Урок Аппликация технологиялы? карталар


ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Бекітемін:___________
Өткізілетін күні:13.09.2016ж
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:Шығармашылық Бөлімі:Жапсыру Тақырыбы:Достарыма арналған үй. Мақсаты:қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту,балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету,техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру,төртбұрыш,шаршылармен үйдің қабырғасын,үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Қайырымдылыққатәрбиелеу. Сөздік жұмыс:шуақ,адал. Билингвальді компонент:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу. Жұмбақ Ырылдайды,үреді,Үй маңында жүреді. Иесін ол біледі,Үріп белгі береді. Мақал Ит-адамның досы. Жұмбақ Түссе күннің шуағы,Көзін жұмып алады. Жылы жерді сүйеді,Беті-қолын жуады. Сөздік жұмыс:шуақ,адал. Иттер-ең сақ және адал достар.Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп.Олар бізге қызмет етеді,үйді күзетіп,қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады. Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді,тышқан ұстайтын пайдасы бар.Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады. Суреттерді қызыға қарайды. Жұмбақты шешеді. Жауабы:ит Мақалды тыңдайды,қайталайды. Жұмбақты шешеді.Жауабы:мысық.
Қайталайды:шуақ,адал. Педогог әңгімесін тыңдайды,иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт. -Балалар,бізге ит және мысық қонаққа келді.Олармен танысайық.Педогог жұмсақ ойыншықтар:ит және мысықты көрсетеді.-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка.Олар сендерден көмек сұрауға келіпті.Олардың тұратын үйлері жоқ екен.Не істейміз?Оларға көмектесіп үйшік салып береміз бе? Билингвальді компонент:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик. –Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз? -Ал негізін ше? -Үйшіктің тағы несі болады?
Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттелсін.2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.3.Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.6.Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап,жинастыру қажет. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәті. Мысығым,тұршы,Айнаға қарашы,Шашаңды тарашы. Балалардың ішінен,Ең тапқырын таңдашы. Педогог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып береді.Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады. Қонақтармен амандасады,қуаныштарын білдіреді. Көмектесуге ынта білдіреді. Қайталайды:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. -Шатыры-үшбұрыш. -Негізі-шаршы немесе тіктөртбұрыш. -Терезелері-шаршыдан. Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды,жұмысқа кіріседі.
Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.Балалар жапсырмаларды жапсырады. «Абала» деп ойыншық итке, «Марғау» деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жапсырады.
Рефлексиялық-түзетушілік -Қарандашы,балалар,қандай керемет үйлер бой көтереді!Балалар,Дос және Мурка сендерге барлық көмектескендері үшін рақмет айтады.Сендермен қоштасып,қолдарын бұлғайды. Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен және мысықпен қоштасады.
Күтілетін нәтеже:
Жасайды:қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды,үйшік жасайды.
Түсінеді:ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрлері бар екендігін,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.
Қолданады:шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.


ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы: Піскен алмалар
Мақсаты:қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту,балаларды дәстүрден тыс жапсыру-жырту
тәсілімен таныстыру,желіммен жұмыс істеген кезде тиянақты болуға үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру.Шығармашылық ойын дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:піскен.
Билингвальді компонент:күз-осень,алма-яблоко.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт. –Балалар бізге қонақ келді.Оның кім екенін білу үшін жұмбақ шешейік. Жұмбақ Жапырақты бояды,Атырапты бояды, Бояп-бояп барлығын,Сап-сары ғып қояды. –Жарайсыңдар,міне ол келген қонақ-Күз. –Күз келбеті әрқаашанда көркем!Қараңдаршы,сап-сары жапырақтардан жасалған көйлегі қандай тамаша!Күз: -Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерге қонаққа келдім.Сендерге ең әдемі,ең тәтті алмаларды әкелдім.Күзде алмалар пісіп жетіледі де,сондай тәтті болады.Келіңдер,бәріміз бір ойын ойнайық. Педогог алмаларды бөліп,үстел шетіне қояды.Себетті ортаға қойып,екі баланы шығарады.(Ойынды 2рет қайталайға болады). Қызығушылық танытады.
Жұмбақ шешеді.Жауабы:күз.
Қонақпен амандасады,қуаныштарын білдіреді.
Екі бала шығып ойнайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,кәнекей,алма бағын жасап,күзге сыйлайық. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. -Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін жасап,желімдейміз.Көп емес,азғана жыртып,жапырақтарды жапсырамыз.Соңында піскен алмаларды жабыстырамыз. -Жапырақтардың түсі қандай? -Алмалардың түсі қандай? Сергіту сәті Жалғыз саусақ тіпті де,Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды,Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ,Қала салсақ,жол салсақ.
Сөздік жұмыс:піскен. Жұмысқа кірісуді ұсынады.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент:күз-осень,алма-яблоко. Педогогті тыңдайды,жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Жапырақтар жасыл. -Ал,алмалар қызыл.
Мәтінге орай қозғалыстарды көрсетеді.
Қайталайды:піскен.
Қайталайды:күз-осень,алма-яблоко.
Рефлексиялық-түзетушілік -Күз,қарашы,барлық ағаштарды қосып,қандай алмалы бақ жасадық! Күз: -Рақмет,балалар,еңбектерің үшін менен күздің жемісін-қып-қызыл тәттә алмаларды алыңдар.Балалармен қош айтысады. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды.Қуаныштарын білдіреді.Күзбен қоштасады.

