Кескіндеме ?неріні? т?рлері (6 сынып)
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:Кескіндеме өнерінің түрлері. Кескіндеме шығармалары.
6-сынып
Өткізген бейнелеу пәні мұғалімі:
Сахаев Руслан Қадрешұлы
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы:
Кескіндеме өнерінің түрлері. Кескіндеме шығармалары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы
қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т.б
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Кескіндеме өнерінің жанрлары.
6248401296035Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу
3425190490220 (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу
39395402550795 Ғалымбаева. Дастарқан
39370067310
К. Әжібекұлы. Томирис Б. Зәуірбекова
Сәукеле киген қыз
Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма орында.