План Кескіндеме ?неріні? жанрлары


6-сынып Бейнелеу өнері Тақырыбы Кескіндеме өнерінің жанрлары
Ресурстар Суреттер,сызбалар
Мақсаты
Кескіндеме өнерінің жанрлары жайлы түсінік беріп, сөздік қорын дамыту, өзін-өзі реттеуге үйрету.
Нәтижесі -кескіндеме өнері туралы түсінеді;
-сөздік қорлары көбейеді;
-өзін-өзі реттеуге бейімделеді.
Топқа бөлу Үй жиһаздары арқылы топтарға бөлінеді.
Білу, тану Ынтымақтастық атмосферасы орындау. Шаттық шеңбер құру
Түсіну Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу. Испания, Франция, үңгірлеріндегі, Сахара, Карелия, Қазақстаннан табылған жартас суреттеріне, мүсіндеріне қарап әңгімелейді.
Қолдану Оқулықпен жұмысОқулықтағы суреттерді таныстырамын.Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратамын. Тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды, портрет, теңіз, пейзаж.
Талдау Оқулықтағы мазмұнды суретке тоқталамын.
Суретке қарап әңгімелейді. Дәптермен жұмысДәптерде берілген суреттерді бояды. Дәптердің 5 - бетіндегі тапсырмаларды орындайды.
Жинақтау Дәптермен жұмыс
Сұрақ-жауап жұмысы.
-Пертоглифтер дегеніміз не?
--Ежелгі адамдар жартастарда нені бейнелеген?
- Арпаөзен, Ешкіөлмес, Таңбалыдағы суреттер туралы ақпараттарды тауып оқу. Сурет дәптерлеріне тасқа қашалып салынған суреттерді бейнелеу.
 Бағалау Бағалау - мадақтауКүнделікке баасын қойдырады.
Үйге тапсырма 12-13 беттерді оқып, түсінік айту