План урока по математику на тему 3 саны ж?не цифры


3 саны мен цифры. Үшбұрыш.
0
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры. Үшбұрыш.Мақсаты:1) 3 саны және цифрымен таныстыру. Үшбұрыш оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.2) Ойлау қабілеттерін дамыту.3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Сандар, кестелер, геометриялық фигуралар, интерактивті тақта, суреттер.Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.Сабақтың жүрісі:1. Ұйымдастыру.2. Үй тапсырмасын «Кім жылдам?»ойыны арқылы қорытындылау.2+1 қосындысы неге тең екен? 1+2 қосындысы неге тең болады? (Жауабы)Екі үшбұрышты салыстыру, айырмашылықтарын сұрау.Логикалық есептер шешу.Ойын: «Сиқырлы қалта»3. Жаңа сабақ түсіндіру.Енді қолымызбен 3 цифрін мүсіндеп көрейік.2 саны:Бірден кейін тұрамын,Сандар іші тұрағым.Бірге бірді қосқанда,Иіліп мен шығамын.3 саны:Екіден соң әрқашан,Үш саны болып қаламын.Қос мүйізі майысқан,Ұлттық ою саламын.Сандар туралы не білеміз? (жауабы)Балалар, бізге тағы қонақтар келіп тұр. Мінекей қараңдар. Кімдер келіп тұр? (Аталар).Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ).Біздің қаламызда қай бидің атында көше бар? (Әйтеке бидің атында көше бар).Осы көшеде кім тұрады, балалар? (Әйтеке би көшесінде тұратын балалардың атын атау).О О О - мынау қандай геометриялық пішін? (Шеңбер)Сергіту сәті:Ептеп – ептеп жерден бидай терейік,Тергеніңді торғайларға берейік.Тойған торғай томпаң – томпаң секірсін,Ол да біздей үлкен болып жетілсін,Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.Енді менің әңгімеме құлақ сал.Балалардан құстардың пайдасы туралы сұрау. (Балалардың жауаптары.)Түсі қандай? (Қызыл)Нешеу? (Үшеу)▲▲▲ – мынау қандай геометриялық пішін? (Үшбұрыш)Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату. (Құстардың дауысын ажырату.)(Геометриялық пішіндерден машина құрастыру)(Балалар «сиқырлы қалтадан» сандарды тауып алады.)Дәптермен жұмыс. 3 цифрын дұрыс жазу.Одан кейінгі тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.Өз бетінше жұмыс. 2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыру.Қорытынды. «Үндемес» ойынын ұйымдастыру.Шартымен таныстыру.Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ән: «Бағдаршам»Үйге тапсырма беру.Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.