Ашы? саба?: 1200-1800 метрге бір?алыпты ж?гіру 8 сынып
№ 30 Көктөбе орта мектебі
Дене шынықтыру
8 «А» сынып
Тақырыбы:
Мұғалім: Жүзбаев Б. О
Пәні:Дене шынықтыру
Мерзімі:
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: 1200-1800м бірқалыпты жүгіру.
Сабақтың мақсаты: 1) алыс қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету;
2) оқушылардың икемділігін, ептілігін жетілдіру;
3) спортты сүюге тәрбиелеу
Өтетін орны: спорт алаңы
Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
№ Сабақтың барысы Уақы
-ты Әдістемелік нұсқаулар
1 І. Кіріспе бөлім:
Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу; күнделікті спорт жаңалықтары; сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру; техника қауіпсіздік ережесін сақтауды естеріне салу. 5
мин Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару; денсаулығын тексеру
2 ІІ. Дайындық бөлім:
Саптық жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа!», «Алға қадам бас!» бұйрықтарын орындату.
Жүру жаттығулары: қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, екі қол белде өкшемен жүру, аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру, жартылай отырып жүру, қол желкеде, тізені бүгіп жүру.
Жүгіру: аяқты артқа бүгіп жүгіру, қайшылап жүгіру, оң, сол жақ қырымен тіркеле адымдап жүгіру, артпен жүгіру.
Жай жүріс, терең тыныс алып, дем шығару.
Жалпы дамыту жаттығулары: 10
мин Берілген бұйрық бойынша орындау.
Жүгіргенде еркін тыныс алу. Алдыңғы, сыртқы әріптестеріне кедергі жасамау, арақашықтықтың сақталуын қадағалау.
3 ІІІ. Негізгі бөлім:
Үдету арқылы жылдамдықты дамытуға әсер ететін жүгіру жаттығулары:
А-екі әріптестің үдету арқылы бір нүктеге қарама-қарсы жүгіру: Б-әріптесінің артынан қуу: В-қолды ағашқа тіреп,бір орында жүгіру:Д-қолды жоғары көтеріп,дем алу,аяқтың ұшын ұстап,дем шығару.
Оқушыларды 1200-1800 метрге жүгірту.
Жүгіріп келген оқушыларды екі топқа бөліп,
«баскетбол» ойынын ойнату. 25
мин Аяқ пен қол сермеуде қателік жібермеу.
Жүгіргенде өз жолымен жүгіру керек.
Жүгіргенде еркін тыныс алу керек.
4 ІV. Қорытынды:
Оқушының дене қызуын қалпына келтіру;
Сапқа тұру, жеңіл жүрістер;
Бағалау;
Үйге тапсырма. 5
мин Оқушылардың қателерін айту, көрсету, түсіндіру.