Күтілетін нәтеже:
Жасайды:дәстүрден тыс жапсыру-жырту тәсілін.
Түсінеді:күздің белгілерін және жемістердің –алмалардың қайда өсетіні туралы.
Қолданады:жапсырмаларды тиянақты жапсырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (ІІ-кіші тобы)
Бекітемін:
Өткізілетін күні: 11.10.2016 ж.
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы: Шалғындағы саңырауқұлақтар.
Мақсаты:қоршаған орта және саңырауқұлақтар туралы білімдерін кеңейту,жеуге жарамды және жарамсыз
саңырауқұлақтар
туралы түсінік беру,тіктөртбұрыштан дөңгелек қию тәсілін және жабыстыру ережесін беткі жағына желім жағып,суретті
басыпжабыстыруды,қылқаламмен аздап желім алып,сулықпен қағаздың үстіне жабыстырманы басуды үйрету..Тілдерін
дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Саңырауқұлақ ата.
Билингвальді компонент:саңырауқұлақ-грибы.
Оқу қызметінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт.Педогог: -Балалар,бізге қонақ келді. -Саңырауқұлақ атамен таныс болыңдар.Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады. Саңырауқұлақ атамын,Орманда менің тұрағым. Тәртіпті мен қараймын,Саңырауқұлақты санаймын. Сөздік жұмыс:Саңырауқұлақ ата. Саңырауқұлақ ата балаларды орманға серуенге шақырады.Саңырауқұлақ ата күздің белгілері туралы әңгімелейді. –Күзде күн қысқарады,ауа-райы суытады,жаңбыр жауады,жерде шалшық су пайда болады,жапырақтар түседі,құстар жылы жаққа ұшады. Қызығушылық танытады,қонақпен амандасады.
Қайталайды:саңырауқұлақ ата.
Саңырауқұлақ атаны тыңдайды,әңгімеге кіріседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларға жұмбақ жасырады. Қарашы,маңызды жан, Ақ аяқ,Қызыл қалпақ.Қалпағында ақ бұршақ.
Мухомор киімін киген бала шығып,өз-өзін қызыға мақтайды. -Қызыл қалпақ,ақ бұршақ,Келбетің сенің керемет-ақ. Себетке біз сені салмаймыз,Өте-өте қауіптісің! Егер балалар қиналса,педогог көмектеседі. Саңырауқұлақ ата балаларға мухомордың суретін көрсетеді.Мухомордың улы саңырауқұлақ екенін,қолмен ұстауға болмайтынын айтады.
«Алақаныңды жасыр» ойыны.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Тіктөртбұрыштан жарты дөңгелекті кесуді үйретеді.Жабыстыру тәсілінеске түсіріп,үлгісін көрсетеді. –Алдымен қағаздан қалпақшаны қиып,сосын аяқтарын қиямыз.Осы бөлшектерден саңырауқұлақ құрап,шалғынға қоямыз.Беткі жағына қылқаламмен желім жағамыз.Суретті сулықпен басып желімдейміз.Жасыл қағаздан жасалған шөптерді жабыстырамыз,шөп саңырауқұлақтың аяқ жағын басып тұруы керек. Педогог Саңырауқұлақ атаның атынан балаларға кеңес беріп,көмектеседі.
Билингвальді компонент:саңырауқұлақ-гриб. Балалар жұмбақты шешеді.Жауабы:мухомор.
Балалар саңырауқұлақтың баскиімін мұқият қарап,түстерін ажыратып айтады.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.Шеңбер ішінде мухомор жүгіріп жүріп,балалардың алақанын ұстап алуға тырысады.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды.
Қайталайды:саңырауқұлақ-гриб.
Рефлексиялық-түзетушілік Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды.Балаларды мадақтайды. Қуаныштарын білдіреді.Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.
Күтілетін нәтеже:
Жасайды:тіктөртбұрыштан жарты дөңгелек қияды,сулықпен және алақанмен суретті басады.
Түсінеді:жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтың болатындығын және ерекшеліктерін.
Қолданады:қиылған бөлшектерді құрастырады,қылқаламмен желім алып,беткі жағына жабыстырады.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы: Банкадағы қияр мен қызанақ.
Мақсаты:көкөністердің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру,көкөніс түрлері туралы білімлерін кеңейту,бұрыштарын
қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қиюды үйрету,назарлары мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:егіс жинау.
Билингвальді компонент:қияр-огурец,қызанақ-помидор..
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойын жағдаяты. Екі бала көкөніс пен жеміс тиелген арбаны сүйреп әкеледі. –Балалар,не сүйреп әкелді? -Көкөністердің атын айтып,көрсетіңдерші? -Енді жемістерді атаңдар? -Көкөністер қайда өседі? -Жемістер қайда өседі?
Сөздік жұмыс:егіс жинау.-Балалар, «Егіс жинаймыз» ойынын ойнайық.Жемістерді бөлек себетке,көкөністерді бөлек себетке салу керек.(Көңілді,жылдам әуен орындалады,ойын 3-4 рет қайталанады.). -Көкөністерден қандай тағамдар жасалады? -Жемістерден не жасалады? Арбаны қарайды.
-Көкөніс пен жемістерді.
-Қияр,қызанақ,бұрыш,пияз.
