Саба?ты? та?ырыбы : Музыкада?ы таби?ат ?уені Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а музыка мен таби?атты? ты?ыз байланысын таныстыру. Дамытушылы? : Шы?армаларын ести отырып, суреттей білуге ?йрету. Т?рбиелік: О?ушыларды ту?ан жерін аялау?а, адамгершілікке т?рбиелеу


Сабақтың тақырыбы : Музыкадағы табиғат әуеніСабақтың мақсаты: Оқушыларға музыка мен табиғаттың тығыз байланысын таныстыру.
Дамытушылық : Шығармаларын ести отырып, суреттей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін аялауға, адамгершілікке тәрбиелеуүСабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмысСабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақта, табиғат суреттері, үн таспа, оқулық,баян аспабы.
Пәнаралық байланыс: Музыка әдебиеті, бейнелеу өнеріСабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру.
Құрал-жабыдықтарын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
1.Қорқақ қоян неден қашты?
2.Ән қандай көңіл күйді білдіреді?
3.Дыбыс күші дегеніміз не?
4.”Көбелек” К.Қуатбаев.Әнді мәнерлеп,көңілді, әдемі орындау.Суретке қарап дыбыс күші арқылы айтып беру.
III. Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу.
Біздің туған жеріміздің табиғаты тамаша.Биік тау, өзен, көл орман тоғайлар кездеседі.Табиғат пен музыка бір-бірімен тығыз байланысты.Композиторлар мен ақындар туған жердің табиғатын шығармаларында жырлаған.Музыкалық шығармалалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады.
IV. Б.Аманжоловтың “Жаңбыр” және М.Сағатовтың “Бұлақ” пьесалары фортопианода орындалған,аудиотаспадан тыңдалады.Екі шығарма табиғаттың әдемі көктем мезгілін суреттейді.Шығармаларды тыңдау барысында балаларға музыкалық әуеннің ақырын және қатты дыбыста орындалатынын үлестірме қағаз арқылы көрсетіледі.
V. Қорытындылау: 1. “Жаңбыр” мен “Бұлақ” музыкасын салыстыр.Қалай орындалады? Тез бе, әлде жай ма? Көңілді немесе көңілсіз бе?
Үйге тапсырма: тыңдалған шығармаға байланысты сурет салу.