?мж.Денелерді? ?зара ?рекеттесуі. Масса (7 сынып)
Бекітемін:
Пәні: Физика және астрономия
Қысқа мерзімді жоспар №
Сабақтың тақырыбы : Денелердің өзара әрекеттесуі. Масса №201 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл
Сынып: 7 Сабақтағы оқушылар саны: 20 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтағы оқыту мақсаттары: Оқушылар үйренеді:
1.Денелердің өзара әрекеттесуі құбылысын түсінуі, масса шамасы туралы білуі.
2. Денелердің өзара әрекеттесуіне күнделікті өмірден мысалдар келтіре алуы, масса шамасының физикалық мағынасын түсінуі.
3.Дененің массасын таразының көмегімен өлшей алуы. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар:
Денелердің өзара әрекеттесуі құбылысын түсінеді, масса шамасы туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі:
Денелердің өзара әрекеттесуіне күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады, масса шамасының физикалық мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Дененің массасын таразының көмегімен өлшей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Тілдік мақсаттар Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.
Масса, таразы, грамм, килограмм, тонна.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану
Алдыңғы білім «Қозғалыс » тарауын қайталау
Дерек көздер, ресурстар 1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей
3. Электронды оқулық, 7 сынып
4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы
Жоспар
Жоспар-
ланған мерзім Жоспарланған іс-шаралар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау түрі
Кіріспе
(3мин) Қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлу. Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді Ынталанды
ру
Үй тапсырмасы (8 мин)
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырыптар бойынша бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау
3 мин
Қызығушылығын ояту
Миға шабуыл .
Сұрақтар арқылы
1.Күнделікті өмірде масса ұғымын қай жерде қолданамыз?
2.Дененің массасын қалай өлшейді?
Тақырып бойынша сұрақтар қою. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбын ашады. Негізгі бөлімі
(13 мин)
Мағынаны тану
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
(«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы)
І, ІІ топ. Денелердің өзара әрекеттесуі
ІІІ, ІУ топ. Дененің массасы Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау: Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау. Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Топ спикері қорғайды. Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
5 мин Жұптық жұмыс. Жалғасын тап...
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады
Қорытын-
ды бөлімі
8 мин
Ой - толғаныс
Жеке жұмыс. Есептер шығару Сынып ішіндегі барлық оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды
Кері байланыс
(5 мин)
Маған не қиын болды, не қиын болмады
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, кестеге жапсырады.
Үйге
Жол және орын ауыстыру Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді. Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жұптық жұмыс. Жалғасын тап...
Коньки теуіп жүрген екі бала бірін-бірі қолдарымен итеріп жібереді де, 5 м/с және 3 м/с жылдамдықпен екі жаққа қарай кетеді, қай баланың массасы артық?
__________________________________________________________________________________
Арбалардың массалары 1 кг және 3 кг, олардың жылдамдықтары нөлге тең. Өзара әсерлескенде үлкен арба 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арба қандай жылдамдыққа ие болады?
______________________________________________________________
Масса дегеніміз - _________________________________________________
_____________________________________________________________
4. Салмақсыздық жағдайында иінді таразыны пайдаланып, екі дененің қайсысының массасы артық екенін анықтау мүмкін бе?
5.Су мұзға немесе буға айналғанда су молекулаларының массасы өзгере ме? Жауабыңды түсіндір.
Жеке жұмыс. Есептер шығару
1. Массалардың төменде берілген мәндерін кг арқылы өрнекте:
0,00000003 г = ______________ кг
5,6 т = _____________________ кг
0,7 ц = _____________________кг4890 г = ____________________кг0,667 т = ___________________ кг
= _____________________ кг