-Алма,алмұрт,жүзім.
-көкөністер бау-бақшада өседі.
-Ал,жемістер бақта,ағаш басында өседі.
Қайталайды:егіс жинау.
Балалар арбадағы көкөністерді және жемістерді жерге төгіп,араластырады.
-Көкөністерден картоп езбесі,салаттар жасалады.
-Қайнатпа,компот,сусын.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,көкөністерді қысқа қалай сақтайтынымызды білесіңдерме? Сергіту сәті «Орамжапырақтарды тұздау». Тық-тық-тық-тық,Орамжапырақты кесеміз. Оны біз тұздаймыз.Ыдысқа біз саламыз, Дайындаймыз қысқа азық.Оңға түзу тұр,Солға түзу тұр. Алға бір адым,Артқа бір адым.Оңға бұрылып, Солға үңіліп,Жоғары,төмен қарайық,Орнымызды табайық.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. –Шаршының түсі қандай?Бұл шаршыдан дөңгелек қиямыз.Бұл қызанақ болады.Бұрыштарын дөңгелетіпқиямын,дөңгелек шығады. –Тіктөртбұрыштың түсі қандай? -Бұрыштарын дөңгелетіп,сопақ пішінді қиямыз.Неге ұқсады?
-Енді қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.Балалардың жауабын тыңдап,педогог толықтырады.
.1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттелсін.2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.3.Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.6.Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап,жинастыру қажет. –Алдымен сопақ пішінді қияр мен дөңгелек пішінді қызанақты қойып көреміз,содан кейін бір-бірден желімдейміз.Қағазға желімді жағып,сулықпен басамыз.Соңында банканың қақпағын қиямыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент:қияр-огурец,қызанақ-помидор.. Балалардың жауабы.
Балалар үстел үстін ұрып,алақандарын үйкелейді.Өлең мәтініне байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Қызыл.
-Жасыл.
-Қиярға ұқсады.
Балалар қауіпсіздік ережесін айтады.
Балалар жұмысқа кіріседі.Үлгіге қарай отырып,қияр мен қызанақты қиып желімдейді.
Қайталайды:қияр-огурец,қызанақ-помидор.
Рефлексиялық-түзетушілік Педогог балаларды мақтап,аналарына көмекші екенін айтады. –Жарайсыңдар,балалар,қысқа біз қаншама азық дайындап алдық! Қуаныштарын білдіреді,жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.
Күтілетін нәтеже:
Жасайды:жапсыруда пропорциялар ережесін сақтап,бұрыштарын қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді
қияды.
Түсінеді:көкөніс пен жемістердің айырмашылығын,көкөністен жасалатын тағамдардың адам ағзасына пайдасын.
Қолданады:оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технелогиялық картасы
Бекітемін:
Өткізілетін күні: 08.11.2016 ж.
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы: Қонжыққа арналған пирамида
Мақсаты:қоршаған орта және ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,ойыншықтың келбетін көшіріп,аппликация жасауға
үйрету. Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:түрлі түсті пирамида
Билингвальді компонент:қонжық-медвежонок,пирамида-пирамида.
Оқу қызметінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойын жағдаяты -Балалар,біздің ойын бұрышымызда қонжық бар.Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы-пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты.
–Қалай ойлайсыңдар,біз қонжыққа көмектесе аламыз ба?
Тапсырма: «Пирамиданы құрастыруға көмектес». –Балалар бір-бірден шығып,сақиналарды үлкеннен кішіге дейінқұрастыруға көмектесіңдерші. -Сақиналардың пішіні қандай? Қызығушылық танытады,педогогті тыңдайды.
Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді.
Пирамиданы жинайды,түсін және пішінін айтады.
-Дөңгелек.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Жапсыру үшін бізге не керек?
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Сопақ пішінді тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелетіп қиямыз.Сонда сопақша пішін шығады.
-Пирамидадағы дөңгелектердің түсі және пішіні әртүрлі,сондықтан тіктөртбұрыштар да әртүрлі.Маған олардың түсін атап беріңдерші.
Сөздік жұмыс:түрлі түсті пирамида Билингвальді компонент:қонжық-медвежонок,пирамида-пирамида.
Қиылған сопақ пішіндерді үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз,үстіне домалақ шарды қоямыз.Енді бәрін желімдейміз.
-Сопақ пішіннің екінші жағына желімді жағып,әдемілеп желімдейміз.Сосын келесі пішінді-оның үстіне кішісін және тағы біреуін солай желімдейміз.
Сергіту сәті
Оңға,солға бұрылдық,Алға,артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп,Қолды создық тік тұрып, Секіреміз топ-топ,Шапалақтап көп-көп.
Иілеміз оңға қарай,бір,екі,үш.
Иілеміз солға қарай,бір,екі,үш.
Енді жұмысқа кірісуге болады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. -Қағаз,қайшы,желім.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Еңүлкені-қоңыр,сосын сары,жасыл,қызыл,көк.
Қайталайды:түрлі түсті пирамида.
Қайталайды: қонжық-медвежонок,пирамида-пирамида.
Педогогті тыңдайды.
Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар жұмысқа кіріседі,пирамиданы қиып,жабыстырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Педогог қонжықтың атынан балаларға алғыс айтады.Балаларды мадақтайды. Қуаныштарын білдіреді.Дайын жапсырмалардан көрмеге іледі.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бұрыштарын қайырып,сопақша пішін қияды.
