары тыңдалады
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Қыстап қалатын құстарға қамқор болу
Түсінігі: Жыл құстары мен отырықшы құстарды ажырату
№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Мектепалды дайындық «б» тобы
Тәрбиеші: Муратова Нурсая
2015-2016 оқу жылы