Кескіндеме ?неріні? т?рлері, жанрлары /6 сынып/
Мерзімі 6 сынып Ж.Болатов
Мектебі Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп
Сабақ тақырыбы: Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрларыЖалпы мақсат: Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту
Жалпы мақсаты Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану.
Күтілентін нәтижесі: Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, маркер
АКТ
Интерактивті тақтаОқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
Миға шабуыл
Жұпты әңгіме Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
І Ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасын
орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу
«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)
І топ:
1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не?(Түс)2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу) Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді
ІІІ Білу ,тану
Натюрморт-француз сөзі. «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді, яғни жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрмортта жеміс-жидектер, ыдыс-аяқтар, оқу –құралдары т.б. заттар бейнеленеді.
Пейзаж- француз сөзі, «табиғатты бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде , сондай-ақ Европада дамыған. Пейзажда табиғаттың өмірде бар нақты көрінісі бейнеленсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.
Портрет- «адамдарды бейнелеу» .Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын дамыды. Портрет жанры ежелгі Египетте, Римде кеңінен дамыған. Қазақстан қылқалам шеберлері арасында портрет жанрында өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен Ә.Қастеев. Ә.Қастеев «Ана» образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көзжанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Ә.Қастеевтің бұл туындысы Қазақстан бейнелеу өнері қорынан орын алған.
Қолдану
Натюрморт,
пейзаж салу әдісі 1710055527050069855207000
Талдау Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек.
Жинақтау
«Кім жылдам»Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.1. Бүгін мен білдім………….2. Маған қызықты болды…………..3. Қиын болды…………………4. Мен түсіндім……………….5. Енді менің қолымнан келеді………6. Мен сезіндім………………..7. Мен үйрендім………………8. Мені таң қалдырды………9. Мен жасапкөремін………
Бағалау БҮҮ кестесін толтыру
Бағалау Қорытынды баға қою Күнделікке бағаларын қойғызу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерін айту Сабақтан алған әсерін айтады
Үйге тапсырма Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.
Натюрморт,пейзаж салу