Түсінеді:ойыншықтармен ұқыпты ойнауды,пирамиданы өсу ретімен жинау керектігін.
Қолданады:бірнеше бөліктерден тұратын ойыншық бейнесін құрастырып желімдейді.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы:Бауырсақ
Мақсаты:шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету,жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру,қайшымен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру,балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін
дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Халық ертегілеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:домалау.
Билингвальді компонент:бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педогог балаларға жұмбақ жасырады:
Атасынан да қашты,
Апасынан қашты, Өзінің домалақ басына, Кездестірді түлкіні,
Жоқ боп кетті бір күні.
-Балалар,Бауырсақ жоғалмапты,мінекей ол(ойыншық бауырсақты көрсетеді).
-Бауырсақпен амандасайық,балалар.Педогог балалармен бірге ойыншық Бауырсақпен амандасады.
-Бауырсақ,мұнда қалай келдің?
Бауырсақ:-Мен атамнан қаштым,Әжемнен де қаштым.
Мен олармен бірге болудан жалықтым.
-Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың?
-Мен ойнағанды жақсы көремін.Атам мен әжем менімен ойнамайды.Мен балабақшаға келдім,мұнда жақсы және көңілді.Балалар бір-бірімен ойнайды.Сендерге ойнаған ұнай ма,балалар?
-Бауырсақ,сен жолда шаршаған боларсың?Бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?
-иә,шаршадым және тоқтайын десем тоқтай алмадым.Неге екенін білмеймін.
-Балалар,бауырсақ неге тоқтай алмады?
Сөздік жұмыс:домалау.
-Балалар,Бауырсақпен ойын ойнайық.
«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны
Үстелде әртүрлі геометриялық пішіндер жәнесуреттер тұрады.
-Балалар саған ұқсас пішінді табады. Ал сен,Бауырсақ,тексересің.
-Бауырсақ,неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе?Домалақдөңгелейді.Сен жалықпасын деп,біз саған өзіміз жасаған бауырсақтарды сыйға тартамыз.
Билингвальді компонент:бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг. Педогогті тыңдайды,жұмбақты шешеді.
Жауабы:бауырсақ.
Бауырсақты көреді,Бауырсақпен амандасады.
Диалогті тыңдайды.
-Иә,ұнайды.
Бауырсақ домалақ болғандықтан тоқтай алмады.
Қайталайды:домалау.
Балалар домалақ пішінді заттарды,суреттерді табады.
Домалатып көреді.
Қайталайды:бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Жапсыру үшін бізге не керек?
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз,желімдейміз.
-Мен шаршыныаламын.Түсі қандай?Мен неге оны таңдадым?
-Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп қайырып,дөңгелектеп қиямыз.
-Екінші жағына желім жағып, суреттегі жолға желімдейміз.
-Ал оны не күтіп тұр?
-Бұған бірдеңе жетіспей тұрған сияқты?
-Жұмысқа кіріспес бұрын,қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік.
Сергіту сәті
Оңға,оңға түзу тұр,Солға,солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. -Қайшы, қағаз,желім.
Сұрақтарға жауап береді.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Сары түсті,себебі бауырсақ қамырдан жасалып ,қуырылған.
-Түлкі.
Оған көз,мұрын,ән айту үшін ауыз жабыстыру керек,
Балалар естеріне түсіріп айтады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмысқа кіріседі. Аппликацияларды жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік -Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген,бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды!Бауырсақ шыршаның артына тығылып қашып кетеді,жол бойында жүгіріп ән шырқайды: Апамнан да қаштым,Атамнан да қаштым.
Түспедім мен ауызға,Ас болмадым тағы да. Бауырсақпын осындай,Аяқталды ертегіміз,
Сәтті болды күніміз!Бауырсақ балаларға рақмет айтады.Балалармен қоштасады. Қуаныштарын білдіреді.
Жұмыстарын бауырсаққа сыйлайды.
Балалар бауырсақпен қоштасты.
Күтілетін нәтеже:
Жасайды:бұрыштарын дөңгелектеп,шаршыдан дөңгелек қияды,қарындашпен немесе фломастермен аппликацияларды
толықтырады.
Түсінеді:домалақтың бұрышы болмайтындығын,еркін домалайтындығын .
Қолданады:қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады,сулықты қолданады.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы: Табақты әшекейлейміз .
Мақсаты: балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру;ұлттық өнерімен таныстыру;табақты
өрнектермен әшекелеуді үйрету;ұқыпты желімдеуге жаттықтыру;әшекейлеу дағдыларын арттыру,сұлулықты сезіне білуге
тәрбиелеу,қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын
жетілдіру.
Сөздік жұмыс:өрнек.
Билингвальді компонент: табақ-блюдо,өрнек-орнамент.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар,мен сендерге ертегі айтып берейін.
«Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде,Мыстан кемпір болыпты.Ол әдемілікті көрмейтінсезінбейтін,дүниеде тек жамандық жасайтын жан екен.Зұлымдық жасаудан қолы босамайды.сол Мыстан кемпір бірде ыдыстардан әдемі ою-өрнектерді үрлеп,өшіріп тастайды».
