Генетика ж?не медицина. Адамны? т??ым ?уалаушылы?ын зерттеу ?дістері. Адамны? кейбір т??ым ?уалайтын ауруларыны? алдын алу ж?не емделу. Резус – фактор.


Күні: _________ Бекітемін:
№29 Пәні: Биология сыныбы : 9
Сабақтың тақырыбы Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емделу. Резус – фактор.
Сабақтың жалпы мақсаты: Білімділік: Оқушыларға адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі мен адам генетикасын зерттеу әдістерін, тұқым қуалайтын ауруларды емдеу мен оның алдын – алу шаралары туралы мәлімет беру
Дамытушылық: психологиялық жағымды орта қалыптастыру, адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі мен адам генетикасын зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: АКТ мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, өзін – өзі бағалау, өзара бағалауды үйрету
Міндеттері Адам – генетикалық зерттеулер обьектісі, шежірелік сызбанұсқа мен конкорданттылық, дискорданттылық және егіздер туралы білім бере отырып, ұжымда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже Адам генетикасының мақсаты және адам генетикасының зерттеу әдістері: генеалогиялық, егіздік, цитогенетикалық әдістері туралы сипаттап, ажырата алады.
Тұқым қуалайтын аурулар және резус-фактор туралы түсіндіріп бере алады.
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс – тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева, А.Аманжолова, интернет материалдары
Сабақтың көрнекілігі Слайдтар, электронды оқулық, биолог анықтамалығы т.б.
Түйінді идеялар Адамның генетикалық негіздері мен генетикалық аурулар туралы білетін болады.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Топтарға бөлу.
Үй тапсырмасы 1.Қызығушылықты ояту.
“Тез ойла” стратегиясы
1. Мутация дегеніміз?
2. Мутация ұғымын қалыптастырған ғалым кім?
3. Г.Де Фриздің 1901 жылы жарияланған еңбегі қалай аталады?
4. Мутация тудыратын факторлар
5. Мутациялар неше түрлі жолмен пайда болады?
6. Плазмогендердің өзгеруіне байланысты болатын мутация.
7. Хромосома құрылымының өзгеруіне байланысты болатын мутация
8. Хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын мутация.
9. ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне
байланысты болатын мутация.
Жаңа сабақ
Мағынаны тану.Топтық жұмыс.
Мәтінді талдап, плакат бетіне түсіріп, қорғау.
Николай Иванович Вавилов
(1887–1943).Ботаник, генетик, географ. Мәдени өсімдіктердің шығу
орталықтарын анықтады. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі
ұқсас қатарлар заңын ашып, дүние жүзінің 40-қа жуық аймағында
экспедициялық зерттеулер жүргізген.
№7 пр ж Өзіне шежіре құру
Шығу тегі жағынан бір бірінежақын тұрған түрлер ментуыстарда болатын мутациялықөзгергіштіктер ұқсас болып келеді.Оны тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңы деп атады.
Адам генетикасын зерттеу әдістері
1. Генеалогиялық әдіс А) Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
2. Цитогенетикалық әдіс Б) Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
3. Егіздерді салыстыру әдісі В) Егіздердің белгілерін немесе аурудың, кемістіктің пайда болуын зерттеу
4. Биохимиялық әдіс Г) ДНҚ – ның құрамын зерттеу
Қорытынды «Екі жұлдыз, бір тілек», Рефлексия
Бағалау Формативті бағалау.Суммативті бағалау
Үйге тапсырма §27 оқу. 120 бет