??стар бізді? досымыз (Даярлы? топ)


Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз!»
Мақсаты: - Үй құстары туралы түсінік беру
Құстардың тіршілігі және олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
Тілін дамыту, өз ойын нақты және түсінікті етіп жеткізе білуге дағдыландыру. Қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
Құстарға деген қамқорлық сезіміндерін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
Балалар үй құстары: қаз, тауық, және әтеш, үйрек бір – бірімен қалай амандасатындарын білесіңдер ме? Құстар сөйлей білмесе де өздеріне тән дыбыс шығарып, өзара бір – бірлерімен амандасады, адамдар сияқты қарым – қатынаста болып, бірін – бірі жақсы түсінеді және сезеді. Мысалы: әтеш – шақырады, тауық- қыт – қыттайды, қаз қаңқылдап амандасады екен.
Қане бір – бірімізбен әтеш, тауық, балапан сияқты амандасайық. (балалар үй құстарының дыбыстарына салып, бастарын изеп амандасады).
Жарайсыңдар, өте жақсы!
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ шешу.
Алшаң – алшаң басады,
Бірін – бірі көрсе қаңқылдасады. (Қаз)
Ақ сарайды талқандап,
Шықты біреу талтандап. (Балапан)
Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Құстар – біздің досымыз» деп аталады. Балалар құстарды нешеге бөлеміз?
Құстар
2063115603250012439656985000
Дала құстары Үй құстары
Балалар мына суреттегі үй құстарын атандаршы: қаз, әтеш, тауық
Ал дала құстарына: сауысқан, бүркіт, аққу
Балалар қазір біз сендермен «Құстар қалай дыбыстайды?» деген дыбыстық артикуляциялық ойын ойнаймыз.
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып – ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығашт боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.

«Үй құстары» суреті бойынша әңгіме құрастыру
1.Құстар немен қоректенеді?
2.Үй құстары мен дала құстарының қандай айырмашылықтары бар?
3.Балапандарына қалай қамқорлық көрсетеді?
4.Адамдар құстарға қандай қамқорлық көрсетеді?
Жылулық шеңбері.
Құстар біздің досымыз. Бау – бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«Озерки жалпы орта білім беретін мекебі»КММ
-251460127634«Құстар – біздің досымыз!»
00«Құстар – біздің досымыз!»

Тәрбиеші Рахиянова Г.М.
2013-2014 оқу жылы