-Балалар,қараңдаршы,ою-өрнектер үстелде жатыр.Ыдыстарға осы ою-өрнектерді желімдеп өрнектейік. Ертегіні тыңдайды.
Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Бірақ,алдымен жан-жағымызға қарап,сұлулықты іздейік.Терезенің ар жағында аспанда ақ бұлттар қандай әдемі!Сұлулықты қайдан көріп тұрсыңдар?Терезенің ар жағынан ба?Топтан ба?Достарыңнан ба?
-Сендердің қолдарың да әдемілікті жасай алады.Сендер қазір ыдыстарды ою-өрнектермен әшекелейсіңдер.Ұқыпты желімдеңдер,желімнің ізі қалмауы керек.
Саусақ жаттығу:
«Қонаққа барамыз».
Басбармақтың үйіне,Келді бүгін қонақтар.
Бес саусағың-бақытың,Сонда,баоам,бар құтың.
Бес саусағың біріксе,Текке кетпес уақытың.
Барлық саусақ- тату дос,Бір-біріңе көмектес.
-Әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі(қазақтың әдемі әуені шырқалады).
Сөздік жұмыс:өрнек.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Ыдыстың ортасынан бастап өрнектейміз.Ең үлкен элементтерді таңдап,қошқармүйіз бен құстұмсық оюларын желімдейміз.
-Қағаздың түрлі түсті жағын астына қаратып,желімді жағамыз.Өрнекті негізгі бетке әдемілеп жабыстырып,сулықпен басамыз,артық желімді сүртіп тастаймыз.Енді ыдыстардың шетін өрнектейміз.Гүл кестесі оюының ұшын ыдыстың шетіне қаратып желімдейміз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент: табақ-блюдо,өрнек-орнамент. Педогогті тыңдайды,сұрағына жауап береді.
Балалар саусақ жаттығуларын жасайды.
Қайталайды:өрнек.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады,жұмысқа кіріседі.
Қайталайды: табақ-блюдо,өрнек-орнамент.
Рефлексиялық-түзетушілік Педогог балаларды мадақтайды.Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Достарының жұмысын талдайды.Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
Күтілетін нәтиже: Жасайды: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл кестесі» оюларын қиып,ыдысты әшекелейді.
Түсінеді: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл кестесі» оюларының мәнін.

Қолданады:қағаздан ою қияды,симметриялы етіп орналастырады.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технелогиялық картасы
Бекітемін:
Өткізілетін күні: 13.12.2016 ж.
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы:Шыршаны шарлармен безендіреміз.
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту,шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету,жұмысты соңына дейін
бітіруге дағдыландыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.
Сөздік жұмыс:қобдиша
Билингвальді компонент:жаңа жыл-новый год,шырша-елка.
Оқу қызметінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Күнім күлім қағады,Шуағын маған шашады.
Қуан,қуан алтын Күн!Қуан,қуан Жер-көгім!
(Г.Бектұрова)
-Балалар,қараңдаршы сиқырлы қорапша тауып алдым.
Сөздік жұмыс:қобдиша Балалар шеңбер жасап тұрады,өлең жолдарын бірге қайталайды.
Қызығушылық танытады.
Қайталайды:қобдиша.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Сиқырлы қорапшада не бар екен?Оның ішінде қағаз бар екен,қағазда жазылғанды оқып көрейік:
Ағаштардың көріктісі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау, өлкені,
Кәусар ауа жұтады.
Бұл не?
-Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен.
-Мен сиқырлы таяғымды сермегенде ,шыршада моншақтар пайда болады.Педогог сиқырлы таяғын әрі-бері сермейді,бірақ шыршада моншақтар пайда болмайды.
Педогог балалардан көмек сұрайды.
«Пішінді ата» дидактикалық ойыны.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Педогог моншақ жасау техникасын түсіндіреді:домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз.Пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп орналастырып,шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді.
Сергіту сәті
Сағаттыңтіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттыңтіліндей,
Иіліп солға бір.
Жаттығу жасаймыз.
Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент:жаңа жыл-новый год,шырша-елка. Тыңдайды,жұмбақты шешеді.
Жауабы:шырша.
Балалар көмек көрсетуге ынталарын білдіреді.
Ойынға кіріседі,пішіндердің атауларын атайды:дөңгелек,сопақша,шаршы.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Балалар жаттығу жасайды.
Жұмысқа кіріседі,шыршаға моншақтар жасайды.
Қайталайды: жаңа жыл-новый год,шырша-елка.
Рефлексиялық-түзетушілік -Біздің шыршамыз әдемі болып кетті.Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз.Педогог шыршадағы моншақтарды балалармен талдайды.Мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын тамашалайды,талдау жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын
қиып,пішіндері әртүрлі моншақтардыкезектестіріп жабыстырады.
Түсінеді:шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.
Қолданады:оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (ІІ-кіші тобы)

Бекітемін:
Өткізілетін күні: 10.01.2017 ж.
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы:Ақшақар
Мақсаты:қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту,шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету,қайшымен және
желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.Тілдерін дамыту.саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:тон.
Билингвальді компонент:Ақшақар-снегурочка,қар-снег.
Оқу қызметінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педогог балаларға ән айтқызады.
О,алақай,Аязата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік,үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.Құтты болсын,құтты болсын,
құтты болсын.....
Жұмбақ жасырады.
Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте
Ол....
