Ш?К?РІМ ??ДАЙБЕРДИЕВТІ? ТУ?АНЫНА 155 ЖЫЛДЫ?ЫНА АРНАЛ?АН «ДАЛАМДАЙ ДАРХАН ПІР — Т?Л?АМ» АТТЫ ЖЫР М?Ш?ЙРАСЫ


Уакаева Надира АдиловнаШҚО, Семей қаласы, «Құрылыс колледжі», қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жылдығына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты жыр мүшәйрасы
Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жылдығына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты сыныптан тыс іс-шараның мақсаты:
жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармалары туралы білімдерін жетілдіру.
сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлықтарын, поэзияға деген құмарлықтарын ояту. Сонымен қатар, ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу.
Түрі: Шығармашылық
Әдісі: Өзіндік ізденіс, ой толғанысы, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп айту, сюжеттермен таныстыру.
Көрнекіліктері: Шәкәрім Құдайбердіұлының портреті, буклет, газет, кітап көрмесі

Техникалық құрал – жабдығы: мультимедиалық құрал, слайдтар.
Өту барысыІ. Кіріспе сөз
Оқытушы: Уакаева Н.А
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар мен студенттер! Бүгін біз сіздермен Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жылдығына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты аясында өткізіліп отырған сыныптан тыс іс-шарасына жиналып отырмыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағасынан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді.
Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жылдығына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты жыр мүшәйрасын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі өткізіп отырған жыр мүшәйрасына шақырылған қонақымыз Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ақын студенті Ерланды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Назарымызды экранға аударып, бейнематериалды тамашалауды ұсынамын.
Шәкәрім - өз ойларын өлеңмен өрнектеген ақын. Шәкәрім Абай саясында саналы, талантты ақын болып қалыптасты. Ол Абайдың көз тірісінде–ақ оның данышпан ақын екендігін алғаш танып, өлең өрнектерін арнады.
Алдарыңызда колледжіміздің студенттері Ш.Құдайбердиевтің шығармаларын назарларыңызға ұсынады.
(Күй орындалады).
Тұрсынов Тұрар – Ш.Құдайбердиевтің «Ақындарға» - өлеңі
Толқынқызы Риза - Ш.Құдайбердиевтің «Адамшылық», «Өмір»
Жармұхамбетов Дастан – Ш.Құдайбердиевтің «Жастарға» - өлеңі
Бүгінгі жыр мүшәйрасына әділқазылық ететін әділқазылармен таныстырып өтейін:
1. Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Галымова Р.М
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Расулина Г.Р
3. Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы – Ташкенбаева Л.О
Ендігі кезекті Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жылдығына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты жыр мүшәйрасына қатысушы колледжіміздің ақын студенттерінің қаламынан шыққан толғаныстарға сөз кезегін берейік.
31 МВС тобының студенті Тұрарбаева Ақмарал
41 МСХ тобының студенті Асхан Ақарыс
21 ПГС тобының студенті Ахмадиева Шұғыла
41 МВС тобының студенті Нұрлан Лесбек21 МТ тобының студенті Удерова ГүлнәрОқытушы: Уакаева Н.А
Шәкәрімді тек ақын ретінде ғана бағалауға болмайды. Ол сонымен бірге ойшыл ғалым, сұңғыла шежіреші, дарынды жазушы болған. Ал, ірі таланттың тағы бір ғажайып қыры – сазгерлік қабілеті мен қуатында. Яғни, Шәкәрім Құдайбердіұлы – ғажап сазгер. Ән әлемін байытқан құбылыс десек еш қателеспеспіз. Ол кісінің қай әнін тыңдасаңыз да нәзік мұң мен терең иірімге толы.
Ән «Анадан алғаш туғанымда» Орындайтын: 21 МТ тобының студенті Шолова Сания «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты жыр мүшәйрасына қатысушы студенттердің екінші ілегіне сөз кезегін берейік.
21 МВС тобының студенті Шахимардан Абзал21 ПГС тобының студенті Бекмұрат Арнагүл
21 МТ тобының студенті Шолова Сания21 ПГС тобының студенті Жармұхамбетов Қуаныш
21 ПГС тобының студенті Бейсембекова Арайлым
Шәкәрім Құдайбердиев қазақ прозасының дамуына да едәуір үлес қосты. Шәкәрім Құдайбердиевтің прозалық туындылары – тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары – «Мұсылмандық шарты», «Бәйшешек бақшасы», «Қайғылы роман» т.б. Бұлардың әрқайсысында өзіндік идеялық салмақ бар, бірде адам болмысын, тағдырын жан-жақты суреттеуге, бірде күнделікті өмір құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары арқылы толғамды ой жүйеленуі кездеседі. Қазір назарларыңызға 21 ПГС тобының студенті Мажитхан Ақтоты Ш. Құдайбердиевтің «Әділ-Мария» шығармасының желісі бойынша өз ойын қылқалам арқылы қағаз бетіне түсірген болатын, ал енді сөз кезегін Ақтотының өзіне ұсынайық.
Ән. Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек. Орындайтын: 21 МВС тобының студенті Төстікова Әдия
Жыр мүшәйрасын қорытындылап, ақын студенттерді марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

ІІІ. Қорытынды
Уакаева Н.А:
Біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мынандай түйінді тұжырым жасау бақытына ие болып отырмыз:
Шәкәрім - халық тарихының күрмеуі мол күрделі кезеңінде ғұмыр кешкен, заманның шытырманға толы шындығын талғамның таразысына салып, санасының тезімен саралуға ұмтылған, сол сапарда ұлы ақын ағасы Абай айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз» жолдан өткен, жұртының алдындағы батпандай ауыр міндедеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта жаухар жырлар тудырған тамаша ақын.
Шәкәрім - келешек ұрпағына өнеге - өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.
Шәкәрім - заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы, ойшыл философ.
Шәкәрім - Шығыс пен Батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан талантты аудармашы.
Шәкәрім - Қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалдардың авторы, сырлы жүректі, сергек қаламды публицист.
Шәкәрім - сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің авторы, кеудесі күмбірлеген композитор.
Осынау тұжырымдардың әрқайсысының түп - тамырында Шәкәрімнің сан қырлы талант иесі болғанына көз жеткізерлік айғақтар жатыр.
Ш. Құдайбердиев туралы тереңірек білгілеріңіз келсе, көрмеден әдебиет материалдарымен танысуларыңызға болады.
Ал енді бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамызды қорытындылай келе, осы ұлы данышпандарымызды тудырған Семей қаласы туралы әнмен аяқтағалы отырмыз. Назарларыңызға «Семейім» әні. Орындайтындар 41 МСХ тобының студенттері Жұғағалиев Саят пен Асхан Ақарыс. Қабыл алыңыздар.
Бүгінгі сыныптан тыс іс-шараға қатысып отырған барлық көрерменге және білімпаз студенттерге айтарымыз ұлы бабамыздың өсиет – нақылдары әрдайым сіздердің жолдарыңызды ашып, білімдеріңізге – білім үстей берсін!
Назарларыңызға рахмет!!!