Бейнелеу ?нері п?нінен Эпосты? жырлар?а иллюстрация жасау та?ырыбында презентация. Кіріктірілген саба?-6 сынып


Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені КММ 2015 жыл Утегалиев Ержан СпортовичМамандығы: технология және бейнелеу өнері пәндерінің мұғаліміЕңбек өтілі: 4 жыл Санаты: жоқӘдістемелік тақырыбым: «Технология және бейнелеу өнері пәні сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» Батыс Қазақстан облысыБөрлі ауданыАқбұлақ мектеп – балабақша кешені Бейнелеу өнері6 – сынып Кіріктірілген сабақ Сабақтың тақырыбы: Эпостық жырларға иллюстрация жасауСабақтың мақсаты: а)  білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру..ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақСабақтың әдісі: Репродуктивті , түсіндіру, әңгімелесу, затқа қарап сурет салуҚажетті технологиялар: Компьютер, интеративті тақта.Сабақтың көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары, презентация, графикалық материалдарПәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, музыка I.Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу. Көңіл-күйіміз қандай? “Көңіл-күйім жақсы” “Маған бәрі бір” “Көңіл-күйім жаман” Иллюстрация дегеніміз не? Абай кім? кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет ұлы ақын, суреткер II.Өткен материалды қайталау: Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп. Мына өлеңде табиғаттың қай мезгілі суреттелген? Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген? портрет пейзаж графика Эпостық жырларға иллюстрация жасау Жаңа сабақ: Иллюстрация Иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі. түрлі – түсті бояумен салынады латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Эпостық жырлар. Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «Қозы Көрпеш — Баянсұлу», т.б.; 3) Ногайлы дәуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.; 4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.; 5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар. Қобыланды Батыр жыры.   «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылған. Ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Қобыланды Батыр ескерткіші Қызылорда қаласы Видео Тарихтың көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы міндет — Қобыландының жорығы. Батырлық сапары тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, соны тексеріп қарау. Елдің есінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру. Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. К,азан хандығының астанасы болған бүгінгі Еділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді. Қобыланды аттанып барған Қазан екі қала екен дейді, бірі — сырлы Қазан, бірі — қара Қазан. Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты Видео Сергіту сәті Сарамандық жұмыс  Бейнеролик  Қобыланды - ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айдыны болған батыр. Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты. Қобыланды батырдың бейнесі Түрлі түсті суреттер «иллюстро»жарықтандыру сөзінен алған газет суреттері кітап иллюстрациялары плакаттар жарнамалар Сабақты бекіту: Иллюстрация Сөзжұмбақтың сұрақтары: 1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. 2. Мата бетіне сурет салу қалай аталады3. Түрлі-түсті бояумен суреттеу? 4. Табиғатты бейнелейтін жанр? 5. Түстерді зерттейтін ғылым?6. «Қазақ эпосы» кітабына иллюстрация жасаған суретші? 7. Өлең, шумақ? Портрет Батик Иллюстрация Пейзаж Түстану Сидоркин Жыр Қорытынды: Иллюстрация түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру деген сөзінен алынған. Рефлексия Мен білемін Білгім келеді Мен үшін жаналық Үйге тапсырма: Қобыланды батырдың бейнесін аяқтау.Эпостық жырларға иллюстрация жасау. 46 бетті оқу Бағалау:   Назарларыңызға рахмет!