Жаңа жылда бізге кім келеді? Балалар жетіспейтін сөзді айтады.
-Жаңа жыл.
-Шырша.
-Аязата,Ақшақар.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педогог қуыршақ Ақшақарды көрсетеді.Үстіне көк тон киіп алғанын айтады.
Сөздік жұмыс:тон.
-Балалар,Ақшақар деп неге атаған?
- Қазір дала аяз,бұл Ақшақар ұнататын ауа- райы.Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.
Сергіту сәті
Денсаулықты сүйеміз,Шынығамыз күнде біз.
Бір-екі-үш!
Бір-екі-үш!
Бұлшық етте, міне күш!
Ал,балалар тұрайық,Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,
Бір отырып,бір тұрып.
Бойымызды созайық,Белімізді жазайық.
Билингвальді компонент:Ақшақар-снегурочка,қар-снег.
-Балалар,бүгін біз Ақшақардың бейнесін жасаймыз.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз,шаршыны екіге бөліп,қиямыз,шыршаны құрастырамыз,жабыстырамыз.Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз.Ол үлкен үшбұрыш болады. Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз.Қолы да үшбұрыш.Ал,енді жұмысқа кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қуыршақты қарастырады,сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды:тон.
-Себебі,ол қардан жасалған.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қайталайды: Ақшақар-снегурочка,қар-снег.
Сұрақтарға жауап береді,жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі.
Рефлексиялық-түзетушілік Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды,балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасады. Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.Ақшақармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды:геометриялық пішіндерден Ақшақар құрастыруды.
Түсінеді:Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін,шырша мерекесінің қонағы екендігін.
Қолданады:оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы:Пойыз
Мақсаты:балалардың пойыз туралы білімдерін,теміржолда жүретін көлік екенін түсіндіру.Ұсақ бөлшектерді
қосу,шаршыдан дөңгелектер қию.Шығармашылық ойды дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің
қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:паровоз,вагон.
Билингвальді компонент:пойыз-поезд.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойын жағдаяты
Пойыз әнін орындауды ұсынады.
Пойыз,пойыз
Судай жаңа,
Жылтырайды шынымен.
Не бар екен пойыздарда?
Аю менен маймылдар,
Мысықтар мен қояндар,
Міне,осындай пойызды
Балаларға сыйлаймыз.Ұзақ,ұзақ,
Жол ұзақ.
Проблемалық жағдаят
-Балалар,біздің ойыншықтар саяхатқа шыққысы келеді.Бірақ оларда пойыз жоқ. Не істейміз? Ынта білдіреді,орындықтарды пойыз сияқты етіп,ретімен қойып,пойыз туралы ән шырқайды.
Көмектесуге ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық.
-Пойыз-көлік,теміржолмен жүреді.
-Пойызда паровоз және вагондар бар(суретін көрсетеді)
Сөздік жұмыс:паровоз,вагон.
Педогог жұмысты жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Сергіту сәті
Пойыз: «Ду-ду!Ду-ду!
Мен жүремін,
Мен жүремін!»-деп шулайды,
Ал вагондар зулайды.
«Тақ-тақ!Тақ-тақ!
Тақ-тақ!Тақ-тақ!»
Ұшақ болып,балалар,
Ұшамыз биікке,биікке.
Жоғары қарай тартыламыз,
Енді жерге қонамыз,
Қолымызды төмен түсіреміз.
Билингвальді компонент: пойыз-поезд.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сұрақтарға жауап береді.
-Пойыз тіктөртбұрыштар,үшбұрыштармен дөңгелектерден тұрады.
Қайталайды:паровоз,вагон. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Балалар бірінің артына бірі «пойыз» сияқты тұрады.
Жұдырықтарымен айналдырады.
Алақандарымен шапалақтайды.
Аяқтарының ұшына тұрып,қолдарын жоғары көтереді,төмен түсіреді.
Билингвальді компонент: пойыз-поезд.
Пойыз жасауға кіріседі.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балаларды ойыншықтардың атынан мақтайды. Қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:геометриялық пішіндерді пайдалана отырып,пойызқұрастырады,қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік
техникасын сақтайды.
Түсінеді:пойыздың теміржолмен жүретін көлік екендігін.
Қолданады:қайшы мен желім-қарындашты дұрыс қолданады,оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты:Аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру,балалардың елестету қабілеттерін дамыту.Тіктөртбұрыштың шетін қайырып-дөңгелету,сопақшалар қибалықтың денесі,оларға кішкентай үшбұрыштар қосып,құйрықтарын жасау.Тілдерін дамыту.
Сөздік жұмыс:ұлу,қабыршақтар.
Билингвальді компонент:балық-рыба,су-вода.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт. Топқа алтын сандық көтеріп әкеледі.(сандықтың ішінде аквариум,ойыншық балықтар мен ұлулар бар).
Педогог жұмбақ жасырады.
Төртбұрышты шыны үй,Терезесі жоқ,іші толы су.
Осы үйдің тұрғындары,Шетінен шебер жүзгіштер.
Басса ізі жоқ,Жүрсе,жолы жоқ.
-Бүгін аквариум және оның тұрғындары туралы әңгімелейміз.Қараңдаршы,балалар,бұл-су асты әлемі.
-Балалар аквариумның астында не бар?
-Олар не үшін қажет?
Сөздік жұмыс: ұлу,қабыршақтар.
