Жаным тол?ан жа?сылы? сурет к?рмесі
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп: №212 мектеп-гимназия
Сынып: 3 «Б»
Оқушылар саны: 23
Мерзiм: 28.11.2015ж
Мұғалiм: Садықова Шаттық
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: сынып, акт-зал
Сабақ мақсаты: Жақсылықты көру арқылы түпкі сананы тазарту.
Міндеттері:
Кез келген нәрседен жақсылықты көре білуге үйрену.
Оқушылар бойындағы шығармашылықты және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.
Жақсылық жасауға тәрбиелеу. Ресурстар (түрлі-түсті қалам, қара қалам, сурет дәптер немесе А4 форматты қағаз)
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары .
Көрме ережесімен таныстыру.
Сурет көрмесінің тақырыбы: «Жаным толған жақсылық». Сурет сыныптас, ата-ана, мұғалімнің көмегінсіз салыну керек. Суреттің әдемілігіне емес, мазмұнына көңіл бөлінеді. Суреттер барлық форматта қабылданады.
Шара барысымен түсіндіру.
Суреттер 27.11.2015ж күні сыныпта салынады. Суреттер акт-залында ілінеді. Көрмеге белсене қатысқаны үшін оқушыларға алғыс білдіріледі. Талдау
Іс-шараны өткізудің жоспары.
Тақырыпқа байланысты сурет салу.
Суреттерді акт-залына ілу.
Көрмеге келушілердің әсерлерін ортаға салу.
Оқушыларды марапаттау. Мұғалім_________ Садықова Ш.
Директор ________Садықов А.