Ал?аш?ы компьютерлік сауаттылы??а ?йрету п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті


Алғашқы компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінен
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: «Санап үйренейік!»
Мақсаты: Балалардың санау қабілетін арттыру; - қоңыздардың санын тану арқылы тапқырлыққа тәрбиелеу; - заттың санын анықтау арқылы үйлестіре білу қабілетін арттыру.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: сандарды қайталау
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрнекі, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, слайд – дидактикалық материалдар, Қостілдік компонент: сан – цифр, число
Сәлеметсіздер ме,балалар?
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте,дети!
Здравствуйте!
Hello,children!
Hello! Балалар компьютерлік сыныпқа түзу кіреді. Мұғаліммен салемдеседі
Бүгін бізге «Ғажайып суретші» атты қонақ келіпті. Танысайықшы!
Балалар, бүгін күнімізді шат – шадыман, көтеріңкі көңіл – күймен бастайық! Шаттық шеңбері:
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн!
Біз нәзік кыздармыз,
Қайырлы күн !
Біз ержүрек ұлдармыз.
Балалар қолдарының кимыл- қозғалысымен көрсетеді. Бірге қайталап жасап шығады.
Өте жақсы, балалар! Рахмет!
Себепті қызуғушылығын оятукезеңдері
Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз!
«Қанша? Қандай?»
254127036830
1. 5-ке дейін санауды бекіту.
– ші, 2-ші, ұғымдармен таныстыру.
Көрнекілік: сандар (Шалқан, Бауырсақ, ертегісі бойынша)
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші,қызы үшінші, т.б пайдалана кетуге болады.
«Әрі қарай кері сана»
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар интерактивті тақтадан графикалық редакторды тамашалайды.
Редакторда суреттер салады.
Санамақ.
Іші толы бөлмемнің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қймайық,
Келе ғой досым ойнайық.
Санамақтарды топтарға бөліп қайталайды.
Бас бармағым – атам,
Балалы – үйрек әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек мен,
Міне, менің барлық отбасым.
Он дегенім – он саусақ,
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Екеуін қосып санап ем,
Барлығы болды он саусақ.
Барлығы да әп ай ай,
Бейне бір он саусақ.
Төменде үш қаз ұшады.
Үшеуі бұлтты құшады.
Өзеннен көрдік екеуін,
Айтқын, қаз нешеу екенін?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болыпшықты он саусақ
Оң аяқта бес бақай,
Сол аяқта бес бақай.
Қосып едім екеуін,
Болыпшықты он бақай
Мұғалімнің жетекшілігімен қимыл – қозғалыстарды қайталап, бірге орындайды.
Интерактивті тақтада қаламымен жұмыстанады.
Содан соң өрнектерді салып, қажетті түспен бояйды. 5 – 7 минут
Ноутбукте тапсырма орындайды..
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бағалау кезеңі
Салған әдемі суреттерін принтерде басып шығаруды ұсынамын, оздеріне жұмыстарын көрсетемін.
Балалар бүгін біздер не үйрендік?
Рахмет, Балалар!
Екі топқа сыйлықтарын ұсынамын!
Жұмыстарын көрсетіп, жеке – жеке талдаймыз.
Өздері атап көрсетеді.
сұрақтарын қояды.
Бала нені біледі: - Балалар заттың санын білу керек.
Қандай түсініктерді игерді: сан ұғымын таныстыра отырып, мысалдар арқылы ұғымдарды саналарына қалыптастырады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :ой – ұштарлықтың, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.