Сергіту сәті.
Суда балық жүзеді,Суда өмір сүреді.
Айнадағы бейнедей,Қимылдарды қайтала.
Оңға солға бұрылдық,Алға,артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,Қолды создық тік тұрып. Қуаныштарын білдіреді,жұмбақты тыңдайды,шешуін табады.
Жауабы:акваиум,балық.
-Ұлу.
Аквариумға қарайды,сұрақтарға жауап береді.
-Аквариумның түбінде құм мен тас бар.
-Таста балдыр өседі.
-Сән,көрік беру үшін.
-Олар балықтарды оттегімен қамтамасыз етеді.
Қайталайды: ұлу,қабыршақтар.
Балалар қимыл-қозғалыс жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Билингвальді компонент: балық-рыба,су-вода.
Ойын: «Балықты көркемде».
Балаларға балықтар мен қабыршақтар таратылады.
Педогог жұмысты жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.
Денелердің пішінін анықтап,педогог балаларға сопақ пішінді балықтың денесін,құйрығын,қанатын қалай қиятынын түсіндіреді,қию үлгісін,оны құрау әдісін,жабыстыру тәсілін көрсетеді.Тіктөртбұрыштың шетін қайырып-дөңгелету,сопақшалар қию-балықтың денесі,оларға кішкентай үшбұрыштар қосу-құйрықтарын жасау.
Қайшымен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті еске түсіреді.Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қайталайды: балық-рыба,су-вода.
Жұмысты жасау ретімен танысады.
Балалар қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады.
Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды.Кепкеннен кейін,ата-аналарына арналған көрмеге іледі.
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар,сендерге достарыңның жұмысы ұнады ма?Несімен ұнады?
Ойын: «Балық,қайда тұрасың?»Балалар бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп,кімге «тұрасың» сөзі түскенде,сол бала балықтың қайда тұратынын айтады. Ойынға кіріседі.
(Теңізде,көлде,өзенде,мұхитта,аквариумда).
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:қию және жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді өзі қалауы бойынша жабыстырады.
Түсінеді:аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатынын.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні:
Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Тақырыбы: Ұшақтар самғайды
Мақсаты: Көліктер туралы түсініктерін кеңейту,қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын естеріне түсіру,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қиып алып,ұшақ жасау,ойыншық ұшақтың кәдімгі ұшақпен ұқсастықтарын табу.Тиянақтылыққа,ұқыптылыққа,дербестікке тәрбиелеу.Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұшқыш.
Билингвальді компонент: ұшақ-самолет,ұшқыш-летчик,аспан-небо.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ойын жағдаяты.
Педогог топқа ұшақ ойыншықты әкеледі,тақпақ оқиды:
Құстар қайда ұшады?
Биікте,биікте.
Ұшақ қайда ұшады?
Алысқа,алысқа.
Жұлдыз қайда жарқырайды?
Үстінде,астында.
Біздің батыл ұшқыштар,
Алдында,алдында.
-Балалар,аспанда не бар?
-Балалар,ұшақты кім ұшырады?
Сөздік жұмыс: ұшқыш. Қуаныштарын білдіреді,тақпаақты тыңдайды.
-Аспанда Күн,құстар,бар,ұшақтар ұшады,аспанда бұлт болады.
Қайталайды: ұшқыш.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ұшақпен саяхатқа шығуды ұсынады.Ұшу үшін ұшақ керек,ұшақ жасайық,біз оны аспанға жібереміз.
Билингвальді компонент: ұшақ-самолет,ұшқыш-летчик,аспан-небо.
Сергіту сәті.
«Ұшақ» ойынын ойнатады.
-Енді орнымызға ұшып келдік.
Педогог жұмысты жасау ретін түсіндіреді,қию үлгісін көрсетеді.Ұшақты қалай жабыстырғанын айтады.Тіктөртбұрыштың шетін қайырып,ұшақтың денесін жасаймыз,қанаты да дәл солай жасалынады.Енді Күн мен бұлттың суретін саламыз.
-Балалар,қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын кім айтып береді?
Педогог жауаптарды толықтырады.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қайталайды: ұшақ-самолет,ұшқыш-летчик,аспан-небо.
Жұмысты жасау ретімен танысады.
Балалар қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады.
Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды.Кепкеннен кейін,ата-аналарына арналған көрмеге іледі.
Рефлексиялық-түзетушілік Балаларды мадақтайды.
«Ұшқыштар» ойынын ұйымдастырады.
Жұмыстарды қарап,бір-біріне пікірлерін айтады.Ойынға кіріседі.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:ұшақ бөлшектерін қиып, жабыстырады.
Түсінеді:ұшақтың әуе көлігі екендігін,иллюминатор ұшақтың терезесі екендігін.
Қолданады: ұшақ жасауда оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы:Гүлдер
Мақсаты: 8 Наурыз мерекесі туралы және гүлдер туралы білімдерін кеңейту,түсті айыра білуге,эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету.Тілдерін дамыту.Анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу.
Сөздік жұмыс:ашықхат.
Билингвальді компонент:сыйлық-подарок,ана-мама,гүл-цветок.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Әр балаға анасын есіне түсіріп,мейірімді сөздер айту ұсынады.
-Балалар,қазір қандай мереке жақындап келе жатыр?
-8наурыз –аналар мерекесі.
-Енді,балалар ашықхаттың түрлерін қарастырайық.Тәрбиеші балаларға әдемі ашықхаттың түрлерін көрсетеді.
Сөздік жұмыс:ашықхат. Ойланады,сұрақтарға жауап береді.
Ашықхаттарды қарастырады.
Қайталайды:ашықхат.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші балаларға аналарына арнап ашықхат жасауды ұсынады.
Шын көңілмен жасалған сый қымбат болады.
Билингвальді компонент:сыйлық-подарок,ана-мама,гүл-цветок.
Пластикалық жаттығу: «Гүл қауызы»
Балаларға гүлдің бейнесін қимылмен салуды ұсыну.
Тәрбиеші балаларға жапсырудың жасалу ретін және үлгісін көрсетеді.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Қайталайды: сыйлық-подарок,ана-мама,гүл-цветок.
Балалар әдемі әуенмен гүлдің қимылын келтіреді.
Балалар алдымен құмыраны,сабағын,гүлді,жапырақтарын жапсырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Бұл гүлдер ешқашан солмайды.Аналарымызды қуантады.
Тәрбиеші балаларға ана туралы тақпақ оқуды ұсынады. Өздері білетін ана туралы тақпақтарын оқиды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: геометриялық пішіндерді қиып,гүлдерден ашықхат жасайды.
Түсінеді: еңбектену арқылы жақындарына қуаныш сезімін сыйлай алатындарын.
Қолданады:анасына сыйлық жасау барысында оқу-іс әрекеті барысында алынған дағдыларды.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы:Сәукелені әшекелейміз
Мақсаты: қазақтың ұлттық баскиімі атауларын ажыратуды үйрету.Ұлттық өнер түрлерімен таныстыру,сәукелені өрнектермен әшекелеуді үйрету,қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру.Тілдерін дамыту.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сәукеле,тұмар.
Билингвальді компонент:әдемі-красивый.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ғажайып сәт
Топқа ұлттық киім киген Айсұлу келіпті.Тәрбиеші қазақтың ұлттық киімін киген қыздарының суреттерін көрсетеді.
-Сәукеле –үйлену тойында қалыңдық киетін баскиім.
Қазақ қыздары өздеріне көйлек тігіп,сәукелесін әшекейлеген.Ол биік баскиім,неше түрлі әшекейлермен моншақ ,қымбат тастармен,шашақ жіптерменәшекейленген.Сәукеленің жоғарғы бөлігіне тіл-көзден сақтайды деп тұмар ретінде үкі таққан.
Сөздік жұмыс: сәукеле,тұмар.
-Ал,біздің Айсұлуымыздың сәукелесі дайын емес.Әдемі аппликация жасап,көмектесейік.
Билингвальді компонент:әдемі-красивый.
Қызығушылық танытады.Қуыршақпен амандасады,киімдерін қарайды.
Суреттерді қарайды.
Қайталайды:сәукеле,тұмар.
Көмектесуге ынта білдіреді.
Қайталайды:әдемі-красивый.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,Айсұлу «Суретті құрастырайық» ойынын әкеліпті.Тәрбиеші үстел үстіне ойын карточкаларды-кесілген суреттерді,қазықтың ұлттық киімі салынғанбейнелерді қояды.
-Сәукеленің пішіні қандай?
-Қандай түстер қолданамыз?
-Өрнектер қалай орналасқан?
-Бас жағында не бар?
Педогог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Бір шынығып аламыз.
Иіліп оңға бір,Иіліп солға бір,
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалар кесілген суреттердегі киімдерді қарайды,құрастырады,түрін атайды.
-Үшбұрышты.
-Қызыл,сары түстерді қолданамыз.
-Ортасында.
-Үкісі.
Педогогті тыңдайды.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педогог балалармен бірге көрме ұйымдастырады.
-Балалар,Айсұлу сендердің көмектерің үшін өте қуанышты.Рақмет айтып жатыр.
«Тақия тастамақ» ойынын ұйымдастырады.
Айсұлу балалармен қоштасады. Балалар өздерінің және достарының жетістіктеріне қуанады.
Ойынға кіріседі.
Балалар Айсұлумен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қайшымен жұмыс жасайды,геометриялық пішіндерден сәукеленің бейнесін қияды.
Түсінеді: қазақтың ұлттық баскиімі-сәукелені ұзатылатын қалыңдық киетінін. .
Қолданады:сәукелені әшекейлеу кезінде оқу-іс әрекеті барысында алынған дағдыларды.
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы: «Түлкі бикеш»
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту,түстерді тану білімін тексеру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары.
Билингвальді компонент:түлкі-лиса,қасқыр-волк,аю-медведь,қоян-заяц,кірпі-еж.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
Түсінеді: .
Қолданады:
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы:әдемі мерекелік жалаушалар
Мақсаты:
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
Түсінеді: .
Қолданады:
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы:
Мақсаты:
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
Түсінеді: .
Қолданады:
ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық Өткізілетін күні: Бөлімі:Жапсыру Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна Тақырыбы:
Мақсаты:
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
Түсінеді: .
Қолданады:

ІІ-кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технелогиялық картасы
Өткізілетін күні:
Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Білім беру саласы:
Бөлімі:
Тақырыбы:
Мақсаты:
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
Түсінеді: .
Қолданады: